Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ақмола облысында тоғыз шетелдік турист тауда жоғалып кетіп, құтқарушылар аяғынан тік тұрды

LRT ға екі аптада 1 миллион жолаушы мінген

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

Тоқаев қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Қазақстанда жаңа туған сәбилерге негізгі жауапкершілік педиатрларға қайта жүктеледі

ПСЖ Чемпиондар лигасын қатарынан екінші жыл жеңіп алды

Ақтауда қоғамдық қауіпсіздікті робот иттер күзетеді

Көкшетауда пәтер ішінде жалғыз қалып кеткен бала құтқарылды

Украиналық дрон ЗАЭС тің ғимаратына соғылды

Халықаралық автожолдың Жамбыл облысындағы екі учаскесінде жылдамдық шегі өзгерді

Қызыл кітапқа енген керқұландар табиғатқа жіберілді

Трамп жаңа мәлімдеме жасады: Иран ядролық қарудан бас тартуы мүмкін

Цифрлық трансформация Еуразиялық ықпалдастықтың басым бағыты

Ресейден ел аумағына 200 тоннадан астам бүлінген астықты алып кірмек болған

Қашағанда маусымға жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары кейінге қалдырылды БАҚ

Әр бала бақытты болуға лайық

Лондондағы Мисс Кәусар

Путин: Ресей Украина бойынша келіссөзден ешқашан бас тартқан емес

40 градус ыстық: жаздың алғашқы күнінде қай өңірлерде ескерту жасалды

Қарағандыда екі үндістандық студент суға батып кетті

Президент Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы заңға қол қойды

Президент Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы заңға қол қойды

Zakon.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Аталған ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Сонымен қатар, Президент "Қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды.

Жаңа заңдардың егжей-тегжейін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жариялады.

Агенттік заңдарды Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірледі және оларда технологиялық өзгерістер, экономиканы қаржыландырудағы банк секторының рөлін арттыру, бәсекелестікті арттыру және нарыққа жаңа қатысушыларды тарту, сондай-ақ қаржылық технологияларды ілгерілету және цифрлық активтер айналымын ырықтандыру мәселелері ескеріледі.

Банктер туралы заңдағы банк қызметін реттеудің негізгі мақсаты банк жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Банктер туралы жаңа заң Қазақстандағы банктік реттеу мен қадағалаудың бес жылдық реформасының қисынды аяқталуы болды және қаржылық орнықтылықтың, бәсекелестіктің, цифрландырудың және тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қазіргі халықаралық стандарттарына көшуді бекітті. Заң банк секторын институционалдық трансформациялау, қадағалау және реттеу моделін жаңғырту нәтижелерін көрсетті.

Реформа шеңберінде қолданыстағы реттеуге ауқымды ревизия жүргізілді. Іс-қимылды қадағалаудың заманауи тәсілдері енгізілді, банктердің төлем қабілетсіздігін реттеу тетіктері жаңғыртылды, корпоративтік басқару нормалары жаңартылды. Сонымен бірге реттеуді ырықтандыру, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, банк жүйесінің орнықтылығы мен ақпараттық қауіпсіздік талаптары арасындағы теңгерімді сақтай отырып, банк секторын технологиялық дамыту және инновацияларды енгізу үшін жағдайлар жасалады.

Жаңа Заңда алты негізгі бағыт көзделген.

Бірінші. Банк қызметін тепе-тең реттеуді енгізу.

Шоғырлануды төмендету және бәсекелестікті дамыту үшін базалық және әмбебап лицензияларды енгізу арқылы банк қызметін лицензиялауға қойылатын талаптарды ырықтандыру көзделеді.

Бұл тәсілдің мақсаты – ірі банктердің ғана емес, сол сияқты нарыққа жаңа қатысушылардың дамуын қамтамасыз ететін орнықты әрі бәсекелес ортаны қалыптастыру.

Базалық лицензия әмбебап лицензиядан рұқсат етілген операциялар көлемі мен реттеушілік талаптар деңгейі бойынша ерекшеленеді. Базалық банктік лицензиясы бар банктер үшін активтердің ең жоғары мөлшері мен меншікті капиталдың ең аз мөлшеріне шектеулер белгіленеді.

Базалық лицензиясы бар банктерді қадағалау және оларға қойылатын пруденциялық талаптар жеңілдетіледі. Жыл сайын жасалатын қадағалап бағалау процесі жеңілдетілген түрде қолданылады, инспекциялар жүргізу кезеңділігі және берілетін есептілік қысқартылады.

Екінші. Қаржылық-технологиялық секторды дамытуды ынталандыру және цифрлық қаржы активтерін реттеу.

Заң жобасының негізгі жаңалығы – активтердің жаңа класы ретінде цифрлық қаржы активтерін реттеуді енгізу және олардың Қазақстан аумағындағы айналымына рұқсат беру. Цифрлық қаржы активтерінің үш түрі енгізіледі:

Біріншіден, базалық активі ақша болып табылатын цифрлық қаржы активтері, яғни стейблкоиндер. Стейблкоиндерді шығару,айналысқа жіберу жәнеөтеутәртібіне,шарттарына қойылатын талаптардыҰлттықБанкайқындайды.

Екіншіден, базалық активі қаржы құралдары, қаржы активі, мүліктік құқықтар, тауарлар немесе өзге де мүлік болып табылатын цифрлық қаржы активтері.

Үшіншіден, цифрлық платформада электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдары.

Агенттікке стейблкоиндардан басқа, цифрлық қаржы активтерін шығару, айналысқа жіберу және өтеу тәртібіне, шарттарына қойылатын талаптарды белгілеу өкілеттіктері беріледі.

Цифрлық қаржы активтерін цифрлық платформалар операторлары шығаратын болады. Бұл операторлар – қаржы нарығының жаңа субъектілері, олардың қызметіне лицензияны Ұлттық Банк беретін болады.

Цифрлық қаржы активтеріне қолданыстағы қаржы құралдары үшін белгіленген ұқсас талаптар, оның ішінде тәуекелдерді басқаруға, ақпаратты жария етуге және инвесторлардың құқықтарын қорғауға қатысты талаптар қойылатын болады.

Бұдан басқа, Заң шеңберінде цифрлық активтердің басқа түрін реттеу көзделген. Бұл қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер, яғни криптовалюталар. Криптовалюталарды айырбастайтын ұйымдарды құру көзделеді. Олардың қызметіне Ұлттық Банк лицензия береді және реттейді.

Инвесторларды қорғау үшін Ұлттық Банк айналысқа рұқсат етілген криптовалюталардың тізбесін, сондай-ақ криптовалюта айырбастаушылардың операциялары бойынша лимиттер мен шектеулерді белгілейтін болады.

Кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында криптовалюта айырбастаушылар мен цифрлық активтер нарығының инфрақұрылымдық қатысушылары қаржылық мониторинг субъектілерінің тізбесіне енгізіледі.

Сондай-ақ Заң жобасында банктердің экожүйелер шеңберінде инновациялық қаржы өнімдерін дамыту, банк қызметіне озық технологияларды енгізу және банктердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қаржылық-технологиялық компаниялардың капиталына инвестициялау мүмкіндіктері кеңейтіледі. Банктерге цифрлық технологиялар, электрондық коммерция, киберқауіпсіздік, биометрия, жасанды интеллект және телекоммуникация салаларында еншілес компанияларды құру және сатып алу құқығы беріледі.

Банктердің еншілес ұйымдары шетелдік қаржы және лизингтік компанияларға инвестиция сала алады. Еншілес сақтандыру ұйымдарына шетелдік сақтандыру брокерлерін, медициналық мекемелерді құруға және халықаралық сақтандыру синдикаттарына қатысуға рұқсат етіледі.

Түзетулердің едәуір блогы ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған. Оған ашық банкинг жүйесі, мобильді төлемдер мен төлем карточкалары жүйесі, ұлттық төлем жүйесі, сәйкестендіру деректерін алмасу орталығы және цифрлық теңге кіреді.

Цифрлық теңгенің ұлттық валютаның жаңа нысаны ретіндегі мәртебесі заңнамалық түрде бекітіледі. Цифрлық теңгенің айналысы және оны пайдалану тәртібін Ұлттық Банк айқындайды.

Үшінші. Исламдық банкингті дамыту.

Қаржыландырудың балама тетіктерін дамыту үшін әмбебап банктерге қолда бар лицензия шеңберінде исламдық банк операцияларын жүзеге асыру құқығын беру көзделеді.

Бұл нормалар банктерге жеке банкті құрмай, өз құрылымында арнайы бөлімшелер құру арқылы исламдық өнімдерді ұсынуға мүмкіндік береді.

Исламдық қызметті ұйымдастырушылық тұрғыдан оқшаулау, активтер мен міндеттемелерді бөлек есепке алу және басқару, жеке қызметкерлерді бөлу, сондай-ақ қаржы өнімдерін бекітетін және аудит жүргізетін шариғатқа сәйкестік жөніндегі кеңестің болуы көзделген.

Төртінші. Іс-қимылды қадағалаудың тәуекелге бағдарланған жүйесін енгізу.

Тәуекелге бағдарлану қағидаттарында іс-қимылды қадағалаудың толыққанды моделін енгізу көзделген.

Жаңа модель іс-қимыл тәуекелдерін басқару жүйесін құруды көздейді. Оған іс-қимыл тәуекелдерін басқару стратегиясы, қаржы өнімдерін бағалау бойынша тәуелсіз бөлімшелер құру, қаржы өнімдерін басқару бойынша, қаржы өнімдері туралы тұтынушыларға толық және шынайы ақпаратты жеткізу бойынша қаржы ұйымдарына қойылатын талаптар, сондай-ақ тұтынушылардан кері байланысты талдау кіреді.

Жосықсыз практикалардың тізбесі бекітіледі, атап айтқанда қызметтерді мәжбүрлеу, нақты құнын жасыру және жаңылыстыратын ақпаратты тарату. Агенттікке тұтынушылардың мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін өнімдерді сатуды тоқтату бойынша өкілеттіктер беріледі.

Банк, сақтандыру және микроқаржылық қызметтер бойынша қаржы омбудсманының бірыңғай офисін құру көзделеді. Омбудсманның шешімдерін қаржы ұйымдары орындауға міндетті. Бұл азаматтардың жолданымдарын қараудың біркелкілігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Тұтынушылардың құқықтарын тиімді қорғау үшін дауларды сотқа дейін реттеудің үш деңгейлі жүйесі енгізіледі. Шағымдарды бастапқыда қаржы ұйымдары қарайды, одан кейін қаржы омбудсманына және Агенттікке жүгінеді.

Бесінші. Төлемге қабілетсіз банктерді реттеудің жаңа тетігін енгізу.

Халықаралық практикаға сәйкес келетін жаңа тетік банктердің төлемге қабілетсіздігін реттеуге кешенді тәсілді және үйлестірілген ведомствоаралық өзара іс-қимылды көздейді. Бұл тәсіл халықаралық стандарт болып табылады, оны жетекші қаржылық реттеушілердің көпшілігі, оның ішінде Еуропалық Одақ, АҚШ, Ұлыбритания енгізді.

Біріншіден, реттеу тетігі дағдарысқа қарсы үш режимнен тұрады: күшейтілген қадағалау, қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру және төлемге қабілетсіз банкті реттеу. Режимдердің өзгеруі алдын ала белгіленген триггерлер бойынша жүзеге асырылады, бұл реттеушінің уақтылы әрекет етуін және олардың болжамдылығын қамтамасыз етеді.

Екіншіден, банктердің қаржылық жағдайының нашарлауын болдырмау үшін жаңа құралдар, яғни қалпына келтіру жоспарлары және реттеу жоспарлары енгізіледі. Бұл құжаттар банкті дағдарысты жағдайдан шығару және төлем қабілетсіздігін болдырмау бойынша жан-жақты шараларды айқындайды. Жоспарларды әзірлеу және жыл сайын жаңарту банктердің, сол сияқты реттеушінің де міндеті болады.

Үшіншіден, банк төлемге қабілетсіз деп танылған жағдайда, оның қызмет етуін реттеу мен бағалаудың нақты рәсімі белгіленеді.

Жүйелік емес банктер үшін банкті жаңа инвесторға сату, активтер мен міндеттемелерді, оның ішінде тұрақтандыру банкіне беру, сондай-ақ міндеттемелерді капиталға айырбастау құралдары көзделген. Жүйелік маңызы бар банктер үшін олардың міндеттемелері есебінен шығындарды игерудің жаңа тетігі көзделеді. Бірінші кезекте акционерлік капитал есептен шығарылады, яғни банк акционері банкке иелік етуді толығымен жоғалтады. Одан кейін аталған тетік шеңберінде басқа кредиторлардың барлық міндеттемелері есептен шығарылады. Бұл шаралар қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру үшін әлі де жеткіліксіз болса, мемлекеттің капиталға кіру мәселесі қаралуы мүмкін.

Бұл туралы шешімді Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңес банктің қаржылық тұрақтылыққа әсерін, сондай-ақ халық пен бизнес салымдарының сақталу қажеттілігін ескере отырып қабылдайды.

Мемлекеттің қатысуы уақытша, өтеулі және көлемі бойынша шектеулі болады. Банк акционерлері мен басшылығын ауыстыру, дивидендтер мен бонустар төлеуге тыйым салу, тәуекелді операцияларды шектеу және қаржылық қалпына келтіру жоспарын іске асыру сияқты талаптар қойылады.

Қаржылық орнықтылық қалпына келгеннен кейін банк жаңа инвесторға сатылады, ал салынған мемлекеттік қаражат бюджетке қайтарылады.

Мемлекетте шығындар туындаған жағдайда, оларды өтеу банк саласы есебінен қамтамасыз етіледі. Бұл әділ және тепе-тең жауапкершілік қағидатын көрсетеді, оған сәйкес банк жүйесін тұрақтандыруға жұмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджет пен салық төлеушілерге емес, нарыққа қатысушыларға жүктеледі.

Алтыншы. Банктерді реттеуді жетілдіру.

Тәуелсіз директорлар шешімдерінің объективтілігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін олардың институтын күшейту көзделеді. Тәуелсіз директорлардың тәуелсіздігіне қосымша талаптар енгізіледі, сондай-ақ директорлар кеңесінде болудың ең көп мерзімін 9 жыл деп белгілеу көзделеді.

Сонымен бірге халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалардың тізбесі кеңейтіледі.

Уәжді пайымдау тетігін қолдану кеңейтіледі. Тәуекелдер, ішкі аудит және комплаенс бөлімшелерінің басшыларына қойылатын талаптар белгіленеді.

Сонымен бірге ескірген және қайталанатын нормалар алып тасталды, ал барлық қаржы ұйымдарының акционерлері мен басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар бір ретке келтіріліп, Қаржы нарығын мемлекеттік реттеу туралы заңға ауыстырылады.

Заңды Парламентте қарау барысында кредит берудің ашықтығын арттыруға, қарыз алушыларды қорғауға және қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылдың электрондық нысандарын дамытуға бағытталған нормалар қосымша күшейтілді.

Банктер туралы жаңа Заңдағы өзгерістер банк жүйесінің қаржылық орнықтылығын арттыруға, ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге, бәсекелестікті дамытуға және қаржы секторындағы инновацияларды ынталандыруға ықпал ететін болады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:114
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қаңтар 2026 15:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ақмола облысында тоғыз шетелдік турист тауда жоғалып кетіп, құтқарушылар аяғынан тік тұрды

30 Мамыр 2026 15:58see114

LRT ға екі аптада 1 миллион жолаушы мінген

31 Мамыр 2026 13:16see111

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

30 Мамыр 2026 12:16see111

Тоқаев қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

31 Мамыр 2026 10:39see109

Қазақстанда жаңа туған сәбилерге негізгі жауапкершілік педиатрларға қайта жүктеледі

30 Мамыр 2026 13:30see109

ПСЖ Чемпиондар лигасын қатарынан екінші жыл жеңіп алды

31 Мамыр 2026 13:03see109

Ақтауда қоғамдық қауіпсіздікті робот иттер күзетеді

31 Мамыр 2026 16:50see108

Көкшетауда пәтер ішінде жалғыз қалып кеткен бала құтқарылды

30 Мамыр 2026 09:44see108

Украиналық дрон ЗАЭС тің ғимаратына соғылды

31 Мамыр 2026 12:20see106

Халықаралық автожолдың Жамбыл облысындағы екі учаскесінде жылдамдық шегі өзгерді

31 Мамыр 2026 20:13see106

Қызыл кітапқа енген керқұландар табиғатқа жіберілді

30 Мамыр 2026 16:57see106

Трамп жаңа мәлімдеме жасады: Иран ядролық қарудан бас тартуы мүмкін

31 Мамыр 2026 11:28see106

Цифрлық трансформация Еуразиялық ықпалдастықтың басым бағыты

30 Мамыр 2026 13:45see105

Ресейден ел аумағына 200 тоннадан астам бүлінген астықты алып кірмек болған

30 Мамыр 2026 12:00see105

Қашағанда маусымға жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары кейінге қалдырылды БАҚ

30 Мамыр 2026 20:32see104

Әр бала бақытты болуға лайық

30 Мамыр 2026 13:44see104

Лондондағы Мисс Кәусар

30 Мамыр 2026 13:48see104

Путин: Ресей Украина бойынша келіссөзден ешқашан бас тартқан емес

30 Мамыр 2026 21:48see101

40 градус ыстық: жаздың алғашқы күнінде қай өңірлерде ескерту жасалды

31 Мамыр 2026 16:00see101

Қарағандыда екі үндістандық студент суға батып кетті

30 Мамыр 2026 19:06see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары