Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Pul.vc венчурлік платформасын ойлап тапқан жас кәсіпкер Президентке алғыс айтты

Pul.vc венчурлік платформасын ойлап тапқан жас кәсіпкер Президентке алғыс айтты

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Алматы облысының жас кәсіпкері Бағлан Олжабаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жас кәсіпкерлер мен IT-мамандардың дамуына ерекше назар аударып отырғаны үшін алғыс білдірді. Кәсіпкер өз сөзінде Президенттің бастамалары жаңа буын кәсіпкерлері мен инноваторлардың қалыптасуына зор серпін беріп отырғанын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Қазақстанның жаңа элитасын – жас кәсіпкерлерді, инженерлер мен IT-мамандарды дамытуға ерекше назар аударып келе жатқаныңыз үшін өз алғысымды білдіремін. Мен қазақстандық стартаптардың дамуына, инвестиция тартып, халықаралық деңгейге шығуына қолдау көрсететін Pul.vc венчурлік құрылымының негізін қалаушымын. Мемлекет пен кәсіпкерлердің бірлескен еңбегі арқылы Қазақстан инновациялар саласында өңірлік көшбасшы болатынына сенімдімін», делінген хабарламада.

Pul.vc венчурлік платформасы бүгінде отандық стартаптардың дамуына серпін беріп, инвесторлар мен жас кәсіпкерлер арасындағы өзара байланысты нығайтуға үлес қосып келеді.

«Кәсіпкердің жолы өте ауыр, құлайсың, одан қайта тұрасың. Алғашында өте қиын кезеңдерден өттік. Мысалы, инвестиция тарту үшін ұзақ уақыт кетеді. Стартап бастаған кезде көп нәрсені білмейтінбіз. Көп стартаперлер бірден өнімін жасап, оның нарықтағы сұранысын зерттемей жібереді – бұл үлкен қателік. Мен де солай қателестім. Сондықтан біз қазір ақша емес, ең алдымен адами ресурс береміз. Яғни әр жобаны сол саладағы мамандармен біріктіріп, сұранысқа ие өнімді іздейміз», дейді кәсіпкер Бағлан Олжабаев.

Оның айтуынша, Pul.vc платформасының басты ерекшелігі — жас стартаперлерге бағыт-бағдар беріп, олардың нарыққа бейімделген идеяларын жүзеге асыруға көмектесу.

Бағлан Бауыржанұлы Мемлекет басшысының жастар мен инновациялық кәсіпкерлікке көңіл бөлуі бүгінгі буын үшін аса маңызды екенін айтады.

«Қазір көптеген жас кәсіпкерлер мен IT мамандары неден бастарын білмей жүреді. Көкейлерінде сұрақ көп, бірақ кімнен сұрарын білмейді. Сондықтан Президенттің мемлекет тарапынан осындай импульс беріп жатқаны қуантады. Бұрын мұндай мүмкіндіктер аз болатын. Тек Astana Hub пен Most IT Hub қана болатын. Жақында Higgsfield AI деген стартап жарқ етті. Капитализациясы миллиард долларға жеткен. Сол жақсы түрткі болды. Біз Қазақстаннан шығатын осындай стартапты ұзақ күттік. Енді мұндай жобаларға көрсетілетін қолдау көбейіп, жаңа стартаптардың саны да арта бастайды. Сингапур, MENA елдерінен Қазақстан экономикасына деген қызығушылық артады. Сол кезде мемлекет қолға ала бастаса нұр үстіне нұр болады», дейді ол.

Кәсіпкердің пікірінше, мемлекет пен жеке сектордың бірлескен жұмысы елімізді инновациялар орталығына айналдырады.

Былтыр Бағлан Олжабаев командасымен бірге «Qazinnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі ұйымдастырған грант байқауында жеңімпаз атанып, 20 миллион теңгеден астам қаржылай қолдау алған.

«Санат Аханов бастаған агенттік командасы үлкен қолдау көрсетті. Сол гранттың арқасында идеямызды жүзеге асырып, жобамызға венчурлік инвестиция тарта алдық. Компаниямыздың капитализациясы 10 миллион долларға жетті. Бір жыл бойы Нью-Йорктегі венчур билдерде тәжірибе жинап, оны Қазақстанда іске асырып жатырмыз. Біз Сингапур жүйесімен жұмыс істейміз, мұндай формат Орталық Азияда әзірге жоқ», дейді ол.

Кәсіпкердің айтуынша, кез келген стартаптың табысы идея мен сенімді командаға байланысты.

«Жастарға айтар кеңесім – алдымен нарықты зерттеп, өз клиентіңді табу керек. Сосын мықты команда құру қажет. «Спроси маму» деген жақсы кітап бар, соны оқыса, көп сұраққа жауап табады. Ең бастысы – идеяңды жүзеге асырудан қорықпау және мықты команда құрып оны артыңнан ерте алу», деді Бағлан Олжабаев.

Pul.vc венчурлік платформасы Алматы облысы мен өзге өңірлердегі жас кәсіпкерлерге арналған ашық алаңға айналып отыр. Мұнда әр стартаптың презентациясы қаралып, әлеуеті бар жобаларға тәжірибелі мамандар мен инвесторлар тартылады. Бағланның айтуынша, жуырда Pul.vc жанынан жас стартаперлерді тегін қолдауға бағытталған арнайы қор құрылмақ.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында елімізде жасанды интеллект пен инновациялық кәсіпкерлікті дамыту, жастардың технологиялық білімін арттыру және венчурлік экожүйені қолдау бағыттарына ерекше назар аударған болатын. Оның жастарды кәсіпкерлікке, инновация мен IT саласына тарту жөніндегі саясаты елімізде жаңа буын кәсіпкерлерінің қалыптасуына жол ашты.

Алматы облысынан шыққан жас кәсіпкер Бағлан Олжабаевтың бастамасы – осы бағыттағы нақты нәтижелердің бірі. Өңірлік деңгейде жүзеге асып жатқан Pul.vc сияқты жобалар мемлекет пен жеке сектордың тиімді серіктестігін көрсетеді. Мұндай бастамалар арқылы Алматы облысы тек өндіріс пен ауыл шаруашылығы емес, инновация мен технология саласында да алдыңғы қатарға шығуға бет алды.

Бүгінде Astana Hub технопаркінде Алматы облысынан тіркелген 11 IT-компания жұмыс істейді. Олардың қатарында Бағлан Олжабаевтың компаниясы да бар. Бұл кәсіпорындар салық және виза жеңілдіктерін пайдаланады, сондай-ақ серіктестік ресурстар мен бизнесті кеңейту мүмкіндіктеріне қол жеткізеді.

Жалпы, Алматы облысында жастар кәсіпкерлігін қолдау бағдарламалары белсенді жүзеге асырылып жатыр. Биыл шамамен 100-ге жуық жас кәсіпкер өз ісін ашу үшін қайтарымсыз гранттар алған.

Алматы облысы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:174
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қараша 2025 02:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары