Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Қағаз ақшадан цифрлық теңгеге дейін

Қағаз ақшадан цифрлық теңгеге дейін

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Ұлттық валютаның эволюциясы көз алдымызда өтіп келеді. Ақша бұрын қалтада жүретін, кейін картаға көшті. Енді тіпті код түріндегі қаржы дегенге әуелгідей таңырқамайтын болдық. Өйткені цифрлық теңге сынақтан өтіп жатыр, криптовалюта мен стейблкоин қолданысқа еніп келеді. Осылайша, қаржының жаңа дәуірі есік қағып тұр. Еліміз осы өзгерістердің бел ортасында жүр десек, артық айтқандық емес.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Цифрлық теңге деген не?

Келер жылы елімізде цифрлық теңге толық айналымға енуі мүмкін. Бұл жаңа жүйе қолма-қол және қолма-қол емес төлемдерден кейін ұлттық валютаның үшінші түрі болмақ. Қазір жобаның сынақ кезеңі жүріп жатыр. Бүгінде 288 млрд теңге көлемінде цифрлық ақша шығарылған, 60 мыңнан аса операция орындалған.

Ұлттық төлем корпорациясы цифрлық теңге жүйесін дамыту департаментінің бас сарапшысы Әйгерім Бабағалиеваның айтуынша, жоба іске қосылғаннан бері цифрлық теңгенің оннан астам қолдану бағыты сынақтан өтті.

«Солардың ішінде жол құрылысы мен қосылған құн салығын қайтару сияқ­ты салалар бар. Сонымен қатар біз­дің жобаның халықаралық деңгейде мойындалғанын атап өткім келеді. Ха­лықаралық валюта қоры елімізді ор­талық банктердің цифрлық валютасын дамыту ісінде ең озық елдердің бірі деп таныды. 2024 жылы «Currency Research» ұйымынан арнайы марапат алдық. Цифр­лық теңге – қолма-қол және қолма-қол емес ақшамен қатар жүретін ұлттық валютаның үшінші түрі. Оны Ұлттық банк шығарады әрі кәдімгі теңгемен бірдей құнға ие. Айырмашылығы, ол қағаз емес, блокчейн технологиясына негізделген ерекше белгілер түрінде сақталады. Яғни әр теңгенің өз «цифрлық ізі» бар деген сөз. Үш түрі де қатар өмір сүреді», деді қаржы маманы.

Мысалы, былтыр қанатқақты жоба іске қосылып, оның аясында «Достық – Мойынты» теміржолының құры­лысына бөлінген қаржы цифрлық фор­матта берілді. Бұл қаражат тек жол салуға әрі тиісті қызмет көрсеткен ком­панияларға жұмсалды. Осылайша, цифр­лық теңгенің басты артықшылығы – оны нақты мақсатқа «белгілеуге» болады. Ақша дұрыс жерге жұмсалған соң белгі автоматты түрде алынып тасталады.

Бүгінде жүйеге бес банк пен «Қазпош­та», Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті қатысып отыр. Бұл – «Нұрбанк», «Халық банкі», «Еуразиялық банк», «Банк ЦентрКредит» және «Altyn Bank». Солардың ішінде «Нұрбанк» цифрлық теңгемен толық жұмыс істей алатын сегіз функцияны да енгізіп үлгерді. Клиенттер шот ашып, балансын қарап, ақша аударып немесе конвертация жасап, бәрін онлайн атқара алады. Банкке барудың, қағаз құжат өткізудің қажеті жоқ.

Криптовалюта кеңістігі

Көп адам цифрлық теңгені криптовалютамен шатастырады. Бірақ екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Цифр­лық теңге – мемлекеттің кепілдігі бар ресми ақша. Ал криптовалютаға ешкім жауа­п бермейді, оның бағасы тек нарықтағы сұранысқа қарай өзгереді. Бүгін қымбат, ертең арзан. Екіншіден, цифрлық теңгемен интернетсіз де төлем жасауға болады. Мысалы, адам алдын ала белгілі бір соманы смартфонына жүктеп алып, байланыссыз ортада да есеп айырыса алады. Бұл ауыл-аймақтағы тұрғындарға үлкен жеңілдік әкеледі.

Криптовалюта – ешбір елге немесе банкке тәуелді емес ақша. Оны ешкім шығармайды, бәрі өздігінен блокчейн арқылы айналымға түседі. Ең танымалы – биткоин. Оның бағасы кейде күн сайын құбылып, аспандап кетеді де, ертеңіне қайта түсіп қалады. Дәл осы себепті оны көп адам «еркін, бірақ тұрақсыз әлем» деп атайды. Біреулер биткоинды инвестиция ретінде ұстаса, енді біреулер оны болашақ ақшаның бейнесі деп көреді.

«Binance Kazakhstan» компаниясы­ның басшысы Нұрхат Күшімовтің айтуынша, елімізде криптонарық қарқынды дамып жатыр.

«Пайдаланушылар көбейіп, олардың белсенділігі мен сауда көлемі өсіп отыр. «Binance Kazakhstan» тарапынан өнім түрлерін кеңейттік. Егер 2024 жылы споттық саудада 130 токен қолжетімді болса, 2025 жылы олардың саны 350-ге жетті. Кейінгі уақытта криптонарықты заңдастыру мен дамыту бағытында нақты қадам жасалып жатыр. Ұлттық банк цифрлық активтерді реттеу ережелерін қабылдап, заңды криптобиржалар мен жаңа токен түрлерін іске қосуға мүмкіндік берді. Бұл бастамалар өте маңызды. Олар нарықты «көлеңкелі аймақтан» шығарады. Бірақ мұндай жүйе бір күнде құрылмайды. Барлығы кезең-кезеңі­мен жүруі керек. Ең бастысы, биржалар мен криптооператорлар заңды алаңда жұмыс істеуі қажет. Сонда ғана қолданушыларға қысым азайып, нарық көлеңкеден шығады», дейді Н.Күшімов.

Елімізде «Alem Crypto Fund» деген алғашқы криптоқор да іске қосылды. Оны Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрды. Басқаруды «Qazaqstan Venture Group» қолға алды. Қор АХҚО-да тіркелген. Бұл қор алғашқы инвестициясын да жасап үлгерді. Олар «Binance Kazakhstan» серіктестігімен бірге BNB криптовалютасын сатып алды. 2025 жылдың жазында осы токеннің нарықтық құны 138 млрд доллардан асқан.

Қазір елімізде криптовалюта қызметін пайдаланатын 170 мыңнан аса адам бар. Олардың көпшілігі жеке адамдар. Сарапшылар нарық әзірге жеке инвесторлардың арқасында өсіп тұрғанын айтады. Ал ресми криптотөлем жүйесі іске қосылғаннан кейін бұл салаға ірі компаниялар мен қаржы ұйымдары да келе бастайды.

Сенімді стейблкоин

Криптовалютаның осындай құбыл­малылығынан кейін, оны тұрақтандыру мақсатында стейблкоин пайда болды. Ұлттық банктің айтуынша, елімізде сынақ алаңы аясында теңгеге байланған алғашқы стейблкоин іске қосылды. Жоба «Intebix» компаниясының бастамасымен жүзеге асты. Оған «Solana» блокчейн-платформасы, «Mastercard», «Еуразиялық банк» серіктес болды.

«Отандық стейблкоин цифрлық инно­вацияларды дәстүрлі қаржы инфра­құрылымымен біріктіріп, крипто-фиат арналарын кеңейтеді. Криптовалютаны теңгемен байланған стейблкоинге айыр­бастауға әрі криптокарталар арқылы сау­да жасауға болады», делінген бас банк мәліметінде.

IT-саласының маманы Тимур Бектұр осы таңсық валютаны қарапайым тілмен түсіндіріп берді. Оның айтуынша, ол нақты валютамен байланысады, мысалы, бір стейблкоин әрдайым бір долларға тең. Яғни ол да цифрлық ақша, бірақ бағасы құбылмалы емес. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл – криптовалюта мен кәдімгі банк ақшасының ортасы. Стейблкоин әлемде сауда мен есеп айы­рысуда жиі қолданылып жүр. Себебі еркін әрі сенімді.

«Стейблкоин дегеніміз – нақты бір валютаға немесе басқа активке байланған криптовалюта. Мысалы, доллар, теңге немесе алтын. Сол себепті ол биткойн не эфириум сияқты құбылмалы емес, бағамы тұрақты болады. Айталық, егер елімізде «Solana» жүйесі арқылы 1 стейблкоин теңгеге байланса, оның бағасы 1 теңгеге тең болып қала береді. Стейблкоинды тек ірі компаниялар емес, қарапайым азаматтар да пайдалана алады. Елімізде теңгеге байланған EVO стейблкоины пайда болды. Оны телефондағы арнайы әмиянға жүктеп алып, күнделікті дүкенде, қызмет ақысын төлегенде, интернет арқылы сатып алу кезінде қолдануға болады. Мұндай төлемдер тез жасалады, ыңғайлы және комиссиясы аз. Мысалы, мен АҚШ-та «Болашақ» бағдарламасымен оқып жүргенде, отандық картадағы теңгемен түскен стипендияны алу қиын еді. Теңгені долларға айырбастағанда шығын көп болатын. Ал осындай стейблкоин болса, айыр­бас үдерісі әлдеқайда жеңіл әрі тиімді болар еді», дейді Т.Бектұр.

Дегенмен, сарапшы бұл жүйені енгізу кезінде бірқатар қиындық болатынын да жасырмады. Оның пікірінше, ең бастысы – халықтың цифрлық сауатын арттыру. Стейблкоин – жаңа технология. Оны пайдалану үшін смартфон мен интернет керек. Адамдар оның қалай жұмыс істейтінін, қауіпсіздік ережелерін білуге тиіс. Алаяқтарға алданып қалмау да маңызды. Сондай-ақ заңнамалық реттеу мен инфрақұрылымның дайын болуы қажет. Бизнес пен тұтынушыларды жаңа төлем жүйесіне үйрету де уақыт алады.

Жаңа цифрлық ақшаның қарапайым халыққа нақты қандай пайдасы бар? Бұл сұрақты «Wise Invest Consulting» крипто компаниясының басшысы Темірлан Нұрахимовқа қойдық.

«Ең алдымен, ақшаңызды тұрақты бағамен сақтай аласыз. Егер жинағыңызды долларда ұстасаңыз, оны USDT түрінде сақтауға болады. Бағасы өзгермейді, инфляция әсер етпейді. Бұл әсіресе тұрақтылықты қалайтын адамдарға тиімді. Екінші пайдасы – ақша жіберу мен қабылдау өте тез. Кейде банк арқылы жасалған аударым бірнеше сағат немесе бір күнге дейін созылып кетеді. Ал стейблкоинмен ақша бірнеше минуттың ішінде жетеді. Комиссиясы да аз болады. Бұл әсіресе шетелге төлем жасайтын адамдар үшін өте қолайлы. Үшінші пайдалы тұсы – фрилансерлерге үлкен жеңілдік. Қазір шетелдік компанияларда жұмыс істейтін отандастарымыз көп. Олар тапқан ақшасын USDT түрінде оңай ала алады. Банктегі ұзақ тексерістерден, валюта айырбастау кезіндегі қиындықтардан құтылады. Көріп тұрғанымыздай, бұл жаңа технология ғана емес, сондай-ақ – қаржы жүйесінің жаңа кезеңі. Ол адамдарға ақшаны қауіпсіз сақтауға, тез жіберуге және халықаралық төлемдерді жеңіл жасауға мүмкіндік береді», деп түсіндіріп берді сарапшы.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:179
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қараша 2025 12:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see159

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see152

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see144

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see143

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see141

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see140

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see137

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see122

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see121

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see119

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see119

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see118

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see117

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see116

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see113

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see112

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see110

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see109

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see108

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары