Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Иран Израиль қақтығысы: мұнай бағасы өседі, теңге әлсіреуі мүмкін

Иран Израиль қақтығысы: мұнай бағасы өседі, теңге әлсіреуі мүмкін

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Иран мен Израиль арасындағы шиеленіс ушығып, Ормуз бұғазы маңындағы жағдай әлемдік нарыққа әсер ете бастады. Сарапшылар бұл қақтығыс ұзаққа созылса, мұнай тасымалы қиындап, баға өсетінін айтады. Экономист Сапарбай Жобаевтың пікірінше, мұндай өзгерістер Қазақстан экономикасына да жанама ықпал етеді – мұнай бағасы қымбаттап, теңге бағамы әлсіреуі ықтимал.

Экономистің айтуынша, Ормуз бұғазы жабылған жағдайда әлемдік нарықта ірі тапшылық туындайды.

– Мұнай бағасы тағы да көтеріледі, өйткені Ормуз бұғазы жабылғаннан кейін Еуропаға қажетті мұнайдың 30 пайызы жеткізілмейді, Қытайда да сұраныс артады, сәйкесінше баға өсуі мүмкін. Бұл жағдайдың қанша уақытқа созылатыны күмәнді болып тұр. Өйткені Венесуэлада да жағдай аздап тұрақтала бастады. Онда қазір коммунистер келгенге дейінгі кезеңмен салыстырғанда үш есе аз мұнай өндіруде, - дейді Сапарбай Жобаев.

Сарапшы сөзінше, инвесторлар бұл көлемді қалпына келтіруге бір жыл жеткілікті деп айтуда. Одан бөлек, Иран мен Израиль арасындағы қақтығыс Палестинадағыдай созылмалы жағдайда қала беруі мүмкін.

– Өйткені хезболла, хусит, хамас – бәрі жақтастар деуге болады. Анау айтқандай түбегейлі өзгерістер болады деп ойламаймын, демек, сәйкесінше, мұнай тасымалы мен өндірісі қиындай түспек. Қазіргі таңда мұнай бағасы барреліне 81–82 доллар болса, шектік баға 90 доллар төңірегінде тұрақталуы мүмкін, – деді экономист.

Сонымен бірге сарапшы мұнай бағасы бұрынғыдай 120 долларға жетпейді деген пікірде. Оның сөзінше, әлемдік сұраныс біршама бәсең, ал Қытай мен Еуропа баламалы бағыттарға көшіп жатыр.

– Мұнайға деген әлемдік сұраныс анау айтқандай жоғары деңгейде емес, қазір Еуропа оның орнына баламалы энергия көздерін қолдануда. Қытай да Ресей мұнайына деген тәуелдігін азайтып келеді. Сол себепті өткен жылдардағы секілді барреліне 120 доллар болатын күн туады деп ойламаймын, – деп сөзін жалғады ол.

Сапарбай мырза Қытай бұл соғыста қандай позиция ұстануы мүмкіндігіне тоқталды. Оның долбарына сүйенсек, Қытай өз экономикасын әртараптандырумен өте қатты шұғылданып отыр.

– Украинамен соғыста Ресейді қалай қолдап отырған болса, Иранға да сол секілді тек қару-жарақпен қолдау көрсетуі мүмкін. Ондағы мақсат – Иран бірден күйреп қалмауы керек. Дегенмен өзі бұл соғысқа араласпайды. Араласатын болса, Қытай Тайвань мәселесін әлдеқашан шешер еді. Себебі ол үшін АҚШ-пен тыныш сауда жасау өте маңызды. Ресеймен сауда-саттығы 3–4 пайыздың шеңберінде болса, АҚШ-пен саудасы 18–20 пайыз аралығында. Өзінің ішкі сұранысы да өте жоғары, сонымен ғана шектелуі мүмкін, – дейді экономист.

Жобаевтың пікірінше, мұнай бағасының өсуі теңге бағамына да әсер етеді.

– Қазір елімізде долларсыздандыру саясатының нәтижесін көріп жатырмыз. Өткен жылы доллардың орташа бағамы 530 теңге болатын, отандық экспорттаушыларға сол тиімді болар еді. Бүгінгідей деңгейге түскені – уақытша үрдіс. Жыл соңы мен басында есеп беру кезеңі жүреді, жазға қарай Ұлттық банк теңгелік интервенция жасап, бұл көрсеткішті 530–550 теңгеге жеткізуі керек. Қазір теңгені 18 пайызбен жинап алып жатыр, бұл қаржы қайтадан қор биржасына шығады да, долларға сұраныс өсіп, бағам көтеріледі. Тіпті оған жеткізбесе, Ұлттық банк өз қызметін орындамады деуге болар еді. Өйткені мұндай курс Қазақстан экономикасына тиімді. Мәселен, 1 млн долларға экспорт жасаған кәсіпорын қазір 495 млн теңге алып отыр, ал 535 млн теңге алуы керек еді, – дейді ол.

Сарапшы Иранмен сауда байланыстары да күрт әлсірей қоймайтынын айтады.

– Иранмен арадағы байланысымыз жақсарып келе жатқан болатын. Біз Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болсақ, Иран бақылаушы болып кірді. Ресеймен де қатынасы жақсы. Біздің көптеген өнімдерімізге сұранысы артып келе жатқан мемлекет еді. АҚШ Иранмен сауда жасамау туралы талап қоймаса, отандық өнімдерге деген сұраныс азаймайды. Қазақстан оларға металл, бидай, ұн, өсімдік майы, ет секілді азық-түлік өнімдерін жіберіп отыр. Климаттық жағдайына байланысты онда азық-түлікке сұраныс жоғары. Халқы 85 млн болғандықтан, біз үшін бұл үлкен нарық. Ал біз Ираннан жеңіл өнеркәсіпке қажетті құрал-жабдықтар мен жеміс-жидек алатынбыз. Соғыс жалғасқан күннің өзінде екі ел арасындағы сауда-саттық азая қоймайды. Кейбір сарапшылар босқындар ағылуы мүмкін дейді, бірақ бұл негізсіз. Ар жағында дамыған Еуропа тұрғанда, халық одан да қиын жағдайға келмейді. Барса, Еуропаға барып, 600 доллар жәрдемақы алып өмір сүру тиімді, – деп түйіндеді экономист.

Демек, Иран-Израиль арасындағы қақтығыс тек Таяу Шығысты ғана емес, мұнай бағасы арқылы Қазақстан экономикасын да жанама түрде ықпал етуі мүмкін. Сарапшылар мұнай бағасы 90 доллар төңірегінде тұрақтауы ықтимал екенін айтады, ал бұл теңге бағамына және экспорт кірісіне тікелей әсер етпек.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:179
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Наурыз 2026 22:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see133

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see131

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see131

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see127

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see127

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see127

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see125

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see124

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see123

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see123

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see121

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see121

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see120

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see120

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see120

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see119

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see118

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see118

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see117

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары