Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қайсар ару Қайыргүл: агентура қауіп қатердің ортасы

Қайсар ару Қайыргүл: агентура қауіп қатердің ортасы

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қайыргүл Сайлауқызының полиция погонын таққанына биыл 19 жылдан асты. Осы уақыт ішінде ол қатардағы қызметкерден тәжірибелі аға жедел уәкілге дейінгі жолдан өтті. Павлодар өңіріндегі қылмыстық топтардың жолын кесу, заңсыз әрекеттерді әшкерелеу мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау жолында кейіпкеріміз талай күрделі тапсырмаларды орындады. Өңірлік ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасында жұмыс істеу тек физикалық дайындықты емес, ең алдымен аналитикалық ойлауды және психологиялық төзімділікті қажет етеді. Оның айтуынша, бұл салада әйел адамға тән қырағылық пен интуиция көбіне шешуші рөл атқарады.

Фото: Қайыргүл Сайлауқызының жеке архивінен

- Өзім Май ауданының тумасымын. Мектепті Семей өңірінде оқып, Алматыдағы қазақ қыздар педагогикалық институтын тәмамдадым. Кішкене кезімнен полиция киімін кигендерге қарап қатты қызығатынмын, оның үстіне нағашым ішкі істер органында қызмет етті. Сол әсер еткен болуы керек, 2007 жылы Павлодар қаласындағы Оңтүстік полиция бөліміне жұмысқа тұрдым. Тез арада тәжірибе жинап, маман болып қалыптасуыма көмек көрсеткен бірінші басшыларым Қ.Түсіпбеков пен Б.Бөлежановқа, тәлімгерлерім Ирина Кривова мен Гүлмира Дәулетшинаға, Айгерім Нұрбайқызына алғысым шексіз. Полицияда әйел немесе ер адам деп бөліну жоқ. Бізде тек ортақ міндет - заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтардың тыныштығын қорғау ғана бар. Күн сайынғы қиындықтарға қарамастан, жұмысымды адал атқаруға тырысамын, - дейді Қайыргүл Оңалбаева.

Фото: Қайыргүл Сайлауқызының жеке архивінен

Ол қызмет ететін басқарма қылмысты ашу кезінде құпия істермен айналысады. Қылмыстық істі ашу барысында агентуралық қызметкерлер болады. Ол құпия ақпарат жинау мақсатында арнайы қызметтер тарапынан құрылатын, жасырын жұмыс істейтін агенттердің жиынтығы. Қайыргүлдің қазіргі міндеті - белгілі қылмыстық істерді тіркеу, олар бойынша анализдер жасау, қаулылар шығару, т.б. Қажет болса, мәліметтерді жинау үшін өңірлерге шығып, тыңшылық жасайды. Ұйымдасқан қылмыстық істер бойынша өңірде орман ағаштарын ұрлау, контрабандалық өнімдерді тасымалдау, кәсіпорындардың мүлкін тонау, ұйымдасқан қылмыстық топтар құру сияқты заң бұзушылықтар жиі тіркеледі екен.

Фото: Қайыргүл Сайлауқызының жеке архивінен

- Мәселен жақында Баянауыл ауданында Қызыл кітапқа енетін сұңқарларды ұстап, шетел асырмақ болған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін құрықтадық. Күдіктілер туралы мәліметтерді ұзақ жинадық. Нәтижесінде бұлтартпас айғақтарды табылды. Іздестіру барысында сату үшін темір торға қамап қойған 32 сұңқар анықталды. Қылмыстық іске қатысы бар тұлғалар қазір тергеліп жатыр. Оның алдында бірнеше жыл орманды отап келген ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін анықтап, қолға түсірген едік. Осындай кешенді жұмыстардың арқасында заңға томпақ әрекет жасағандардың істері әшкере болуда, - деп қосты ол.

Айтуынша, облыстық полиция департаментіне қарасты ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасында 8 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Ұжымдағы кілең ерлер арасында небәрі 3 ару жұмыс істейтінін, алғашқыда қиын болғанымен бүгінде әбден төселіп алғанын жеткізді. Жылдам ойлау, дереу әрекет ету, жағдайды шұғыл түрде талдау – күнделікті талап етілетін дағдылар. Басқарма қызметкерлерінен жоспар сұралмайды, тек күнделікті шұғыл тапсырмаларды мезгілінде шешіп отырулары қажет.

Басқарма басшылығы Қайыргүлдің еңбек жолы жас мамандарға үлгі екенін айтады. Жиырма жылға жуық тәжірибесі бар офицер ретінде ол өзінің білімін кейінгі толқынға үйретуден жалыққан емес. Павлодар облысының криминогендік ахуалын жақсартуға қосқан үлесі үшін бірнеше мәрте ведомстволық марапаттармен және Алғыс хаттармен марапатталған. Отбасында бір ұл, бір қыз өсіріп отырған ардақты ана. Қызметтің ерекшелігіне байланысты бала тәрбиесіне жете көңіл бөле алмадым деп қынжылды. Әйтсе де, балалары мектепте үлгілі оқып, білім додаларында топ жарып жүр. Жеткіншектерінің жетістігі бойына қуат береді.

Сөз соңында Қайыргүл Сайлауқызы полицияға келгеніне ешқашан өкініп көрмегенін, керісінше мамандығын мақтан тұтатынын жеткізді. Аяулы жан барлық нәзік жандарды, соның ішінде погон таққан аруларды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, бақ-береке тілейді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Наурыз 2026 13:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары