Президент: Қазақстан озық технологияларды медицинаға белсенді түрде енгізіп жатыр
Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Фото: Ақорда
Ақордада өткен жиында Президент «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының бірінші кезеңі сәтті жүзеге асқанын атап өтті.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының бірінші кезеңі сәтті іске асырылды. 2023 жылдан бастап жаңадан 655 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысаны салынды. Биыл 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары аяқталады. Бұл азаматтарды тұрғылықты жерде сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етеді. Елордада және өңірлерде мамандандырылған ғылыми институттар мен көпбейінді ауруханалар, заманауи емханалар және перинатальды орталықтар бой көтеріп жатыр. Дегенмен алдағы жұмыс – ауқымды. Елімізде пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен 14 мыңнан аса нысан әлі де қызмет көрсетіп тұр», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осыған байланысты Президент Үкіметке денсаулық сақтау инфрақұрылымын толық жаңғыртып, материалдық-техникалық базасын күшейту жөнінде тапсырма берді.
Еске сала кетейік, Ақордада медицина қызметкері күніне орай өткен салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, арнайы сөз сөйледі. Президент өз сөзінде медицина саласы мамандарына ел дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, жалпыұлттық референдум кезінде белсенділік танытқан дәрігерлерге ризашылығын жеткізді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:72
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Маусым 2026 23:29 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















