Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жаңа Конституцияда қазақ тілінің мәртебесі қалай бекітілмек?

Атыраудағы жұмбақ өлім: күдіктінің бес баласы балалар үйіне жіберілді

Теміржолда төрт жұмысшы қаза тапқаннан кейін күдіктілер ұсталды

Петропавлда хабар ошарсыз кеткен жігіттің мәйіті орманнан табылды

Бейнебақылау қылмысқа тосқауыл болса игі

Тараз зауыттарындағы қайғылы жағдай: екі адам қаза тапты

Гүлмираның yoonee.ai платформасы

Парламент реформасы мен бизнес құқықтарын қорғау Конституцияда бекітіледі Азат Перуашев

Боран, жаңбыр, көктайғақ: Қазақстанның 15 өңірінде ескерту жарияланды

Таза Қазақстан жауапты патриотизмнің негізі: Экологиялық қағидаттар жаңа Конституция жобасына енеді

Қазақстан қаңтарда Ресей порттарын айналып өтіп, шамамен 0,5 млн тонна мұнай экспорттады

Майкл Джексон туралы фильмнің трейлері жарық көрді: Джаафар Джексон ағасының рөлін қалай сомдады?

Қызылорда облысында жол апатынан жас жігіт көз жұмды

JOLTAP жобасы: Көпбалалы ана Kaspi дүкен арқылы кәсібін дөңгелетіп отыр

Жаңа Конституция жобасында халықаралық шарттарға қатысты үш негізгі ереже көзделген Үнзила Шапақ

Финляндияда әлемдегі ең үлкен Рунеберг торты пісірілді

Пәкістанда Президент Қасым Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

Әбу Дабиде Украина бойынша өткен кеңестің бірінші күнінде тараптар мәлімдеме жасамады

Атыраудан Google ға дейін. Қазақстандық қыз әлемдегі ең жабық IT компаниялардың біріне қалай жол салды

Қазақстанда +17 градустан кейін күн күрт суытады

Қағаз жүзіндегі кооператив ауылды құтқара ма?

Қағаз жүзіндегі кооператив ауылды құтқара ма?

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Елімізде ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту мәселесі кейін­гі жылдары мемлекеттік саясаттың маңызды бағыт­та­рының біріне айналды. Бұл – бекер емес. Ауылдағы ұсақ шаруа­шылықтардың әлеуетін біріктірмейінше өндірісті ұлғайту, өнімді өңдеу, нарыққа тұрақты шығу мүмкін болмай тұр.

Суретті түсірген – Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Жалған есеп жарға жықпасын

Бұл мәселені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше назарға алып отыр. Президент «Turkistan» газетіне берген сұхбатында кооператив құрудың тиімділігін айта келе: «Бірлестік құру ісін науқанға айналдырып, жұртқа қысым көрсетуге, оларды мәжбүрлеуге жол берілмейді», деді. Өңірдің агросарап­­шы­лары бұл мәселеде жалған есеп жаңылыс­тыра­­тынын айтып отыр. «Кооперация құру­да жоғарыдағы басшылардан бас­тап, қарапайым сала маманына дейін аса мұқият жауапкершілік танытуы керек», дейді агросарапшы Ниқанбай Омарханов.

– Кейінгі үш жылда «ел бо­­йынша 4 мыңнан астам ауыл шаруа­шылығы кооперативі ашылды» деген жаңсақ есептер беріліп келгені жасырын емес. Бұл деректер жергілікті атқарушы органдардан бастап, Парламент мінберінде де көте­рі­ліп, ақыр соңында Мем­ле­кет басшысына дейін жеткен.

«Жуырда ауыл шаруашы­лы­ғы саласы­ның сарапшысы ретінде облысымызда «ашылды» деп есеп берілген кооперативтер бойынша аудандарға хабарласып көрдік. Өкінішке қарай, бірде бірінен нақты, мардымды жауап ала алмадық. Сонда бұл коо­перативтер қайда, олар не істеп жатыр?» дейді сарапшы.

Шын мәнінде елімізде де, облыстарда да «кооператив» деп аталып жүрген құрылымдардың басым бөлігі – 2-3 адамның басын қосып, «Ауыл аманаты» бағ­­дар­­ла­масы арқылы 32 млн тең­ге несие алған, бірақ ауыл эко­но­микасына нақты әсер етпей­тін жасанды бірлестіктер.

Мемлекет басшысы 2025 жылғы 28 қарашада ауыл әкім­де­рімен кездесуінде бұл мәсе­лені ашық айтты: «Көбіне мұн­дай кооперативтерді бірне­ше адам ғана құрады. Олар жеке шаруашылық иелері мен өнім өңдеушілер арасында делдал бо­лып жүреді. Соған қарамастан мемлекеттен жеңілдіктер алады. Бірақ бұл ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға кедергі кел­тіреді».

«Бұл – бүгінгі кооперацияның басты диагнозы. Заң жүзінде бәрі дұрыс. Ал іс жүзінде ауыл адамы үшін кооперативтің пайдасы тимей отыр», дейді Ниқанбай Иманғалиұлы.

Сарапшылар әр ауылда «қа­ғаз» жүзін­­дегі ғана емес, нақты жұ­мыс істейтін коопе­ра­­тив­тер құрылуы қажет деп отыр. Нағыз кооператив құру үшін мұздатқышы бар, мал сою пункті, сүт қабылдау мен бастапқы өңдеу орны, ветери­на­рлық зертханасы, қолдан ұрықтандыру пункті, арнайы авто­көліктері мен құрал-жаб­дықтары бар біртұтас инфрақұрылым қажеттігін көл­денең тартады.

«Осындай кооперативті құру үшін ауылдағы өндіріс көлемі мен мамандануына қарай кемінде 200-400 млн теңге қажет. Мұны 30 миллион теңгелік несиемен шешу – өзімізді өзіміз алдаумен тең», дейді агросарапшы.

Мұндай маңызды шаруада мемле­­­кеттің рөлі шешуші болуға тиіс. Мем­ле­кеттік қол­дау, жеңілдетілген несие мен нақ­ты ұйымдастырушылық бағыт қажет. Агромамандар ол үшін ауыл шаруа­­шы­лығы ко­опера­тивтері туралы заңға заман талабына сай өзгерістер ен­гізілсе, кооперацияны дамы­ту­дың жеке мемлекеттік бағдар­ла­масы қабылданса, әр ауданда қанатқақты режімінде кооперативтер құрылса деген ұсынысын жеткізіп отыр. 

Қаржы қолбайлау болып отыр

Агросарапшы Аспандияр Сейсеннің айтуынша, елімізде тіркелген ауыл шаруашылығы кооперативтері ауыл эконо­микасына серпін беріп отырған нақты тетікке айнала алмай отыр. Мұның бірнеше себебі бар еке­нін айтады.

Басты мәселе – қаржыға қол­жетімсіздік. Мемлекет басшы­сының тапсырмасымен енгізілген 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие ауыл халқы үшін үлкен мүмкіндік ретінде қабылданды. Алайда бұл бастама іс жүзінде шалғай ауыл тұрғындарына то­лық жетпей отыр. Себеп қара­пайым: кепілдікке қойы­латын жылжымайтын мүлік мә­селесі. Кооперативтерге ар­налған 31,5 млн теңге, жеке тұлғаларға қарастырылған 9 млн теңге аз қаржы емес. Бірақ ауылдағы қарапайым адамның оны алуға кепілдікке қоятын бағалы мүлкі жоқ. Ал кепілі бар ірі шаруашылықтар осы несиелерді алып, нәтижесінде мем­лекеттік қолдау ең мұқтаж ауыл тұрғынына емес, онсыз да аяғынан нық тұрған алпауыт шаруа­ларға бағытталып отыр, дейді сарапшы.

«Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мал шаруашылығын дамыту үшін несиенің 85 пайызын Даму банкі кепілдендіретін механизм бар екенін айтқан еді. Алайда, бұл құралдың тиімділігін шалғай­дағы шаруа әлі күнге дейін нақ­ты сезініп отырған жоқ. Егер бұл жүйе шын мәнінде жұмыс істесе, кооперацияға деген қызығушылық та, сенім де әлдеқайда жоғары болар еді. Коопера­цияның дамуы тек қар­жыға тіреліп тұрған жоқ. Ауыл тұрғындарының бірігіп жұмыс істеуге деген сенімі төмен. Бұған халықты кінәлау дұрыс емес. Себебі жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмысы жоқтың қасы. Ауылға бармай, кабинетте оты­рып кооператив құрамыз деу – нәтиже бермейді», дейді Аспандияр Сейсен.

 Бүгінде агробанк құру қажет­тігі жиі айтылады. Бұл – уақыт талабы. Ауыл шаруа­шы­­лығының ерекшелігін түсі­нетін, кепілдік саясатын ауыл жағдайына бейім­­дейтін арнайы қаржы институтынсыз коопера­цияны дамыту қиын. Сарап­шы­ның айтуынша, әлеу­мет­тік-кәсіпкерлік кор­порация­ларды (ӘКК) тек қаржы тара­ту­шы емес, ауылдың нақты мәсе­ле­сін шешетін құрылымға айналдыру керек. 

Тұрақты табыс көзі

Аграрлы аймағымызда «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында күні бүгінге дейін 114 ауыл шаруашылығы коопера­тиві құрылыпты. Олар ауыл тұрғындарынан ет, сүт және басқа да ауыл өнімін тұрақты түрде сатып алып, оны өткізуге кө­мек көрсетіп отырған көрі­неді. Мәселен, «Мади-Агро 7» ауыл шаруашылығы коопера­тиві жақын ауылдардағы тұр­ғын­дар­дан ет жинап, оны облыстағы ірі кәсіпорын – «Qarmet» АҚ-ға өткізеді. Биылдың өзінде осы кооператив арқылы 80 тоннаға жуық ет сатылған.

«Бұл – кооперацияның ауыл адамы үшін төрт түліктің нақты табыс көзіне айнала ала­тынын көрсететін айқын мысал. Сонымен қатар жеке қо­салқы шаруа­шы­лық­тарда өнді­рілген өнімді сақтау мен өткізу мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Мал шаруашылығы бағы­тын­дағы өнімдер аудан әкімдіктері ұйым­дастыратын жәр­мең­келер арқылы сатылып, ауыл тұр­ғын­да­рының қосымша табыс көзіне айна­лып отыр», дейді облыс­тық ауыл шар­уа­шы­лық басқармасы басшысының орынбасары Сырым Бошпанов.

«Ауыл аманаты» бағдарла­масы іске қосылған 2023 жылдан бері Қарағанды облысында 114 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды. Оның ішінде 2023 жылы – 62, ал 2024–2025 жылдары 52 кооператив өз жұмысын бас­тады. Кооперация құруда Ақтоғай ауданы – 25 АӨК, Бұқар жырау мен Шет аудандары – 25 АӨК-тен, Қарқаралы ауданы – 17 АӨК көрсеткішімен алдыңғы қатарда келеді. Бұл жұмыс алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасын табады. 

Саланы дамытудың тиімді үлгісі

Ақтоғай ауданы кооперацияны дамытудың тиімді үлгісін көрсетіп отыр. Мұнда «Ауыл аманаты» аясында кейінгі екі жылда жүздеген млн теңгеге әртүрлі жоба қаржыландырылды.

2023 жылы ауданда 65 жобаға 598,3 млн теңге жеңілдетілген несие берілді. Оның ішінде 18 коопера­­­тив пен 47 жеке шаруа қожалы­ғы­ның өміршең жобалары қаржы­лан­ды­рылды. Нәтиже­сінде, мал басы көбейіп, техника алынды, 100-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. 2024 жылы да бұл жұмыс жалғасын тапты.

«Бір ауыл – бір кооператив» жобасы аясында Ақтоғай ауылында «Сапа Мix» ауыл шаруа­шы­лығы өндірістік кооперативі құрылды. Бұл кооператив әмбе­бап бағытта жұмыс істеп, ауыл тұр­ғындарының күнделікті қажет­тіліктерін қамтамасыз етуге бағыт­талған бірнеше маңызды жобаны іске асырып жатыр.

Бірінші бағыт – ауыл тұр­ғындарын және жақын елді мекен­дерді мал азығымен, жем-шөппен, көмір, отын, құрылыс материалдарымен тұрақты қамтамасыз ету. Осы мақсатта аумағы 561 шаршы метрді құрайтын арнайы нысан сатып алынып, автотаразы орнатылды. Қазір 150 тонна «Шұбаркөл» көмірі жеткізіліп, екі арнайы автокөлік алынған. Тұрғындарға және шаруашылықтарға 5 мың рулон шөп тасымалданды. Сонымен қатар 2026 жылға қарай 200 гектар жерге құнарлы жоңышқа тұқымын егу үшін жер дайындалып, қоршауы жасалды. Аталған бағыттағы жобаның жалпы құны – 200 млн теңге.

Екінші бағыт – ауылдық жерде микро, шағын және орта бизнес субъектілерін дамытуға арналған өндірістік кешен салу. Ақтоғай ауылының солтүстік-батыс бөлігінен 1 гектар жер телімі бөлініп, аумағы 520 шаршы метр болатын өндірістік кешеннің құрылысы жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарының 90 па­йызы аяқталған. Жобаның жалпы құны – 173 млн теңге. Бұл кешен ауылдық тұтыну кооперативі негізінде 10 жеке кәсіпкерді біріктіріп, жартылай да­йын өнімдер шығару, тігін цехы, қымыз өндіру, кондитерлік өнімдер, көкөніс консервілеу және кәдесый дайындау сияқты бағыттарды қамтитын болады.

Үшінші бағыт – ауыл өнімдерін тікелей қала нарығына шығару. Осы мақсатта Қарағанды қаласында «Ақтоғай өнімдері» атты коммуналдық дүкен ашылды. Ол Бауыржан Момышұлы көшесі, 24/6 мекенжайында орналасқан. Жобаның құны – 15 млн теңге. Қазір дүкенде қала тұрғындарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік нарық бағасынан төмен бағамен сатылып жатыр, жоба толық іске қосылған.

Бүгінгі шындық – тек кооперацияны тіркеумен ауыл дамымайды. Кооператив қаржыға нақты қолжетімді, өнімін өткізе алатын, ауыл адамы сенетін құрылымға айналуға тиіс.

Ол үшін кепілдік мәселесін жүйелі түрде шешу, агробанк немесе тиімді кепілдік механизм­дерін іске қосу, ауылда
­тұрақты әрі нақты түсіндіру жұмыс­тарын жүргізу, жергілікті биліктің жауап­кершілігін арттыру қажет. Агро­сарап­шылар осылай дейді.

Ауыл – мемлекеттің тірегі. Ал ауылды сақтау – кооперацияны «қағаздан» шығарып, «Сапа Мix» секілді кооперативтің санын арттыру қажет. Мемлекеттің де алға қойып отырған міндеті – осы.

Қарағанды облысы 

Соңғы жаңалықтар

Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті

Өнер • Бүгін, 23:40

Президент шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы» сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысушыларға бейнеүндеу жолдады

Президент • Бүгін, 23:26

Апаттан құтқарған оқушы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Экологиялық мәдениет қалыптастыру – түбегейлі қағидат қатарында

Саясат • Бүгін, 08:10

Қасым-Жомарт Тоқаев: Татуласу – мықтылықтың белгісі

Саясат • Бүгін, 08:05

Қазақстан мен Пәкістан ынтымақтастығы стратегиялық деңгейге көтерілді

Саясат • Бүгін, 08:00

Қонақта – Асқар Алтай

Қоғам • Бүгін, 07:55

Көнеден жеткен сарын

Өнер • Бүгін, 07:50

Аю шаңғы

Жәдігер • Бүгін, 07:45

Баянсыз бақ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:40

Қанат Бозымбаев өңірлердің су тасқыны қаупі жоғары кезеңге дайындық барысын тексерді

Үкімет • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасы табысталды

Президент • Кеше

Қазақстан әлемнің 70-тен аса еліне ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттайды

Президент • Кеше

Мемлекет басшысы Пәкістан Президенті Асиф Али Зардаримен келіссөз жүргізді

Президент • Кеше

Азаматтық-құқықтық шартты айналып өтуге тосқауыл қойылады

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:34
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Ақпан 2026 08:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жаңа Конституцияда қазақ тілінің мәртебесі қалай бекітілмек?

03 Ақпан 2026 17:28see115

Атыраудағы жұмбақ өлім: күдіктінің бес баласы балалар үйіне жіберілді

03 Ақпан 2026 16:35see115

Теміржолда төрт жұмысшы қаза тапқаннан кейін күдіктілер ұсталды

03 Ақпан 2026 13:40see114

Петропавлда хабар ошарсыз кеткен жігіттің мәйіті орманнан табылды

03 Ақпан 2026 22:53see114

Бейнебақылау қылмысқа тосқауыл болса игі

04 Ақпан 2026 08:50see113

Тараз зауыттарындағы қайғылы жағдай: екі адам қаза тапты

03 Ақпан 2026 12:42see113

Гүлмираның yoonee.ai платформасы

04 Ақпан 2026 08:23see113

Парламент реформасы мен бизнес құқықтарын қорғау Конституцияда бекітіледі Азат Перуашев

03 Ақпан 2026 13:43see111

Боран, жаңбыр, көктайғақ: Қазақстанның 15 өңірінде ескерту жарияланды

04 Ақпан 2026 00:06see111

Таза Қазақстан жауапты патриотизмнің негізі: Экологиялық қағидаттар жаңа Конституция жобасына енеді

04 Ақпан 2026 14:32see111

Қазақстан қаңтарда Ресей порттарын айналып өтіп, шамамен 0,5 млн тонна мұнай экспорттады

04 Ақпан 2026 12:08see110

Майкл Джексон туралы фильмнің трейлері жарық көрді: Джаафар Джексон ағасының рөлін қалай сомдады?

04 Ақпан 2026 15:30see109

Қызылорда облысында жол апатынан жас жігіт көз жұмды

03 Ақпан 2026 19:56see109

JOLTAP жобасы: Көпбалалы ана Kaspi дүкен арқылы кәсібін дөңгелетіп отыр

03 Ақпан 2026 14:04see109

Жаңа Конституция жобасында халықаралық шарттарға қатысты үш негізгі ереже көзделген Үнзила Шапақ

03 Ақпан 2026 17:19see109

Финляндияда әлемдегі ең үлкен Рунеберг торты пісірілді

04 Ақпан 2026 23:15see105

Пәкістанда Президент Қасым Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

04 Ақпан 2026 13:45see104

Әбу Дабиде Украина бойынша өткен кеңестің бірінші күнінде тараптар мәлімдеме жасамады

04 Ақпан 2026 23:15see104

Атыраудан Google ға дейін. Қазақстандық қыз әлемдегі ең жабық IT компаниялардың біріне қалай жол салды

04 Ақпан 2026 15:03see104

Қазақстанда +17 градустан кейін күн күрт суытады

04 Ақпан 2026 12:05see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары