Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Президент отандастарын Еңбек күнімен құттықтады

Президент отандастарын Еңбек күнімен құттықтады

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жексенбі, 27 қыркүйекте отандастарын Еңбек күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төменде құттықтау мәтіні берілген:

"Құрметті отандастар!
Сіздерді Еңбек күнімен құттықтаймын!

Бұл - қарым-қабілетімен, ақыл-парасатымен және қажырлы еңбегімен қастерлі Отанымыздың өсіп-өркендеуіне зор үлес қосып жүрген түрлі мамандық иелері ұлықталатын, оларға құрмет көрсетілетін мерейлі күн.

Өз ісін жетік меңгерген кәсіби маман болу - қазіргі заманның аса маңызды талабы. Білікті, жауапкершілігі жоғары, еңбекқор және тәртіпті азаматтардың арқасында көптеген елдер, соның ішінде Қазақстан да әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан мол табысқа жетуде.

Әлем халықтарына ортақ "Еңбек - бәрін жеңбек" нақыл сөзінің мәні зор, мағынасы терең. Табанды еңбек - жетістікке жетудің көзі. Адал ниетпен атқарылған әрбір іс - қадірлі, кез келген еңбек - зор құрметке лайық.

Бүгінгі таңда Қазақстан жаңа тарихи кезеңге қадам басты. Алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Конституциямыз және онда айқын көрініс тапқан Әділетті Қазақстан, заңға бағыну, бірлік пен ынтымақ, еңбекқорлық пен ілгерілеу, табиғатқа қамқорлықпен қарау идеялары - еліміздің тұрақты дамуына жол ашатын темірқазық.

Қазір қоғамымызда "Адал адам - Адал еңбек - Адал табыс" атты жаңа этика қалыптасты. Былтыр Жұмысшы мамандықтар жылын атап өттік. Бұл бастама еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттырып, тәлімгерлік дәстүрі мен еңбек әулеттерінің мән-маңызын нығайта түсуге тың серпін берді.

Мемлекет алдағы уақытта да азаматтарымыздың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасай береді. Жастарға кәсіби білім беру, олардың еңбек дағдыларын ұштау, сондай-ақ, өскелең ұрпақтың бойына аға буынның бай өмірлік тәжірибесі мен тағылымын сіңіру - аса маңызды міндет. Жастары жасампаз елдің болашағы да жарқын, дамуы да қарқынды болары айқын.

Біз ынтымағы жарасқан, мақсат-мүддесі ортақ біртұтас ұлт ретінде әділдік, табиғатты аялау, заң үстемдігі, өркендеу құндылықтары және, ең бастысы, еңбекқорлық қасиеті іс жүзінде орныққан ел боламыз. Мен бұған кәміл сенемін.

Құрметті отандастар, баршаңызға мықты денсаулық, амандық және толағай табыс тілеймін!

Еліміз өсіп-өркендей берсін!"

Қазақстанда Еңбек күні жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Бұл мереке еңбектің маңыздылығын паш етіп, дәрігерлер мен мұғалімдерден бастап, зауыттар мен фермалардағы жұмысшыларға дейін - ел игілігі үшін тер төгіп жүрген жандардың үлесін ескеруге арналған. Биыл қазақстандықтар бұл күнді 27 қыркүйекте тойлап жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:62
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қыркүйек 2026 09:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see127

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары