Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қатердің алдын алатын заманауи құрылғы

Қатердің алдын алатын заманауи құрылғы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қарағанды – көмір, кен өндірісінің алтын аймағы. Бүгінде осы өндірістік өлке жаңа технологиялық серпілістің де ордасына айналып келеді. Өңір инженерлері тау-кен қауіпсіздігін күшейтуді көздейтін тың жобаны қолға алып, жерасты кеңістігін барлауға арналған жоғары функционалды дрондар топтамасын әзірлеп жатыр. Бұл – шахтаның терең түкпірінде, аса қауіпті қуыста жұмыс істеуге мүмкіндік беретін заманауи құрылғы.

Жобаның атауы – «GeoJet». Дронның бірнеше үлгісі бар. Әрқайсысы өз өлшемі мен тех­никалық ерекшеліктеріне қарай нақты міндетке бейімделген. Соның ішіндегі ең ықшамы – диаметрі небәрі 23 сантиметр болатын «GeoJet Sphere». Сфера пішінді шағын дрон адам аяғы жетпейтін, адамның өзі түсе алмайтын күрделі кеңістіктерге арналған. Тар шахталарға, опырылып түскен туннелдерге, құлағалы тұрған қуыстарға енді шағын роботтың күшімен барлау жүргізіледі.

Ірі «GeoJet» аппараттары ұзын туннелдер мен кең кен қазбаларында ұшуға бейім­делген. Барлық модель 8K форматындағы ультра-жоғары камералармен жабдықталған. Олар жерасты кеңістігін жан-жақты қамтып, 360 градусқа дейін панорамалық түсірілім жүргізе алады. Үш өлшемді карта жасауға қолданылатын LiDAR лазерлік сканері – жоба­ның ең күрделі әрі құнды құры­лымының бірі. Бейнекадр бір­ден сыртқа тарайды: оптика­лық-тал­шықты байланыс бұл үдеріс­ті жылдам әрі жоғалтусыз қамта­масыз етеді.

– Біздің дрондар қазбалар­ды тексеру, визуалды бақы­лау жүргізу, жасырын жарық­шақ­тар мен қуыстарды анық­тау мақ­сатында жасалған. Қа­быр­ға­лардың ішінде көзге көрін­бейтін кемшіліктер болады, көп жағдайда опырылудың себебі – дәл солар. Ақаулар алдын ала анықталса, адам өмірін сақтап қалуға болады, – дейді жобаның бас инженері Сергей Муравьёв.

Тәжірибелік кезең де өз нәтижесін көрсетіп үлгерді. «GeoJet» аппараттары өңірде­гі темір кені шахтасында сы­нақтан өтті. Ұшу барысын­да дрондар визуалды бақы­лау­ды, фототүсірілімді, жерас­ты қуыстарын цифрлық сканер­леуді толық орындады. Шахта кеңістігі – кез келген техникаға сын. Мұнда ауа қысымы жоғары, GPS-сигнал мүлде жоқ, көрінетін аймақ шектеулі.

– Шектеулі кеңістікте ұшу – дрондардың ең күрделі міндет­терінің бірі. Соған қарамастан, біздің құрылғылар тұрақты жұмыс істеді. Жартылай автоматты басқару режімі бар, жасанды интеллект датчиктерден келетін деректерді талдап, ұшуды нақты уақытта тұрақтандырады, – дейді жобаны басқарушы Виталий Пучков.

Кейбір құрамдас бөліктер, мысалы, көміртекті рамалар Қарағандыда шығарылады: модель түріне қарай олар жергі­лікті жерде басылып дайын­далады немесе шетелден жеткізіліп, кейін осында өңделеді. Қозғалтқыштар, LiDAR жүйелері мен процессорлар шетелдік компаниялардан алынады. Жоба аясындағы сынақтар, бағдарламалық қамтамасыз ету, құрастыру, толықтай реттеу үдерістері өңірде жүзеге асырылып жатыр.

Бұл еліміздегі өндірістік қауіпсіздік мәдениетінің жаңа деңгейге көтерілуіне бағытталған қадам. Жерасты жұмыстарында адам өмірін тәуекелге тікпей, роботтық жүйелерді қолдану – дамыған мемлекеттердің басты қағидаты. Енді осы үрдіс елімізде де қарқын ала бастады.

Қазір әзірлеушілер «GeoJet» топтамасын нарыққа шығаруға қам жасап жатыр. Егер жоба ойдағыдай жүзеге асса, отандық дрондар тау-кен өндірісінде ғана емес, төтенше жағдай қызметінде, құрылыс саласында, құтқару операциясында да кеңінен қолданыс табуы мүмкін.

Қарағанды облысы 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Желтоқсан 2025 08:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары