Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Саясаттанушылар Тоқаевтың Ресейге сапары қаншалықты маңызды екенін айтты

Саясаттанушылар Тоқаевтың Ресейге сапары қаншалықты маңызды екенін айтты

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Қазақстандағы іскерлік қарым-қатынас жаңа бағытта өрбіп жатыр. Сыни емес, реалистік көзқараспен қараса, шекаралас мемлекеттердің қарым-қатынасы жоғары деңгейге көтерілді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне қазақстандық саясаттанушылар айтты.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге іс-сапармен барды. Саясаттанушылардың айтуынша Қазақстан мен Ресей арасындағы іскерлік қарым-қатынас жаңа бағытта өрбіп жатыр.

Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыс – ортақ мұра

Саясаттанушы Қазыбек Майгелдиновтың пайымынша Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігінің пайдасы мол.

© Sputnik / Айдана ДайыроваҚазыбек Майгелдинов

Қазыбек Майгелдинов

© Sputnik / Айдана Дайырова

"Президент Ресей мемлекетіне екі күндік іс-сапармен барды. Оның нәтижесін дұрыс бағалағанымыз дұрыс. Геосаяси, реализм тұрғысынан қарайтын болсақ, біріншіден, біз екіжақты қарым-қатынастағы тарихи контексті шынайылықпен байланыстыруымыз керек. Ол дегеніміз не? Екі мемлекет арасындағы 7600 шақырым – картадағы сызық емес. Бұның астарында экономикалық сабақтастық жатыр. Бізде 170-тен астам бірлескен жоба, 50 млрд доллардан астам инвестиция, 30 млрд доллардан астам сауда қатынасы бар. Бұны бір деп қойыңыз. Сонымен қатар демографиялық тұрғыдан өзара байланыс, мысалы 3,5 млн қазақ Ресейде, 4 млн орыс Қазақстанда тұрады", - дейді Қазыбек Майгелдинов.

Ауылы аралас, қойы қоралас қос мемлекетті екі бөліп тастау әсте мүмкін емес, дейді ол.

"Шекаралық ортақ аймағымыз бар. Сол жердегі аумақтар да өзара сабақтасқан. Сондай-ақ инфрақұрылымдық интеграция: газ қорлары, электр желілері, темір жол торабы, мұнай тасымалы саласында да тығыз байланыс орнатылған. Сондықтан осы тұрғыдан алғанда бұл ортақ мұра, біз осыны түсінуіміз керек. Бұны қанша өзгерткіміз келсе де, ол мүмкін емес. Біздің басты мақсатымыз – оны басқара білу. Басқа әлемге көшіп кете алмаймыз, шекарамызды тарс еткізіп жауып тастай алмаймыз. Сыни тұрғыдан айта беруге болады, бірақ мұндай нәрсенің неге әкеліп соғарын әлем көрсетіп отыр. Сондықтан бұл жерде екіжақты қарым-қатынасты қалай басқара аламыз деген басты мәселеге бас қатыру керек", - дейді саясаттанушы.

Екіжақты қарым-қатынасты үш деңгейде қарастыру керек, дейді саясаттанушы. Біріншісі – қауіпсіздік өлшем, экономикалық өлшем, әлеуметтік мәдени өлшем.

"Қауіпсіздік өлшем дегеніміз – Ұжымдық қауіпсіздік шарт жүйесі. Бұл біздің қауіпсіздік архитектурамыздың бір негізі. Қазіргі таңда әскери диверсификациямызды жалғастырып жатырмыз. Түркиямен де қорғаныс саласында серіктестік орнаттық. Олардан дрон алатын болдық, Қытаймен әскери ынтымақтастық оқу-жаттығуларын өткізіп жатырмыз. Солтүстік Альянспен де бейбітшілік бойынша серіктестікті дамытуға кірістік", - дейді Қазыбек Майгелдинов.

Қазақстан көршісінің бақшасына көз алартып, бағына тас атпайды. Мақсаты сол – татулықты ту етіп, болашаққа нық қадам басу.

"Экономикалық өлшемді алсақ, бұрын сауда-саттық саласында Ресей бірінші орында болса, қазір Қытай. Бірақ Ресейдің өлшемі бар, біз Еуразиялық экономикалық қауымдастық арасында нарығымызды дамытып отырмыз. Шикізат экспортында да Ресеймен тығыз байланыстамыз. Ресей серіктес ретінде маңызды", - дейді қазақстандық саясаттанушы.

Әлеуметтік мәдени салада тығыз байланыстамыз. Осы жолғы Ресей мен Қазақстан басшыларының кездесуі – осы салаларды барынша нығайтып, татулық мен әлеуметтік жағдайға тағы бір қада қағу.

"Түрлі геосаяси жағдайда Қазақстан Ресеймен серіктес ретінде қарым-қатынасты үзбейді. Үшіншісі – бұл стратегиялық шара, бұл орайда біз тәуелсіз шешім қабылдап жатырмыз. Вашингтонмен келісімге қол қойдық, бес күн өткен соң Ресеймен декларацияға қол қойдық. Яғни көпвекторлық саясаттың жүзеге асып жатқанын көрсетіп отырмыз. Біз Ресеймен де, Батыспен де серіктеспіз. Ешкімнің тәуелсіздігіне нұқсан келтірмейміз", - дейді саясаттанушы Қазыбек Майгелдинов.

Оның айтуынша, бұл жерде көлік, атом-энергетика саласы, басқа да түрлі мәселелер қарастырылды. Соның ішінде технологиялық мәселелер де бар, мысалы ғарышты дамыту саласындағы серіктестік те дамып келеді.

"Біз баланс сақтап, экономикамызды диверсификациядан өткізіп отырмыз, осыны барынша түсінуіміз керек. Серіктестік бағытта геосаяси шахматтағы басты қадамымызды толықтай жасап отырмыз. Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас – еліміздің сыртқы саясатындағы стратегиялық бағыт, бұл бағыт ары қарай да жалғаса береді", - дейді ол.

Көрші елдердің қарым-қатынасы жаңа деңгейге көтерілді

Айта кетері, Ресей мемлекеті Қазақстан президентін аса құрметпен қарсы алды. Бұл Қазақстан мен Ресей арасындағы іскерлік қарым-қатынастың жоғарғы деңгейін көрсетеді, дейді саясаттанушы Толғанай Үмбеталиева.

© Sputnik / Айдана ДайыроваТолғанай Үмбеталиева

Толғанай Үмбеталиева

© Sputnik / Айдана Дайырова

"Бұған дейін Қазақстанның статус жағынан төмендігі байқалса, қазіргі уақытта дипломатиялық, саяси тұрғыдан Қазақстан өзін жоғарғы деңгейде көрсетуде. Ресей тарапынан бұл жоғары бағаланып отыр. Ресейде қандай да бір мәселе туындаса, Тоқаев үнемі дипломатиялық тұрғыда қолдау білідіреді. Қазақстан мен Ресей арасындағы жаңа декларация екі ел арасындағы қарым-қатынастың жаңа бір деңгейге көтерілгенін көрсетеді. Біз қазір бірдей серіктеспіз, осы іс-сапар Қазақстанның халықаралық деңгейдегі орнының биік екенін көрсетті", - деп толықтырды саясаттанушы.

Іс-сапар бағдарламасы өткен жылғы Путиннің Қазақстанға іс-сапары негізінде өрбіп жатыр. Ресми әрі, ресми емес кездесулер, бейнеконференциялар өтті. Екі елдің басшылары бірігіп, осындай үлкен іс-шара өткізуді дәстүрге айналдырып отыр, дейді саясаттанушы.

"Негізі көптеген хаттама жасалды. Бірақ бұндай дипломатиялық кездесулер бұрын болмаған. Екі елдің бір-біріне деген құрметін айқын көруге болады. Екі елдің де дипломатиялық деңгейі өте жоғары. Менің ойымша мұндай кездесулерден кейін Еуропа елдеріндегі басқа мемлекеттер де өзара қарым-қатынасты дамыту үшін осындай қадамға барады деп ойлаймын. Бұған дейін Макрон мен Шольц келді, бірақ жұмыс сапарымен ғана келген болатын. Егер біз саяси салада серіктестікті дамытатын болса әлемдік деңгейде өзіндік орнымыз болары анық", - дейді Толғанай Үмбеталиева.

Қазақстандық саясаттанушылардың пікірінше, Қазақстан мен Ресей арасындағы мұндай серіктестік пен сыйластық басқа елдерде дами қойған жоқ.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қараша 2025 17:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see161

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see145

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see140

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see134

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see130

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see129

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see128

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see126

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see126

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see126

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see125

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see124

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see121

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see120

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see115

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see111

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары