Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

Жылу желілері жаңарады

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Ән ағасы Шәмші челленджі басталды

Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Кемінде 20 адам қаза тапты

Тұрғын үй сертификаты: тетік пе, кетік пе?

Кәсіптің кілті гаражда

Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

Қайда барсаң да қымбат несие

Қайда барсаң да қымбат несие

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Кепілсіз тұтынушылық кредиттердің екі есе азаюы осыны көрсетіп тұр. Бұл жағдайды біреулер қаржы нарығындағы ережелердің өзгеруі деп бағаласа, енді біреулер халықтың қарыз жүгінен шаршағанының белгісі дейді. 

Қаржы нарығын реттеу агенттігінің мә­лім­деуінше, қабылданған шектеу шара­ла­ры­ның әсерінен жаңа кепілсіз тұтынушылық не­сиелерді беру қарқыны айтарлықтай баяу­лаған. 

«Егер 2024 жылы бұл сегменттегі өсім 22,6 пайыз болса, 2025 жылдың қоры­тын­дысында ол небәрі 6,1 пайызды құрады. Со­­­нымен бірге тұтынушылық кредит нары­ғын­да өсім толық тоқтап қалған жоқ. Не­сие­леудің артуына негізінен автокредиттер әсер етті. 2025 жылы көлікке берілген несиелер 42,4 пайызға өсіп, жалпы көлемі 4 трлн тең­ге­ге жетті», – делінген мәлімдемеде.

Тұтынушы «тәбеті» төмендеді

Статистикаға сүйенсек, тұтынушылық кредиттер бір жылда 16,7 трлн тең­ге­ні құрады. Дегенмен бұл көрсеткіш 2024 жы­лы тіркелген 33,5 пайыздық өсіммен са­лыс­тырғанда әлдеқайда төмен. Әсіресе, ке­пілсіз тұтынушылық кредиттерде баяулау ай­қын байқалды. Егер 2024 жылы олардың өсі­мі 29,3 пайыз болса, 2025 жылдың қоры­тын­дысында бұл көрсеткіш 14,5 пайызға дейін төмендеді.

Экономист Мақсат Халықтың айтуын­ша, тұтынушылық несие алу қарқыны соңғы уақытта расымен бәсеңдеген. Бұл жағдай Қар­жы нарығын реттеу және дамыту агент­тігінің есебінде де көрініс тауып отыр.

– Агенттік соңғы үш жыл бойы тұтыну­шы­лық несиенің шамадан тыс өскенін ай­тып келді. Алайда бұл үрдісті толықтай оң құ­былыс деуге болмайды. Себебі халық қым­бат несие алып үлгерді, енді сол қарызды өтеу барған сайын қиынға соғып отыр. Тұ­тынушылық несиенің қарқыны төмендеуіне пайыздық мөлшерлеменің қымбаттауы негізгі себеп болды, – дейді экономист.

Себебі Ұлттық банк белгілейтін базалық мөл­шерлеме соңғы жылдары айтарлықтай өс­кен. Қазір оның деңгейі 18 пайызды құ­рай­ды.

– Бұл – қаржы нарығындағы ең төменгі пайыздық шек. Осыған байланысты екінші деңгейлі банктердегі тұтынушылық несие­лер­дің пайызы одан да жоғары болып отыр. Бұған қоса, халықтың тұтынушылық несие­ден әбден қажығаны да рас. Бүгінде көптеген азаматтың несиеге белшесінен батып, ұзақ жыл бойы қарыз шырмауынан шыға алмай жүргені жасырын емес, – дейді маман.

Сонымен қатар экономист несие кар­та­лары кеңінен таралып, олардың пайыздық мөл­шерлемесі өте жоғары болғандықтан, қа­рызды жабу қиынға соғып отырғанын айт­ты. 

– Төмен пайызды несиені азаматтар бел­гілі бір мерзімде төлеп шығуы мүмкін. Ал пайызы жоғары несиені 5-6 жыл бойы өтеу адамның өзін де, қаржылық мүмкіндігін де қатты қажытатыны анық. Қазір шамамен 10 миллионға жуық еңбекке жарамды халық бар. Соның 8,5 миллионнан астамының қо­лында несие бар. Яғни, еңбекке жарамды аза­маттардың басым бөлігі қазір қарызға тәуелді жағдайда өмір сүріп отыр, – дейді ол.

Сандарға назар аударсақ, 2025 жылы ха­лыққа берілген кредиттердің құрылымында ипотекалық және тұтынушылық несиелер өсім көрсетті, алайда олардың қарқыны бұрын­ғы жылмен салыстырғанда баяулады. Ипотекалық кредиттер 14,6 пайызға артып, жалпы көлемі 6,9 трлн теңгеге жеткен. Бірақ сарапшы несие түрлері де көбейіп, азық-тү­лікке дейін несиеге алу үрдісі кең тарағанына алаң­дайды.

Несиені неге алады?

– Мұндай жағдай, негізінен, екі себепке байланысты қалыптасады. Біріншіден, азаматтардың қаржылық сауаттылығы төмен болуы мүмкін. Екіншіден, халықтың негізгі табыс деңгейі жеткіліксіз болғандықтан, қымбат несие алуға мәжбүр. Мен сарапшы ретінде екінші себепке көбірек басымдық берер едім, – дейді Мақсат Халық.

Экономист сөз еткен несие түрлерінің ішінде тұтынушылық несиенің ар­туы­на негізінен автокредиттер әсер еткенін реттеуші ұсынған мәліметтерден байқауға бо­лады. Бірақ маман бұл қымбат несиелердің қатарында болғандықтан, отбасылық бюд­жеттен ойып орын алатынын жеткізді. 

– Автонесие тұтынушылық несиеге қа­ра­ғанда қымбат болғандықтан, оны уа­қы­тында төлей алмау қаупі де жоғары. Әлемдік тәжірибеде несиеге қабілетті азамат үлкен артықшылыққа ие саналады. Сондықтан көптеген елде тұтынушылық несиелер кең та­рал­ған әрі олардың пайыздық мөл­шер­ле­месі т­өмен болады. Ал бізде жағдай керісін­ше. Пайызы жоғары болғандықтан, тұтыну­шы­лық несиенің кең таралуы халықты ты­ғырыққа тіреп, өмір сүру сапасының одан әрі төмендеуіне алып келіп отыр. Осыған бай­ланысты мемлекет жүргізіп отырған сая­сатта несие пайыздарын барынша төмендету аса маңызды, – дейді ол.

Тұтынушылық несиенің статистикаға ен­бейтін тағы бір түрі бар. Ол – «тойнесие». Ресми түрде бұл көрсеткіш ешқандай ме­ке­менің санағына ілікпейді. Дегенмен халық ара­сында біркүндік қуаныш үшін мыңкүндік не­сие алу бүгінде әдетке айналғаны сарап­шылардың назарын аудартып отыр. Эко­номист Руслан Сұлтанов той  есепке құрыл­ған дүние емес екенін айтып ашынады.

Сарапшының айтуынша, көптеген жас жұ­бай әдемі той өткізу үшін 3-5 жылға тұ­тынушылық несие алуға мәжбүр. Қым­бат мейрамхана, жүздеген қонақ, безен­діру, асаба, фотозона мен салтанатты көлік бір күнде аяқталғанымен, ай сайынғы несие тө­лемі бірнеше жыл бойы отбасының табы­сын шектеп отырады.

Маман мұндай шешімдердің көбіне эмоциямен қабылданатынын ай­тады. Той кезінде адамдар қаржылық есептен гөрі мәртебе мен айналаның пікіріне көбірек мән береді. «Бір рет қана үйленеміз», «Бәрі со­лай істейді», «кейін табамыз» деген ойлар ал­ға шығып, нақты қаржылық салдары ес­керусіз қалады.

Ал несие – эмоция емес, тұрақты міндет­те­ме. Жас отбасы жаңа өмірін бастағанда пә­­­терақы, күнделікті шығындар, кей жағ­дай­да бала тәрбиесі қосылады. Табыс әлі тұ­рақталмаған кезеңде ай сайын банкке тө­ленетін қарыз отбасының қаржылық ер­кін­дігін шектейді.

Сарапшы бұл жағдайды «ұзын қаржылық құйрық» деп сипаттайды. Той әлдеқашан өтіп, қонақтар ұмытқанымен, қарыз бірнеше жыл бойы соңынан еріп жүреді. Ай сайынғы төлем бастапқыда жеңіл көрінгенімен, оны бірнеше жылға көбейткенде пайызымен бірге бірнеше миллион теңгеге жетеді.

Тағы бір маңызды жайт – несиеге жасалған той болашақта табыс әкелмейді. Ол жинақ қалыптастырмайды, тұрғын үй алу немесе қаржылық қауіпсіздік жастығын құруға көмектеспейді. Керісінше, кейін ипотеканың бастапқы жарнасын жинауға мүмкіндік бермей қояды.

Сарапшы тойдан бас тартуға емес, мере­кені қарызға батпай өткізудің маңыз­ды­лығына назар аударуға шақырады. Оның ай­туынша, отбасылық өмірдің берік бастауы қо­нақтың көптігімен емес, қаржылық ер­кін­дікпен өлшенеді.

«Кейде ең дұрыс әрі салтанатты бастау – қым­бат той емес, қарызсыз өмір», – дейді ол.

«Тегін» несие қайда бар?

Тұтынушылық несие құрылымына едәуір зор үлес қосатын қаржы құра­лы­ның бірі – бөліп төлеу. Бүгінде Ұлттық банк оны ресми түрде несие түрлерінің қа­та­рына енгізуге күш салуда. Дегенмен жар­на­маның жанама әсерінен болса керек, ха­лық бөліп төлеуді пайызсыз қарызбен ша­­­­тастырып жатады. Мамандар оның пайы­зы тауар құнына жасырылғандықтан, бұл екі­жақты В2В келісімдер арқылы жүзеге асы­рылатынын жеткізіп отыр. 

– «Тегін несие» ретінде ұсынылатын бө­ліп төлеу құралдарын да шын мәнінде пайыз­сыз деп айту қиын. Себебі олардың пайы­зы тауардың бағасына алдын ала қосы­лып қояды. Яғни, компания мен банк ара­сын­дағы келісімге сәйкес, тауарды бөліп тө­леу арқылы сату үшін оның құнына 15-20 пайыз үстеме қосылады. Ал егер тауар қол­ма-қол төлеммен сатылса, бағасы әлдеқайда ар­зан болуы мүмкін еді. Демек, мұндай те­тіктер түптеп келгенде қымбатшылықтың ар­туына да өз үлесін қосып отыр, – дейді Мақсат Халық.

Маман қазіргі қаржы нарығында қа­лыптасқан ахуал банк акционер­лері­нің тойымсыздығынан екенін жоққа шы­ғармайды. Себебі кезінде мемлекеттен мил­лиардтап субсидия алған нарық субъек­тілері қанша табыс тауып отырса да, халық қазынасынан алған қаржыны әлі де толық қай­тара алмаған. 

– Жалпы, банк секторы қаржылық дағдарыс кезінде мемлекеттен өте көп қол­дау алды. Дегенмен оны әлі де то­лық қайтарып болмаған. Бұл жер­де банк акционерлерінің тең­герім­сіз шешімі деуге болатын шығар. Се­бебі банктер қиын жағдайға тап болғанда олар мемлекеттен ақша сұрамай, өздері қаржы құюы қажет болатын. Қоғамға пайдалы болып, қар­жы институты ретінде дұрыс жұ­мыс істеуді  немесе керісінше, барын­ша пайда тауып қалуды көз­деді, – дейді ол. 

Банк секторын барынша сауық­тыру­ға мемлекет орасан зор қай­ра­ты мен қаржысын жұмсағаны рас. Со­ның арқасында бүгінде несие портфелінің де сапасы артып, банк балансындағы проб­ле­малық қарыздардың үлесі бақылау шегі­нен шыққан жоқ. 

«Несие портфелінің сапасы жалпы ал­ған­да қанағаттанарлық деңгейде қалды. Мер­зімі 90 күннен асқан проблемалық қа­рыз­дардың үлесі сәл өскенімен, жалпы порт­фельдің 4 пайызына да жетпейді. Бұл рет­те жұмыс іс­те­мейтін қарыздардың едәуір бө­лігі про­ви­зия­лармен жабылған, яғни банк­тер ықтимал тәуе­келдерге алдын ала дайын. Банк секто­ры­ның міндеттемелері де өсіп, 60 трлн теңге­ден асты. Оның негізгі бө­лігін клиенттердің депозиттері құрайды. 2025 жылы рези­дент­тердің депозиттері ай­тарлықтай ұлғайып, әсіре­се ұлттық валю­та­дағы салымдар қар­қын­ды өскен», – делінген Қар­жы нарығын реттеу агенттігінің мәлім­демесінде.

Қорыта айтқанда, қаржы секторының да­му қарқыны бәсеңдегенімен, бұған дейінгі ше­шімдердің салдарын сезінетін уақыт жет­кен сыңайлы. Дегенмен сала сарапшылары бұл да уақытша үрдіс екенін алға тартып отыр. Алдағы уақытта Ұлттық банк пайыз­дық мөлшерлемені қайта төмендететін бол­са, халық қайта тұтынушылық несие алуға жүгіне бастауы әбден мүмкін.

Кәмила ДҮЙСЕН

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Ақпан 2026 08:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:25see124

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

15 Тамыз 2026 23:23see117

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

15 Тамыз 2026 13:28see116

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

15 Тамыз 2026 11:06see115

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 10:39see115

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 11:11see113

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

16 Тамыз 2026 11:48see113

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

15 Тамыз 2026 21:54see112

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

16 Тамыз 2026 10:07see111

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

16 Тамыз 2026 13:08see110

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

15 Тамыз 2026 18:53see107

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:19see107

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

16 Тамыз 2026 17:15see106

Жылу желілері жаңарады

15 Тамыз 2026 04:43see105

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Ән ағасы Шәмші челленджі басталды

15 Тамыз 2026 19:16see105

Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Кемінде 20 адам қаза тапты

15 Тамыз 2026 13:53see102

Тұрғын үй сертификаты: тетік пе, кетік пе?

15 Тамыз 2026 09:14see100

Кәсіптің кілті гаражда

15 Тамыз 2026 07:46see99

Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды

15 Тамыз 2026 19:16see99

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

16 Тамыз 2026 09:40see99
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары