Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Президенттің былтырғы жолдауы қалай орындалды

Президенттің былтырғы жолдауы қалай орындалды

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Келесі айда мемлекет басшысы жыл сайынғы жолдауын жариялайды. Сол кезде үкіметке жаңа міндеттер жүктеледі. Былтыр да Тоқаев министрлер кабинетіне біраз тапсырма берген. Осы уақытқа дейін ауқымды шаралар атқарылды. Қателіктер де жоқ емес. Sputnik Қазақстан бір жылдың ішінде жолдау жүктеген міндеттердің қалай орындалғанын зерделеп шықты.

Цифлық ел боламын десек...

Былтыр президент өз жолдауын өте маңызды стратегиялық мақсаттан бастаған болатын. Оған сәйкес, Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек. Тоқаев ол үшін, ең алдымен, Цифрлық кодексті тезірек қабылдауға тапсырма берген.

Цифрлық кодекс қабылданды. Бұл құжат жасанды интеллект пен басқа да цифрлық технологияларды дамытудың құқықтық негізін қалап отыр. Атап айтқанда, азаматтардың цифрлық құқықтары бекітілді. Әрбір адам жеке деректерін басқаруға құқылы. Ал мемлекет пен бизнес жеке мәліметтерді жинап сақтаудың нақты ережесіне бағынуға міндетті. Бұдан бөлек, жасанды интеллектіні қауіпсіз енгізу қағидаттары жазылған.

Банктер туралы заң не үшін керек?

Тоқаев банктердің ақшасын экономикаға барынша тартудың тиімді тәсілдерін табуды тапсырған. Ал банктер туралы заң осы бағыттағы маңызды қадам болуы қажет. Президенттің бұл тапсырмасы орындалды. Жылдың басында банктер туралы заң қабылданған болатын.

Негізгі өзгерістер:

банктерге лицензия беру тәртібі өзгерді;

цифрлық қаржы активтерінің айналымына рұқсат берілді;

криптовалюта айырбастау пунктерін ашуға болады;

цифрлық теңге ұлттық валютаның жаңа формасы ретінде бекітілді;

банктер исламдық қаржы өнімдерін ұсына алады;

кредитке қатысты дауларды реттеудің үш сатылы жүйесі енгізілді;

банк жүйесінің тұрақтылығы үшін банктердің өздері жауапты болады.

Цифрлық теңгені қайда енгізді

Қазіргі кезде цифрлық теңгені ұлттық қор есебінен жобаларды қаржыландыру кезінде пайдаланады. Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алулар мен бюджеттік жоспарлау саласына біртіндеп енгізіп жатыр. Осылайша, жұмсалатын қаржының бақылауға мүмкіндік бар.

Былтырғы жолдау кезінде президент цифрлық теңгені республикалық және жергілікті бюджетте, сондай-ақ, мемлекеттік холдингтердің бюджетінде пайдалануға болатынын айтқан. Қазақстанда цифрлық активтердің толыққанды экожүйесін тезірек қалыптастырған жөн.

Ерекше қаланың мәртебесі

2025 жылғы жолдауда Alatau City-дің арнаулы мәртебесін де заңды түрде бекітуге тапсырма берілген болатын. Конституциялық заң биыл наурыз айында қабылданды.

Заңға сәйкес, "Alatau City Authority" деген жаңа мемлекеттік орган құрылады. Оның негізгі бағытын премьер‑министр басқаратын кеңес айқындайды. Ал әкімшілік жұмысты Бас атқарушы директор жүзеге асырады. Кеңес қаладағы негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайды және әкімшілік актілерді бекітеді.

Алатауда барлық негізгі қызметтер цифрлық форматта жұмыс істейді. Сонымен қатар, криптобиржа, токенизация сияқты цифрлық активтерді реттеу мүмкіндігі қарастырылады.

2-ші АЭС не болды?

Былтырғы жолдауда президент екінші, тіпті үшінші атом электр станциясының құрылысын жоспарлай беру керектігін айтқан.

Бүгінде екінші АЭС салынатын жер белгілі. Оны да Балқаштың жағасында тұрғызады. Себебі алдағы уақытта бір атом электр станциясы оңтүстік облыстардың қажеттіліген өтей алмайды.

Екінші АЭС "Мойынқұм" деп аталады. Оның құрылысына қытайлық China National Nuclear Corporation (CNNC) тартылуы мүмкін.

Қайтарылған жер толығымен таратылды ма

Тоқаев қайтарылған жерлерді қайта бөлу жұмысын да сынған алған болатын. Себебі жартысынан көбі таратылмай жатқан.

Ресми мәліметке сәйкес, 2022 жылдан мемлекет меншігіне 15,5 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылды. Биыл қыркүйек айына дейін 13,5 млн гектары ауыл тұрғындары мен фермерлер арасында таратылды. Соның ішінде 5,5 млн гектары малды жайлауға, ал 8 млн гектарын кәсіпкерлерге конкурс арқылы бөліп берген.

Президенттің айтуынша, жер иесіз қалмауға тиіс. Оны тек жердің қадірін білетін азаматтарға беру керек

Жер цифрлық форматта беріле ме

2025 жылғы жолдау кезінде Тоқаев ауыл шаруашылығы жерлерін беру тәсілдерін түбегейлі өзгертуді де тапсырған. Атап айтқанда, жерді бөлуге қатысты шешім цифрлық форматта, электронды конкурстар арқылы қабылдануға тиіс.

Үкімет бұл тапсырмаға қатысты шараларды 2027 жылға жоспарлап қойды. Келесі жылдан бастап ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару мен қайта бөлу жұмысы толығымен электронды форматқа ауыстырылады. Ал фермерлер бірыңғай цифрлық картасынан бос учаскелерді таңдап, онлайн өтініш бере алады.

Үкіметтің қателігі

Былтыр мемлекет басшысы әуемен тасымалданатын жүк көлемін екі есе арттыру мәселесін қозғаған. Ал осы міндетті ұлттық жүк тасымалдаушы компаниясы орындауға міндетті. Үкімет бір айдан кейін ҚТЖ-ға қарасты KTZ Express компаниясы негізінде "KTZ Air Cargo" ұлттық жүк компаниясын құрған.

Жаңа компанияға мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады деген жоспар да болған. Алайда осы жылдың басында президент бұл шешімді сынға алып, үкімет оны орындауға қауқарсыз болса, жеке құрылымдарға берсін деген.

Биыл Turlov Private Holding компаниясы KTZ Air Cargo-ның акционерлері құрамына енді. Премьер-министрдің айтуынша, қазан айында алғашқы жүк борты Қазақстанға жеткізіледі.

#Жүк тасымалдайтын дрондар

Бір жыл бұрын президент әлемде пилотсыз жүк тасымалдайтын арнайы автокөліктер мен дрондар сияқты көлік түрлері дамып жатқанын айтқан. Үкімет осындай технологиялардың тез арада қолданысқа енгізілуіне барынша жағдай жасауы қажет.

Биыл пилотсыз жүк көліктері Мәскеу мен Астана арасында жүк тасымалдап көрген. Бұл жобаны Путиннің Астанаға жасаған сапары кезінде таныстырған.

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, келесі жылдан бастап ЕАЭО-ның басқа елдерімен де сынақтар жүргізіледі.

Ал дронмен тауар тасымалдау жобасын Астанадағы Болашақ ойындары кезінде көрсеткен. Бірақ бұл қызметті әлі жаппай енгізіп жатқан жоқ.

Құрылыс кодексі ұзақ талқыланды

Былтыр Тоқаев жылдың соңына дейін Құрылыс кодексін қабылдауды тапсырған. Мәжілістегі талқылау кезінде кодекс жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Бірақ екі фракция бұл құжатты қолдаған жоқ. Дегенмен, 2026 жылдың басында президент оған қол қойды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, жаңа Құрылыс кодексінің оң нәтижелері аз емес. Ең бастысы, құрылыс нарығындағы монополия төмендетіліп, бәсекелестікке қолайлы жағдай жасалады.

Жақында Тоқаев Қазақстанды үлкен құрылыс алаңына айналдыру қажеттігін мәлімдеді.

Судың бірыңғай цифрлық платформасы

2025 жылғы жолдауда президент су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын іске қосуға тапсырма берген. Негізгі мақсат – жасанды интеллект негізінде жерүсті және жерасты сулары туралы мәліметті жинақтау. Сонда гидрогеология мониторингі, яғни бақылау жұмысына қатысты мәселе толық шешімін табады.

Су ресурстары және ирригация министрлігі бұл тапсырманы тура бір жыл бойы орындады. Биыл 8 қыркүйекте министрлік сайтында су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесінің өнеркәсіптік пайдалануға берілгені туралы ақпарат жарияланды.

Мектеп пен жасанды интеллект

Тоқаев мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект негіздері туралы бағдарламаны және оқу материалдарын да әзірлеуді тапсырған болатын. Биыл жаңа оқу жылынан бастап мектепте екі пәннің атауы өзгертілді.

1-4-сыныптарға арналған "Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект" пәні (бұрынғы "Цифрлық сауаттылық");

5-11-сыныптар арналған "Информатика және жасанды интеллект" пәні (бұрынғы "Информатика").

Оқушылар медиасауаттылық, цифрлық қауіпсіздік, дербес деректерді қорғау және жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалану негіздерін меңгереді.

Бұдан бөлек, Тоқаев жасанды интеллект технологиясы негізінде "Qazaq Digital Mektebi" атты шағын жинақты мектеп үлгісін әзірлеуді тапсырған. Бұл жобаны пилоттық режимде биыл қыркүйек айында іске қосу жоспарланған болатын.

Лайықты зейнетақы

Президент берген тағы бір тапсырма – зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын нығайту. Үкімет зейнетақы төлемдерінің ұзақ уақыт бойы теңгерімді және лайықты деңгейде болуын қамтамасыз ету шараларын ойластыруы керек болған.

Министрлер кабинеті алдымен 2026 жылдың басында зейнетақы жинақтарын алудың ең төменгі жеткіліктілік шегі орта есеппен 10%-ға өскен болатын. Ал маусым айында ол шекті екі есеге көтеріп жіберді.

Биыл 7 қыркүйектен бастап қазақстандықтар Бірыңғай зейнетақы қорында жиналған ақшаны толығымен сенімгерлік басқаруға бере алады. Бұған дейін тек 50 пайызын аударуға рұқсат болған. Бұл да зейнетақы шотындағы ақшаны көбейтуге арналған шара.

Электросамокаттар мәселесі

Былтыр Тоқаев электросамокаттар мәселесін де көтерген. Президенттің айтуынша, әрбір азаматтың, әрбір баланың өмірі қымбат.

"Бұл мәселеде ұсақ-түйек деген болмайды. Түптеп келгенде, мұның әрқайсысы – Қауіпсіз Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадамдар", - деді президент 2025 жылғы жолдауында.

Биыл электросамокаттарға қатысты маңызды шектеулер енгізілген болатын. Олар:

тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен жүрмеу;

18 жаста болу;

кез келген санаттағы жүргізуші куәлігінің болуы;

қорғаныс шлемін пайдалану;

қараңғы уақытта жарық шағылыстыратын элементтерді қолдану.

Футбол клубтары жеке меншікке өтті ме

Мемлекет басшыс футбол клубтарын жекешелендіру жұмысын да тездетуді тапсырған болатын.

Қазіргі кезде Қазақстан чемпионатының жоғары дивизионында ойнайтын футбол клубтарының басым бөлігі жеке меншікке өтті. Бірақ "Астана" клубын жекешелендіру жұмыстары ұзарып кетті.

Айта кетері, футбол клубтары жеке меншікке өтсе де, мемлекет бюджетінен қаржы алып жатыр. Бірақ қаржы тікелей емес, мемлекеттік сатып алулар арқылы беріледі. Оны кезең-кезеңмен қысқарту жоспарланған.

Парламенттік реформа

2025 жылғы жолдаудың басты жаңалығы – парламенттік реформа. Бұл реформа жаңа Конституцияны қабылдауға себеп болды. Ал жалпыхалықтық референдумның нәтижесінде Ата заңымыз 84 процентке жаңарды.

Негізгі өзгерістер:

бір палаталы жаңа Парламент – Құрылтайды құру;

вице-президент институтын енгізу;

Қазақстанның Халық Кеңесін құру;

адвокаттық қызметке және адвокатураға арналған арнайы бапты алғаш рет бекіту;

зияткерлік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз ету;

азаматтардың құқықтарына кепілдік беруді күшейту (жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күшіне жол бермеу, құқық бұзушылық үшін қайтадан жауапқа тартпау);

кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз ата-анасына қарау міндеті;

"Миранда ережесін" бекіту.

Бұдан бөлек, парламент Конституцияға өзгеріс енгізе алмайды. Ондай шешімдер тек жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданады. Ата заңның қалай өзгергенін мына жерден оқуға болады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:85
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қыркүйек 2026 20:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see153

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see149

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see141

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see139

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see137

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see137

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see136

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see135

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see128

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see126

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see121

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see121

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see116

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see112

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see111

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see111

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see110

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары