Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Қазақстан шетелдік мамандар мен инвесторлар үшін жаңа ережелер енгізіп жатыр

Қазақстан шетелдік мамандар мен инвесторлар үшін жаңа ережелер енгізіп жатыр

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының көші-қон саясатын жетілдіру туралы Жарлығын іске асыру аясында Үкіметтің жаңа тәсілдерін түсіндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оның айтуынша, бұл – жай ғана өзгеріс емес, толыққанды трансформация. Яғни бұрын негізінен әкімшілік функцияға сүйенген жүйе енді экономикалық дамудың құралына және ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияның бір бөлігіне айналмақ.

– Біз күрделі әрі көп жағдайда шектеулерге негізделген жүйеден бас тартып, ашық әрі икемді модельге көшеміз, – деді Аида Балаева реформаның негізгі бағытын айқындап.

Негізгі мақсат – отандық экономикаға қажет мамандар үшін түсінікті әрі болжамды жүйе қалыптастыру. Шетелдік маман немесе инвестор елге еркін кіріп, кәсіби тұрғыда өзін толық жүзеге асырып, қоғамға жайлы бейімделе алуы тиіс. Үкімет бұл мәселені кешенді, жүйелі міндет ретінде қарап, барлық атқарушы билік деңгейлерінің үйлесімді жұмысын талап ететін бағыт деп бағалайды.

Аида Балаева атап өткен алғашқы маңызды қадам – көші-қон саласында сервистік мемлекет қағидатын қалыптастыру. Мемлекеттік рәсімдер барынша жеңіл, ашық әрі қолжетімді болуы керек.

– Мәртебені рәсімдеу, жұмысқа рұқсат алу және оған байланысты барлық процедуралар әртүрлі мекемелерге қайта-қайта жүгінуді қажет етпейтін, бірыңғай жүйе арқылы жүзеге асуы тиіс, – деп түсіндірді Аида Балаева.

Бұл бағытта «бір терезе» қағидатын кеңейту және негізгі үдерістердің барлығын цифрландыру көзделіп отыр.

Екінші тәсіл – бюрократияны азайтып, әкімшілік рәсімдердің тиімділігін арттыру. Өтініштерді қарау мерзімі қысқарып, рәсімдер оңтайландырылады, бақылаудың цифрлық құралдары енгізіледі.

– Бұл азаматтар үшін де, мемлекет үшін де шығындарды азайтуға мүмкіндік береді, – деді Аида Балаева.

Үшінші бағыт – адами капиталды басқарылатын түрде тарту моделіне көшу. Мұнда «Алтын виза» негізгі құрал ретінде қарастырылып отыр. Ол инвесторлар мен жоғары білікті мамандар үшін тұрақты әрі ұзақ мерзімді жағдай қалыптастыруға бағытталған.

– Өндіріс немесе инфрақұрылым саласында жобаны жүзеге асыратын шетелдік инвесторға елде тұрақты жұмыс істеуге және қызметін жүргізуге қолайлы жағдай жасалады. Ал инженерия, IT немесе медицина саласындағы мамандар үшін елде заңдастырылып, жұмыс істеу рәсімдері жеңілдетіледі, – деп мысал келтірді Аида Балаева.

Реформаның төртінші маңызды бағыты – кәсіби біліктіліктерді тану рәсімдерін жеңілдету арқылы еңбек нарығының икемділігін арттыру. Бұл, әсіресе, маман тапшы және жоғары технологиялық салаларға қатысты. Біліктілікті растау мерзімі бірнеше айдан әлдеқайда қысқа уақытқа дейін қысқартылады, бірақ сапа мен қауіпсіздікке қойылатын барлық талаптар сақталады.

Сонымен қатар мемлекет реттеу деңгейін төмендетпейді.

– Барлық реформалар институционалдық тұрақтылықты күшейту және цифрлық бақылауды дамыту аясында жүзеге асырылып жатыр. Реттеу бұрынғыдан да дәл, нақты әрі технологиялық сипатқа ие болады, – деп атап өтті Аида Балаева.

Стратегиялық тұрғыда бұл Жарлық Қазақстанның инвестиция, технология және адами капитал үшін жаһандық бәсекедегі позициясын күшейтуге бағытталған. Бұл – білімге негізделген экономиканы қалыптастыру және елдің сапалы өсімін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды міндеттің бір бөлігі.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Мамыр 2026 14:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары