Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Психологиялық күйзеліс ауру атаулыға себепші

Психологиялық күйзеліс ауру атаулыға себепші

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Түрлі тері ауруларының пайда болуына күйзеліс, инфекция, гормондық өзгерістер, антибиотиктер мен қоршаған ортаның әсері бар. Алайда бұған тереңірек үңілмес бұрын, медицинасы дамыған елдердің өзінде де тері диагнозын нақты қою оңай емесін атап өткен жөн. Себебі көптеген аурудың белгілері ұқсас болып келеді, бұл тіпті тәжірибелі мамандарды да жаңылыстыруы мүмкін.

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

Айта­лық, газетіміздің өткен нөмір­ле­рінің бірін­де шашыраң­қы склероз­­дың кәдімгі ұмытшақ­тық­қа қатысы жоқ кесел екені туралы материал жарияладық. Адам ағза­сындағы орталық жүйке жү­йе­сіндегі жүйке талшықтарын қор­ғайтын миелин деген зат болады. Шашыраңқы склероз кезінде иммундық жүйе миелинді бөгде зат деп есептеп, оған шабуыл жасай бастайды. Ғалымдар иммун­дық жүйенің миелинге не себепті «өшігетінін» түпкілікті нақтылай алмай келеді. Осыған ұқсас жайттар медицинада жиі кездеседі.

Жақында «Денсаулық» ұлттық қауымдастығы диабет аурулары мен күйзелістің бір біріне тікелей әсері туралы ақпарат таратты. Зерттеулерді Ирланд ғалымдары Еуропаның 18 елінде 50 жастан асқан пациенттер арасында жүргізген. Қазірде ауқымды жиындардан бастап, кішігірім баспасөз мәслихаттарында түрлі ауру-сырқауларға қатысты көп кеселдерді күйзеліс, өмірден түңілу мен торығу оятатыны жиі айтылады. Иммунсебепті, аутоиммунды, сирек кездесетін аурулардың диагностикасы, жаңа препараттар туралы жиында да осы мәселе жан-жақты сөз болды.

Мысалы, аутоиммунды кесел­дердің қатарына жататын бір ғана псориазды алайық. Жеке меншік дерматологиялық емханаларда емделіп жүргендерді қоспағанның өзінде, елімізде 7 мыңдай адам ресми осы аурудан зардап шегіп жүр. Бірақ көп жағдайда пациенттер білікті мамандарға барудың орнына, өз бетінше емделіп уақыт жоғалтып жатады. Псориаз – емделетін ауру. Қабыршақты жараларды орамалмен жасырғанмен, жазылып кетпейді. Денесінің көрінетін жерінде пайда болған псориаз, витилигодан қысылып, көппен араласудан қалған, жұмысқа тұра алмай жүрген жап-жас адамдар бар. Біраз ауруды ұзаққа созылған жан күйзелісі қозғайды десек те, кейде алты айлық шақалақта да псориаз пайда болады екен.

«Иммунделдалды аурулар: пациенттердің тәжірибесі және медицина, қоғам мен мемлекет диалогі арқылы емдеу көз­қа­растары» атты жиынға псо­риаз, псориаздық артрит пен қабынбалы ішек ауруларымен жылдар бойы алысып, шипасы мен маманын тапқан жандар да қатысты. Сарапшылар елімізде диспансерлік есепте псориаз диагнозымен 7 мыңдай па­циент тіркелгенін, қабынбалы ішек ауру­лары бар шамамен 10 мыңдай адам мамандардың бақылауында тұрғанын атап өтті. Нақты статистиканы алға тартуға дұрыс диагностиканың жеткіліксіздігі мен кәсіби медициналық көмектің кешеуілдеуі кедергі болып отыр.

Әрбір иммунделдалды дерт­тер­дің артында диагнозын жылдар бойы іздеген, сенімсіздік пен қорқынышқа тап болып отыр­ған­дар­дың тағдыры тұр. Псориаз, псориаздық артрит, қабынбалы ішек аурулары сияқты кеселдер пациенттердің өмірлерін түбе­гей­лі өзгертіп, үлкен кесірін тигі­зеді.

Медиа-кездесуде еліміздің Дермато­венерология және дер­мато­косметология қауым­дас­тығының президенті, Астана қала­сының штаттан тыс Бас дер­матовенерологі Гүлнар Бат­пенова иммунделдалды ауру­лар – иммундық жүйе ағзаның өз жасушаларын зақымдап, жылдар бойы өкшелеп қалмайтын со­зылмалы кеселдерге айналаты­нын айтады. «Бірақ бүгін­гі емдеу әдістері ауруды бақылауға алып, пациенттердің өмірін жақсартуға мүмкіндік береді. Әрі асқындырмай қойылған диагностика мен ем-домға қол­жетімділік шешуші рөл атқа­рады. Сондықтан алғашқы бел­гі­лер пайда болған кезде пациент қайда жүгіну керектігі мен елі­міз­де қандай емдеу мүм­кін­дік­тері бар екенін білгені аса маңызды», дейді ол.

Келелі кеңесте созылмалы диаг­нозбен өмір сүретін адам­дар­ға қолдау көрсетіп жүрген, диагноз қойылған күннен бастап, кеселдің беті қайтқанға дейінгі күрделі жолдан жүріп өткен пациенттік қауымдастық өкілдері де сөз алды. Осы кеселді өз басынан өткергеннен кейін LUPUS Kazakhstan аутоиммундық ауру­лары бар пациенттерге көмек көрсету қорының негізін қалаған Жанна Базарова: «Жүйелі қызыл жегі деген аутоиммундық дертке шалдыққан кезімде, білгім келген ақпараттың жоқтың қасы екеніне көзім жетті. Осыдан кейін пациенттерге дұрыс мағлұматтар тауып, қолдау сезініп, үмітін жоғалтпауға мүмкіндік беру мақсатында қор аштым», дейді.

Қазір қор волонтерлері па­циенттерді дұрыс бағыттап, оқу-ағарту шараларын ұйым­дас­тыруға болысып, заңгерлік, психологиялық, әлеуметтік тұрғыда көмек алуға жәрдемдесіп жүр. Осы арада мына мәселенің де басын ашып айта кету керек. Бүгінде псориаз, қызыл жегі сияқты атауы көп иммундық кеселдерден инновациялық пре­параттардың көмегімен құты­луға болады. Ең бастысы бұл – тегін. Егер пациент өз бетінше емделетін болса, оған жылына 5-6 миллиондай қаражат қажет. Сол тұрғыда осы медиа-кездесуге мұрындық болып, инновациялық медицина жөнінде мемлекетпен етене жұмыс жүргізіп отырған «Johnson & Johnson» компаниясы күн тәртібіндегі мәселеде барлық тараптың арасындағы диалогтің маңыздылығын атап өтті. Оның ішінде БАҚ та үлкен рөл атқара алады.

Көп жағдайда псориаз немесе ІҚА-ның алғашқы белгілері байқал­ған адамдар қайда жү­гіну, қандай дәрігерлерге бару керек­тігі мен денсаулық сақ­тау жүйесінде қандай көмек түр­лері, кезеңдері барын біле бермейді. Егер теріңізде қышыну, қабыр­шақтану, қызару пайда болғанын байқасаңыз, өршімей тұрғанда уақыт оздырмай тір­кеуде тұрған емханаңызға барып, терапевтке, болмаса жалпы практика дәрігеріне жүгінген жөн. Емханаңызда дерматолог бар болса, ол бірден тексеру, емдеу әдістерін тағайындайды. Жергілікті жерде тар бейінді мамандар табылмаған жағдайда терапевт тері-венерологиялық диспансеріне әрі қарай тексерілуге жолдама береді. Дерматолог сіз­дің нақты клиникалық жағ­да­йыңызбен танысады, диагнозды нақтылау қажет болған жағ­дайда медициналық талдаулар жүр­гізеді. Диагноз расталғаннан кейін псориаздың көріну дәре­жесіне қарай тиісті терапия та­ғайын­далады.

Мамандар айтып отырғандай, жеңіл дәрежелі псориаз кезінде зақымданған терінің аумағы шағын, бөртпелер бірен-саран болуы мүмкін. Алайда бет, бас терісі, жыныс мүшелері, алақан, табан, тырнақтардың зақымдануы байқалмайды. Дәрігерлер орташа, ауыр дәрежелі псориаз кезінде зақым келген терілердің аумағы айтарлықтай ұлғайып, көзге бірден түсетін белгілері пациенттің өміріне айтарлықтай кері әсер ететінін, бет, бас терісі, жыныс мүшелері, алақан, табаны мен тырнақтары қабыршақтанып, буындарында да кесел пайда болатынын ескертеді.

Кейінгі жылдары осы топтағы ішек қабынуы ауруларына шалдыққан науқастар қатары көбейе бастаған. 2018 жылдан 2023 жылға дейін Крон ауруы 555-тен 1 631-ге дейін, ойық жаралы колит ауруы 2 218-ден 7 305-ке дейін өскен. 2024 жылдың статистикасы әр 100 мың адамға шаққанда 5–10 науқаста ІҚА кеселі табылатынын, бұл сан артуы мүмкін айғақтайды.

Бұл бір жағынан диагнос­ти­каның дұрысталғаны десек, оған қоса аталған дерттің белең алып отырғанын байқатады. Мамандарды осындай кеселдерге орта жастағылар ғана емес, жасөспірімдер де жиі душар болып жатқаны да алаңдатып отыр. Ішек қабынуы ауруларына көбінесе урбанизация, күйзеліс, жұқпалы аурулар мен антибиотиктерді өз бетінше қа­былдау сияқты жағдайлар жете­лейді.

Сөз соңында оқырманға айтарымыз, қазір көп аурудың дауа­сы табылып жатыр. Сондықтан күйзеліске бой бермеңіз, қайғыға жеңілмеңіз, өмірден түңілмей, өз дәрігеріңізді табыңыз. Өйткені кез келген кеселдің себебі мен салдарын түпкілікті зерттеп, соған бүкіл ғұмырларын бағыштап отырған мыңдаған маман бар.

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Мұғалімге қоғам ілтипаты маңызды

Қоғам • Бүгін, 09:35

Білімнің кеңейген кеңістігі

Аймақтар • Бүгін, 09:33

Жарқанатқа айналған әйел

Өнер • Бүгін, 09:30

Жас буынға жан жылуы керек

Білім • Бүгін, 09:28

Шыңдағы шынар

Ғылым • Бүгін, 09:25

Қазақ бидайын қажымай зерттеген

Тұлға • Бүгін, 09:22

Зерттеудің абыройлы жылы

Ғылым • Бүгін, 09:20

«AlmaU»-дың экологиялық бастамасы

Білім • Бүгін, 09:17

Табысқа апарар анық жол

Білім • Бүгін, 09:15

Аудармашыны ЖИ алмастыра ала ма?

Таным • Бүгін, 09:13

Салмағы бөлек саяхат

Тарих • Бүгін, 09:10

Жаңбыр мен көктайғақ: Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Ауа райы • Бүгін, 09:09

Музей ісінен мән кетпесін десек...

Мәдениет • Бүгін, 09:07

Майдың сапалысы Өскеменде өндіріледі

Экономика • Бүгін, 09:05

Көпірдің «жыры» қашан бітеді?

Аймақтар • Бүгін, 09:02

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:157
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Желтоқсан 2025 10:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары