Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстандағы мектеп формасы: ата аналар енді нені білуі маңызды

Қазақстандағы мектеп формасы: ата аналар енді нені білуі маңызды

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қазақстанда орта білім беру ұйымдарындағы мектеп формасына қойылатын талаптар түсіндірілді. Ата-аналарға киім үлгісін кім анықтайтыны, оны қайдан сатып алуға болатыны және отбасыларға қандай көмек қарастырылғаны айтылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Мектеп формасы қандай болуы керек?

Ұлдар мен қыздарға арналған мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді. Оны таңдау кезінде балалардың жас ерекшеліктері, климаттық жағдайлар, сабақ өткізу орны, мектеп ғимаратындағы температуралық режим және қауіпсіздік талаптары ескеріледі.

"Мектеп формасының үлгісін білім беру ұйымы қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті және мектептің өзін-өзі басқару органдарының қатысуымен анықтайды. Ол жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі. Мектеп формасына енгізілетін өзгерістер де осы кеңестермен келісу арқылы қабылданады", - деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігіндегілер.

Ата-аналар мектеп формасын кез келген сауда желісінен сатып ала алатыны және өндірушіні өздері таңдай алатыны атап өтілді. Бұл ретте білім беру ұйымдарына жекелеген өндірушілерге басымдық беруге тыйым салынады.

Кімдерге көмек беріледі?

Халықтың әлеуметтік осал санаттарына жататын отбасылардың балаларына "Жалпыға бірдей міндетті білім беру" қоры аясында мектеп формасын, аяқ киім мен мектеп керек-жарақтарын сатып алу үшін мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

2026/2027 оқу жылы қарсаңында мұндай қолдаумен шамамен 450 мың баланы қамту жоспарланған. Осы мақсаттарға жергілікті бюджеттерде шамамен 23 миллиард теңге қарастырылған.

Форма таңдау кезінде нені ескеру маңызды?

Мектеп формасы қауіпсіздік талаптарына сай болуы тиіс. Атап айтқанда, оның құрамында жарақат келтіруі мүмкін фурнитура мен аксессуарлар болмауы керек.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген ережелерге сәйкес, оқушылардың мектеп ғимаратында бас киіммен жүруіне жол берілмейді.

Мектептер зайырлы сипатта

Оқу-ағарту министрлігінің түсіндірмесінде Қазақстанның жаңа Конституциясына сәйкес дін мемлекеттен бөлінгені, ал білім беру ұйымдарындағы оқыту мен тәрбиелеу жүйесі зайырлы сипатта екені де атап өтілген.

Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар оны киюге бірыңғай тәсілді қамтамасыз етуге, ата-аналардың оң көзқарасын қалыптастыруға және білім беру ұйымдарының белгіленген ережелерді сақтау үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

"Білім туралы" заңға сәйкес, ата-аналар білім беру ұйымының жарғысында белгіленген ережелерді, сондай-ақ міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.

Тағы оқыңыз: БЖБ мен ТЖБ жойыла ма? Қазақстанда мектеп оқушыларын бағалаудың жаңа ережелері ұсынылды

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:162
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Тамыз 2026 15:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see166

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see149

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see149

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see147

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see147

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see146

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see145

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see144

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see144

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see143

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see143

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see143

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see143

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see141

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see141

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see140

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see140

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see140

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see139

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see139
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары