Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Жапанда жалғыз дерлік қыстайтын шопанның бір күні фоторепортаж

Жапанда жалғыз дерлік қыстайтын шопанның бір күні фоторепортаж

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

- Қытайдан елге оралғанда 19 жаста болдым. Келе сала бала-шағаның қамы үшін мал баға бастадым. Шынымды айтсам, бұрын бағып көрмегем. Осында үйрендім. Сөйтіп, мал бағып келе жатқаныма 20 жылға жуықтап қалыпты, - деп бастады әңгімесін Бақтыбек Қалымхан.

Тауы да, суы да бар Сарыөлеңнің табиғаты өзіне майдай жаққанын айтады. Даласы жазық, қар қалың жатпайды. Қыста малды атпен, жазда мотоциклмен жаяды. Малдан бөлек, отын жару, от жағу, қора тазалау сынды шаруасы көп.

- Басқа жұмысқа бару жайлы ойламаппын да. Өзіме ұнайды. Қыста сағат 6-да, жазда 4-5-те тұрамын. Шәйімді ішіп алып, малды қорадан шығарамын. Содан күн бата бір-ақ келемін, - дейді шопан.

Фото: Ботакөз Кенжеханқызы/Kazinform

Далада жалғыз жүргенде ойға шомып кететінін, көбіне отбасының қамын, жақындарының жағдайын ойлайтынын жеткізді.

- Малшы үшін ең ауыр мезгіл – қыс. Аязы, қары, бораны бар дегендей. Ал көктем шыққан соң жеңілдейді. Жаз да жайлы. Қыста ақтүтек боранда қалған кездерім болған. Мал жүрмей қойып, адым жер мұң болып, әбден қиналдым. Әйтеуір дегенде аман-есен жеттік-ау. Қыстың жаманы сол, боранды күні үйден шыққанда малды, малмен кері қайтқанда үйді таба алмай сенделіп кетесің, - дейді Бақтыбек Қалымхан.

Фото: Ботакөз Кенжеханқызы/Kazinform Фото: Ботакөз Кенжеханқызы/Kazinform Фото: Ботакөз Кенжеханқызы/Kazinform

Қыстаққа қасқыр шапқанын да көрген. Жыртқыштың аяқ астынан малға тиіп, мазаны қашырып тұратын кездері жиі болмаса да, бірнеше рет ұшырасқан.

- Қайдан шыққанын білмей де қаласың. Мал үріккенде ит-құстың келгенін біліп, лезде сол жаққа қарай шабамын. Малдың арасына кіріп, қасқырды үркітемін. Талқандаған қойы болса сол жерде бауыздаймын, - дейді малшы.

Фото: Ботакөз Кенжеханқызы/Kazinform

Сөз арасында «малшының бір күндік ас-ауқаты қандай?» деп сұрадық.

- Мал бағып жүргеннен шығар өзім күнде ет жеймін (күліп). Таңертең де, түсте де, кешке де - ет. Тек қасындағы гарнир ғана ауысып тұрады, - дейді.

Оның айтуынша, малшы болу үшін еңбекқорлық, шыдамдылық, төзімділік керек. Бұл кәсіп екінің бірінің қолынан келмейді.

Фото: Ботакөз Кенжеханқызы/Kazinform

Малшылар көктемді асыға күтетінін айтады, себебі жайма-шуақ күндер бойды ғана жылытып қоймайды, ойды да сергітеді.

- Көктемде бәйге, көкпар өткізіп, бір серпіліп, демалып қаламыз. Қыстан аман шыққанымызды тойлатып дегендей. Өзім де көкпар тартамын. Ойынды көруге келетін адамның да қарасы қалың болады. Ұлттық спорт қой. Біздегі қызық осы, - деп сөзін аяқтады шопан.

Фото: Ботакөз Кенжеханқызы/Kazinform
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:210
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Ақпан 2026 22:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see132

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see131

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see130

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see120

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see120

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see117

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары