Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Президенттің Ресейге мемлекеттік сапары халықаралық оқиға

Президенттің Ресейге мемлекеттік сапары халықаралық оқиға

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Президенттің Ресейге мемлекеттік сапары – халықаралық масштабтағы оқиға.

Көрші елдің сыртқы істер министрінің осылай сыр тартуы бекерден бекер емес. Себебі геосаяси тербелісте Орталық Азияға, соның ішінде Қазақстанға көзқарас өзгергенін сарапшылар да айтады. Қазір өлшем өзгеше. Мемлекеттер басшыларының кездесуіне «саяси екпін, экономикалық есеп» деп мән беріліп жатыр. 

Көршінің бірлігі жарасса тірлігі де оңады. Іргедегі Ресей ірі сауда серіктес. Сан солай деп сөйлейді.

Тараптардың тауар айналымы 28 млрд долларға жетті. Рекордтық көрсеткіш. Ал тартылған инвестиция 26 млрд доллардан асты. Тек былтыр 4 млрд доллар қаржы құйылған. Біздің нарықтағы шетелдік үлесі бар 42 мың кәсіпорынның 20 мыңнан астамы ресейлік. Жалпы сомасы 22 млрд долларға жуық 114 жоба іске асырылған.

Бекнұр Қисықов, экономист:

- Ресеймен қарым-қатынасымызды нығайта беру керек. Әлбетте біздің өз ұстанымымыз бар. Егеменді ұстанымымыз бар. Сондықтан біздің ұстанымымыз прагматикалық түрінде болу керек деп ойлаймын. Біз ешқандай елмен қарым-қатынасымызды жоғалтпаймыз. Біз әр елмен өзімізге пайдалы жағын қараймыз. Инфрақұрылым, логистика, транспорт жағынан. Және оңтүстік-солтүстік дәліз деген бар. Тіпті Ресей жақтан көп тауарлар Қытайға барады. Оның бәрінен біз пайда аламыз.

«Көршіні ешкім таңдамайды, құдай қосады». Оның үстіне елдің сыртқы саясаты көп векторлы. Айналамызды айтпағанда, кәрі және сары құрлықпен де аралас-құраласпыз. Түйіндей келе мемлекеттік сапардың мәнін бір ай бұрын Душанбеде екі ел басшыларының өзі тәпсірледі. 

ЦИТАТА

 Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті

- Бұл сапар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарға тың серпін береді деп ойлаймын. Қазақстан мен Ресейді шын мәнінде мәңгі одақтастық, стратегиялық серіктестік және достық қарым-қатынастар байланыстырады.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

- Екі ел арасындағы байланыстардың сипаты ерекше. Бұған Сіз бен біздің достығымыз ғана ықпал етіп отырған жоқ. Өйткені Қазақстан мен Ресей посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үдерістерге бастамашы болып келе жатқаны белгілі.

Қазақ пен орыс құрлық әрі теңіз арқылы шектеседі. Жердегі шекарасы 7 мың 600 шақырымға жуықтаса, Каспиймен араны 86 шақырым жалғап жатыр. Жалпы, елдің сыртқы саясаты сан қырлы.

Нұрболат Нышанбаев, халықаралық қатынастар бойынша сарапшы:

- Мысалы, Қытай бағытында экономика тұрғысынан қалыптасса, Ресеймен әдетте қауіпсіздік және саяси бағытта байланыстар нығайған. Ал Америкамен сирек кездесетін металлдар, технология, инвестиция, логистика салаларын қамтып отыр. Бұл біздің 20-жылы сыртқы саясат доктринасында қабылданған көп векторлы сыртқы саясаттың тарамдары. Осылай менің ойымша, тек Қазақстан емес, Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы саясатында күштер теңгерімі қалыптасады. Және бұл қазіргідей геосаяси аумалы-төкпелі кезеңде мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стратегия деп баға берсем болады.

Тараптар азық-түлік қауіпсіздігін қамтуда да тең құқылы әрекет ете алады. Өйткені екі ел де егінге бай. Астық экспортынан жаһанда ондыққа кіреді. Әлемдегі егіс алқаптарының 10 пайызы, ал жайылымдық және шабындық жерлердің 9 пайызы осы екеуге тиесілі. Сондай-ақ өңіраралық ынтымақтастық форумы да өтіп тұрады. Ресейдің 76 өңірі Қазақстан облыстарымен тікелей әріптестік байланыс орнатқан. Сондықтан шарттық-құқықтық база үнемі жетіліп, толықтырылып отырады. Үкімет аралық 60-тан аса келісім бар.

Нұрболат Нышанбаев, халықаралық қатынастар бойынша сарапшы:

- Ресейдің қазіргі жағдайы мен Ресейдің мемлекет ретіндегі рөлін екіге бөліп қарастыруымыз қажет. Себебі ұзақ мерзімді алғанда солтүстігімізде Ресей, оңтүстікте Қытаймен байланысымызды мемлекеттің мүддесі үшін тиімді пайдалана алсақ ол үлкен мүмкіндік. Соңғы кезде Ресейге жасалып жатқан түрлі ақпараттық шабуылдар, Ресеймен жасалған экономикалық мүмкіндіктердің фундаментін бұза алмайды. Себебі бізде сауда жолдары, темір жолдары, дәстүрлі түрде 100 жыл көлемінде Ресеймен өте тығыз байланысқан болатын.

Мәселен, «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін қолданып, сыртқы нарыққа бірігіп шығуға болады. Сауда-саттық, экономикалық байланыс, логистика мен энергетика және қоршаған ортаны қорғау мен климаттың өзгеруіне қарсы күрес те күн тәртібіндегі мәселе. 

Нысаналы Ығылов

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қараша 2025 02:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары