Қайрат Нұртастың концерті ерекше аяқталды
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Астанада белгілі әнші Қайрат Нұртас концерт берді. Іс-шара аяқталғаннан кейін көрермендер бірден тарамай, трибуналарда қалған қоқысты жинауға көмектесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Акцияға қатысушылар концерт аяқталған соң қоқысты жинап, аумақты ретке келтірді. Олар өз үлгісі арқылы ауқымды мәдени іс-шаралар кезінде қоршаған орта тазалығына әркімнің жауапкершілікпен қарай алатынын көрсетті.
«Бүгін достарыммен бірге сүйікті қазақстандық өнерпазымыздың концертін тамашалауға келдік. Кештен жақсы әсер алдық. Концерт аяқталған соң аумақты тазартуға өз үлесімізді қосуды жөн көрдік. Бұл – қала тазалығына қосқан шағын үлесіміз», – деді көрермендердің бірі.
Мұндай бастамалар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Сондай-ақ қала тазалығын сақтау әрқайсымыздың күнделікті әрекетімізден басталатынын көрсетеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:63
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қыркүйек 2026 14:26 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















