Пранк үшін әскери киімді заңсыз киген астаналық блогер қамауға алынды
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Қауіпті пранк ұйымдастырған астаналық блогер 10 тәулікке қамауға алынды.
Ол өзін әскери қызметкер ретінде таныстырып, азаматты алдаған.
Видео әлеуметтік желіде тарады.
Бейнежазбада "әскерге шақырылушының" қашуға әрекеттенген кезінде суға секіргені, кейін оның дер кезінде құтқарылғаны көрсетілген.
Кейін бұл көрініс әлеуметтік желіге ойын-сауық мақсатында түсірілген пранк болғаны анықталды. Алайда тәртіп сақшылары осы фактіге қатысты тиісті шаралар қабылдады.
"27 жастағы азамат ұсақ бұзақылық жасап, арнайы нысанды киім мен айырым белгілері бар форманы заңсыз кигені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - дейді полицияда.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Блогер Әділетхан Молдахан қамауға алынды
01 Сәуір 2026 11:27
Аялдамадан өтіп кеткені үшін автобус жүргізушісіне ашуланған астаналық қамауға алынды
13 Шілде 2026 18:04
Астаналық тұрғын полицейді алдап соғып, қамауға алынды
22 Мамыр 2026 13:42
Стрим кезінде есірткіні насихаттаған блогер қамауға алынды
21 Желтоқсан 2025 12:40
Шымкентте мемлекеттік қызметшілерді бопсалаған блогер қамауға алынды
03 Шілде 2026 22:07
Көрілімдер:84
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Маусым 2026 20:55 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















