Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Полиция қоғам айнасы: Алматыдағы ЖКО дан кейін генерал мундир намысын қорғады

Полиция қоғам айнасы: Алматыдағы ЖКО дан кейін генерал мундир намысын қорғады

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Сенат депутаты Марат Қожаев үкімет кулуарында Алматыдағы резонанс тудырған жол-көлік оқиғасынан кейін ішкі істер органдарында "ауқымды тазарту" жүргізу қажеттілігі туралы мәлімдемеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

27 наурызда мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек "шенеуніктер мен бизнесмендердің балалары" мәселесін көтерді. Оның айтуынша, олар жол қозғалысы ережесін жүйелі түрде бұзып, жауапкершілікке тартылмайды. Сондай-ақ ол бүкіл ел бойынша полицияны ауқымды тексеруге шақырды.

Сынға жауап

Әріптесінің мәлімдемесіне пікір білдіре отырып, сенат депутаты Қожаев полицияға қатысты жаппай айыптауларды қолдамайтынын білдірді. Айта кетейік, Марат Қожаев бұған дейін құқық қорғау органдарында көп жыл қызмет етіп, ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған.

"Мен құқық қорғау органдары қызметкерлерін жаппай қаралағым келмейді. Өзім қызмет еткен ішкі істер органдарының қатарында адал, антқа берік, қызметін абыроймен атқарып жүрген жандар өте көп, тіпті басым көпшілігі дер едім", - деді Қожаев.

Сенатордың пікірінше, полицияның жұмысы қоғамның жай-күйімен тікелей байланысты.

"Күн сайын көріп жүрсіздер, ішкі істер органдары қызметкерлерінің адамдарға көмектесіп, қолайсыз ауа райында құтқарып, ерлік жасаған сәттерін әлеуметтік желілер мен БАҚ-та өздеріңіз де таратасыздар. Сондықтан бәріне бірдей күйе жағуға болмайды", - деді Марат Қожаев.

Дегенмен, ол қызметкерлердің бір бөлігі "бұл салаға мүлдем басқа мақсатпен келгендер" болып шығатынын айтып өтті.

"Біз полицейлерді бір жерде бөлек, инкубаторда өсіріп жатқан жоқпыз. Олар біздің отбасымызда тәрбиеленіп, біздің мектептерде оқып, біздің жоғары оқу орындарын бітіреді, содан кейін ішкі істер органдарына келеді", - деді Қожаев.

Резонанс тудырған жол апаты мен жылдамдық туралы

Жақында Алматыда болған жантүршігерлік жол апатына қатысты пікір білдіре отырып, Қожаев жолдардағы жағдай туралы да айтты.

"Біз түрлі әдісті қолдандық: жылдамдықты шектедік. 60 шақырымдық шектеу қойылғанда, ең алдымен журналистер қауымы кептеліс болады деп қала билігін қатты сынай бастады. Оны 80-ге дейін арттыруды сұрады", -деп еске салды сенатор.

Ол жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзатын жүргізушілерге қатысты шараларды қатаңдатуды ұсынды.

"Жылына 100, 200, 300, тіпті 450-ге дейін құқық бұзушылық жасайтын адамдар бар. Яғни, ол күн сайын бір қатені қайталап, жеңілдетілген айыппұлмен оп-оңай құтылып кетеді. Осындай жүйелі бұзатындар үшін ойын ережесін өзгерту керек. Ең алдымен — олар үшін айыппұл жеңілдіктерін алып тастау қажет", - деп толықтырды Қожаев.

Ол бұл шара жүргізушілердің басым бөлігіне әсер етпейтінін баса айтты.

"Шын мәнінде жүргізушілердің 95 пайызы заңға бағынатын азаматтар. Бұл тек жол қозғалысы ережелерін елемейтін және өзінің іс-әрекеті өзгелердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін түсінбейтіндерге қатысты", - деді сенатор.

Бұдан бөлек, Қожаев құқық бұзушыларға қосымша әсер ету шараларын енгізуді ұсынды.

"Бәлкім, адам не істеп жүргенін түсінбейтін шығар. Оның санасы мұны қабылдай алмайтын болар. Ондай адамдарды басқа елдердегідей арнайы тесттерге жіберейік", - деп түйіндеді Қожаев.

Айта кетейік, бүгін бұл мәселе бойынша мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек қатаң ұстанымын білдірді.

"Ішкі істер органдарында ауқымды тазарту қажет қажет. Тек ішкі істер департаментінде ғана емес (Алматыда - еск.), бүкіл Қазақстан бойынша. Жоғары лауазымды шенеуніктердің балалары, ірі бизнесмендердің балалары, ішкі істер органдарындағы қызметкерлер "қорғайтын" мұндай мажорлар тек Алматыда ғана емес, басқа өңірлерде де бар, әр өңірде кездеседі", - деді Базарбек.

Мән-жай

21 наурызға қараған түні Алматыда бірнеше адамның өліміне әкеп соққан жол апаты болды. Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында Mercedes пен Zeekr автокөліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты.

Mercedes көлігінің 29 жастағы жүргізушісі мен екі жолаушысы – 20 және 22 жастағы қыздар оқиға орнында көз жұмды. Zeekr жүргізушісі аман қалып, түрлі жарақатпен ауруханаға түсті.

Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баптың санкциясы 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Жаңа деректер

ІІМ ZEEKR автокөлігінің күдікті жүргізушісі сот санкциясымен қамауға алынғанын хабарлады. Бұл ретте апат кезінде оның жеңіл дәреже мас күйде болғаны нақтыланды.

Сонымен қатар, мемлекеттік нөмірлерді заңсыз беру ықтималдығы туралы уәждер бойынша Өзіндік қауіпсіздік департаменті қылмыстық іс қозғаған.

"Ал мемлекеттік нөмір белгілері заңсыз берілуі мүмкін деген уәждер бойынша Өзіндік қауіпсіздік департаменті қылмыстық іс қозғады", - деді Шыңғыс Әлекешев.

Сондай-ақ министрдің бұйрығымен Алматы Полиция департаменті бастығының сыртқы қызметтер мен жол қауіпсіздігін қадағалайтын орынбасары, сондай-ақ әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары қызметтерінен босатылды.

"Заңбұзушылықтар расталған жағдайда апат қатысушылары да, лауазымды тұлғалар да жауапқа тартылады", - деді ІІМ-нің өкілі.

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:133
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Наурыз 2026 12:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары