Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Аурудың алдын алатын наноұлтарақ

Аурудың алдын алатын наноұлтарақ

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Назарбаев университетінің профессоры Гүлнұр Қалимолдина зертханадағы ғылыми идеяны технологиялық бизнеске айналдыра білген еліміздегі санаулы ғалымның бірі. Оның «Mirai Tech» стартабы спортшылардың қимыл-қозғалысын талдап, жарақаттың алдын алуға арналған «ақылды» наноұлтарақ әзірлейді. Иә, нарықта мұндай жобалар бар. Алайда «Mirai Tech» құрылғысының артықшылығы – адам көзі байқамайтын ең ұсақ өзгерістердің өзін тіркей алады. Сол себепті «Digital Business» пен «Astana Hub» бірлескен «Орталық Азияның 100 стартап тарихы» жобасы бұл технологияға арнайы тоқталған еді.

Қалай басталды?

Команда әуел баста паралимпиа­да спортшыларын оңалту, аутизм спек­тріндегі балалардың моторлық дамуын бақылау сияқты бірнеше бағытты қарастырған. Алайда нарық­тық сұранысты бағалай келе, олар толықтай спорт саласына бет бұрды.

Гүлнұр Қалимолдинаның айтуынша, наноұлтарақ адам денесіндегі ең ұсақ қозғалыс пен тепе-теңдік өзгерісте­рін тіркей алады және бұл деректер дәрігер байқамайтын қатерлерді ерте анықтайды. Қысқасы, аталған стартап ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуге көмектеседі. Өйткені футбол, хоккей, баскетбол секілді командалық са­йыста кез келген жарақат – ойыншы­ның уақытша жаттығудан шеттелуімен ғана шектелмейді. Оның артында емдеу, оңалту, ойыншыны алмастыру се­кілді үлкен қаржылық шығын тұрады. Наноұлтарақ осы мәселенің алдын алады. Спортшы осы ұлтарақты киіп, небәрі екі минут жүріп өтсе болғаны, құрылғы бірден қозғалыс асимметриясын, артық жүктемені, салмақтың дұрыс бөлінбеуін көрсетеді. Ал алынған дерек дәрігер мен бапкерге мәселенің түпкі себебін дәл табуға және жаттығу бағдарламасын жедел түзетуге мүмкіндік
береді.

– Аяқ киімнің ішіне орнатылған сезімтал сенсорлар адамның қозғалысын анықтауға көмектеседі. Яғни қадам басу кезіндегі салмақтың табанға немесе тізеге түсуі, жүрген яки жүгірген кездегі өзгерістер есепке алынады. Осылайша, бар болғаны екі минут ішінде құрылғы 20 мыңнан астам дерек жинап, арнайы алгоритмдер арқылы талдайды. Соның нәтижесінде спортшы қозғалысының цифрлық профилі жасалады, – дейді жоба жетекшісі.

Қазір қай кезеңде?

Технология Астанадағы тоғыз клиникада және «Астана», «Тобыл» футбол клубтарында сынақтан өтті. Бұл кезеңде жарақаты бар және сау адамдардың әртүрлі жүру ерекшеліктері салыстырылып, кең көлемде дерек жиналған. Сол мәліметтердің негізінде жүйе үздіксіз жетіліп, дәлдігі артып келеді.

– Нарықта сенсорлы ұлтарақ жасайтын компаниялар баршылық. Алайда «Mirai Tech» құрылғысының артықшылығы – адам көзі байқамайтын ең ұсақ өзгерістің өзін тіркей алады. Еуропадағы мамандар мұндай деңгейдегі талдауды бұрын-соңды көрмегенін айтады. Әдетте осындай диагностика тек арнайы клиникаларда жүргізіледі. Ол жақта үдеріс күрделі. Яғни спортшыны бірнеше датчикке қосып, камераға түсіріп, кейін түсіндіруі қиын үлкен есеп беріледі. «Mirai Tech» осының барлығын бір шағын құрылғы мен қарапайым, түсінікті графикаға сыйдырып отыр, – деді Г.Қалимолдина.

Компания қазір бірнеше шетелдік клубпен келіссөз жүргізіп, жылдық келісімшартқа шығуды көздейді. Айта кетейік, жоба бастапқыда негізінен стартап иесінің жеке қаражаты есебінен дамыған. Кейбір кезеңде зерттеу жұмыстары гранттық қолдаумен жүзеге асырылды. Стартапқа алғаш сенім білдірген «Jas Ventures Limited» қоры 90 мың доллар инвестиция салған. Қор технологияның әлеуетін жоғары бағалап, алдағы уақытта да қолдау көрсетуге ниетті екенін білдірген. Қазір команда құны 500 мың доллардан асатын pre-seed раунды бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Сонымен қатар «Mirai Tech» «Astana Hub Startup Battle» байқауында 25 мың доллар жеңіп алды, «AI SANA Generative Nation» ұлттық конкурсының финалында 10 млн теңгелік грант иегері атанды.

– Бұл қаржының бір бөлігі патенттеуге, зерттеу-әзірлеу (R&D) жұмысын күшейтуге, жасанды интеллектіге негізделген аналитиканы дамытуға бағыт­талмақ. Себебі осы аналитика жүйенің негізгі өзегіне айналады. Команда «Mirai Tech»-ті жай ғана қозғалысты тіркейтін құрылғы емес, түрлі спорт түрлерінде жарақаттың алдын алу мүмкіндігін ұсынатын толыққанды экожүйе ретінде қалыптастыруды көздейді, – дейді жоба жетекшісі.

Ендігі меже қандай?

Компания алдағы 2-3 жылда баскетбол, хоккей, теннис және балалар спорт мектептері нарығына шығуды жоспарлап отыр. Тіпті NBA нарығына кіру мақсаты да бар.

– Бір күні әлемдік дерби кезінде стадион бортында «Mirai Tech» логотипі жазулы тұрса, сол кезде мақсатымызға жеттік деп айта аламыз. Технологияны тек кәсіби спорт шеңберінде шектеп қойғымыз келмейді. 2026 жылдың соңына қарай «Mirai Tech»-тің «ақыл­ды» наноұлтарақтары кез келген қол­да­нушыға қолжетімді болады деп жос­­парлап отырмыз. Кәсіби спортшы бол­мауыңыз мүмкін, бірақ фитнес­­пен шұ­ғылдансаңыз немесе әуесқой ма­рафонға дайындалсаңыз да, қозғалыс динамикасын бақылау, тізе мен арқаға түсетін артық жүктеменің алдын алу өте маңызды. Біздің аналитика табанды дұрыс басу деңгейін көрсетіп, жарақат қаупін ерте ескертеді. Жобаның ғылыми бөлігі әуел бастан менің бақылауым­да болды, алдағы уақытта да солай қала береді. Мен – зерттеуші ғалыммын. Сон­дықтан жаңа буындағы сенсорларды әзірлеу, деректерді талдау, тәжірибелер мен гипотезаларды тексеру сияқты не­гіз­гі ғылыми үдерістердің барлығы менің жауапкершілігімде. Біз тек құрылғы жасап отырған жоқпыз, ғылыми негізі терең технология қалыптастырып жатырмыз. Инженерлік командамен бірге осы бағытты үнемі жетілдіре береміз, – дейді Г.Қалимолдина.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:179
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қараша 2025 08:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

05 Қараша 2026 23:13see139

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see138

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see134

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see134

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see133

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see132

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see132

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see130

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see128

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see125

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see123

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see122

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see121

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see120

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see118

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see117

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see117

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see116

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see115

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары