Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Қалай жоғары мәртебелі болады?

Қалай жоғары мәртебелі болады?

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Шетелдік елшілерге "Жоғары мәртебелі" деп тіл қату қалыптасқан. Бұл атау корольдік дәуірді еске түсіріп, тіпті ескіріңкіреп естілетіні рас. Алайда оның өзіндік себебі бар.

Елші - шетелге жіберілген дипломат қана емес. Бұл мемлекеттің жоғары ресми өкілі. Ол өз елінің атынан сөйлеп, басшылықтың ұстанымын жеткізеді.

Бұл үшін тек тағайындалу жеткіліксіз. Чемодандарды жинап, қызыл автокөлік нөмірлерін алып, Астанаға ұшып келуге де, тіпті дипломатиялық иммунитеттің 30 градустық аяздан қорғамайтынын түсінуге де болады. Бірақ ол Президентке сенім грамоталарын тапсырғаннан кейін ғана ресми түрде елші атанады.

Жұмада  Тәуелсіздік сарайына Мысыр, Швейцария, Эстония, Оман, Мажарстан, Гвинея-Бисау, Нигерия және Дания елшілері бірінен соң бірі келді. Tengrinews.kz тілшісі кемінде 500 жылдық тарихы бар дипломатиялық жоралғыны тамашалады.

Дипломатиялық киімдер

Рәсім басталмас бұрын сегіз жаңа елшіні жеке бөлмеге жинады. Олар креслода отырып, су ішіп, өзара ақырын әңгімелесіп отырды.

Содан кейін есік ашылып, камера ұстаған адамдар кірді. Елшілер бастарын көтеріп, орындарынан тұрды.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов

Бір сәт үнсіздік орнады. Барлығының қолдары айқастырылған - бірі кеудесіне, бірі алдына ұстап тұрды.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов

Жарты сағаттан кейін "Жоғары мәртебелі" деп аталатын сегіз адам күтіп тұрды.

Микрофондар ақ көйлек киген әйелге қарай бағытталды. Бұл - Эстония елшісі Марье Лууп.

Эстония елшісі Марье Лууп. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов

- Өзіңіздің әдемі көйлегіңіз туралы айтып берсеңіз, - деп өтіндім мен.

- Бұл - Эстонияның ұлттық киімі. Эстонияның әр аймағының өз киімі бар, сондықтан олардың жүздеген түрі кездеседі. Біз оларды бүгінгідей өте маңызды шараларға мақтанышпен киеміз. Дәстүрлі киімдердің алуан түрлілігін Ән және би фестивалінен көруге болады. Бұл - зор оқиға: отыз мың адамдық хор, он мың биші қатысады. Бес жылда бір рет өтеді. Келесісі 2028 жылы болады.

Лууп ханым Таллинге жақын орналасқан Рапламаа аймағының костюмін киіп шығыпты.

Ол Қазақстанмен ынтымақтастық туралы дипломат тілінде сөйледі.

- Мен экономикалық қарым-қатынастың әлеуеті зор деп есептеймін. Эстониялық бірнеше компания қазақстандықтармен жұмыс істеуге мүдделі. Сондай-ақ электронды үкімет саласында ортақ жобалар таба аламыз. Бүгінде Эстония - әлемдегі ең цифрлы ел, сондықтан бұл бағытта ортақ бастамалар тауып, ынтымақтаса алатынымыз анық. Білім беру де ынтымақтастық салаларының бірі бола беретіні анық. 

Осы жерде екі елдің ортақ тілі бар екені белгілі болды және ол "е" әрпінен басталады: e-Estonia, eGov, eOtinish.

Оман елшісі Салах Джабуб Мысыр елшісі Самех Шехатамен ортақ тіл іздеп әуре болмады. Оларда ол баяғыдан бар - араб тілі.

Сегіз дипломаттың үшеуі ұлттық киіммен келді. Лууптан бөлек - Салах Джабуб пен Нигерия елшісі Джозеф Олусола Иджи.

Оман елшісі (сол жақта), Мысыр елшісі (ортада) және Нигерия елшісі (оң жақта). Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов

Елші Самех Шехатадан мысырлықтардың Қазақстан туралы не білетінін сұрадық.

Самех Шехата, Мысыр елшісі. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов

- Біздің қарым-қатынасымыз жүздеген жылдарға, он үшінші ғасырда мәмлүктер тұсында Мысырды билеген Аз-Захир Бейбарыс заманына дейін барады. Бізде Бейбарыс мешіті, сол дәуірдің бекіністері мен қамалдары бар. Александриядағы Кайтбай бекінісі де соның айғағы. Біз Қазақстанмен байланысымызды 800 жылдан астам уақыт бойы білеміз, - деді ол.

Көрші үстелде еуропалық төртеу жиналды.

Солдан оңға қарай: Дания елшісі Ларс Туесен, Швейцария елшісі Кристина Хонеггер-Золотухин, Мажарстан елшісі Ференц Цомбош, Эстония елшісі Марье Лууп. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов

Дипломатиялық жоралғылар

Бұдан әрі бәрі ресми сипат алды. Елшілер қатарға тұрды, олардың алдында құрмет қарауылының офицері рапорт берді, "Қош келдіңіздер" деген сөз айтылып, содан соң Қазақстан әнұраны шырқалды.

Әрқайсысының қолында бір-бір папка. Папканың ішінде - сенім грамоталары.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі 

Әнұраннан кейін әрқайсысы кезекпен Қазақстан туына жақындап, тағзым етті.

Мысыр елшісі Самех Шехата Қазақстан туының алдында. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов

Әркім мұны өзінше жасады. Швейцария елшісі Кристина Хонеггер-Золотухин оң қолын жүрегіне қойды.

Швейцария елшісі Кристина Хонеггер-Золотухин Қазақстан туының алдында. Ақорда трансляциясынан кадр

Рәсім таңғаларлықтай салтанатты әрі жинақы өтті. Мұндағы ең қатты дыбыс - тек рапорт пен гимн. Одан кейін - тыныштық. Көгілдір кілемнің үстімен жүрген қадамдардың дыбысы ғана естіледі.

Эстония елшісі Марье Лууп Қазақстан туының алдында. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов

Көрші бөлмеде барлығын рәсімнің қорытынды бөлімі - сенім грамоталарын тапсыру сәті күтіп тұрды.

Дипломатиялық қатар

Дипломаттар жаңа қатарға жайғасты. Костюмдерін түзеп, орындарының дұрыстығын тексеріп, папкаларын дайын ұстады. Әр елдің папкасы әртүрлі: алтынмен апталған қою көк, ашық қызыл немесе қарапайым ақ түсті конверт.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов

Залға Қазақстан Президенті кірген соң, бірден негізгі шараға көшті. Елшілер кезекпен шығып, тағзым етіп, қысқаша сөз сөйлеп, папкаларын екі қолмен табыстады. Қасым-Жомарт Тоқаев та оларды екі қолымен қабыл алды.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов

Сегіз елшінің сөзі де бұл міндеттің үлкен мәртебе екеніне саяды. Бірі президенттердің бұрынғы кездесулерін еске алса, енді бірі қазақша бірнеше сөз айтты. Оман мен Мажарстан елшілері орыс тілінде сөйледі.

Мажарстан елшісі Ференц Цомбош пен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда баспасөз қызметі 

- Dear ambassadors, Your Excellencies (құрметті елшілер, жоғары мәртебелілер), - деп бастады Президент.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сыртқы саясаты туралы айтты.

- Бүгін – шын мәнінде, елдеріңіздің өкілі ретінде сіздер үшін де, Қазақстан Республикасы үшін де өте маңызды күн. Осы орайда барлығымыз бірлесіп жұмыс істеуіміз қажет екеніне сенімдімін. Өйткені Қазақстан бейбітсүйгіш ел саналады. Біз теңгерімді және сындарлы сыртқы саясат ұстанамыз. Ел ішінде реформа жүргізуге қолайлы жағдай жасауға ұмтыламыз. Сыртқы істер министрлігінің, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ Президент резиденциясының сіздер үшін әрдайым есігі ашық. Өйткені қазіргі тұрақсыз әрі құбылмалы әлемде бірге болуға тиіспіз.

Содан кейін Президент әр елшіге жеке тоқталды. Олар өкілдік ететін ел, ынтымақтастық және алдағы бірлескен жоспарлар туралы бірнеше сөз айтты.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі 

Мұның бәрі қарапайым түйінге тіреледі: мұнда сіздерге әрқашан есік ашық және алда ауқымды жұмыс күтіп тұр.

Ал сегіз дипломат үшін рәсімнің ең басты мақсаты орындалды. Енді олар - жоғары мәртебелілер. 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:102
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қыркүйек 2026 19:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see158

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see148

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see148

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see147

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see146

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see144

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see143

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see139

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see139

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see133

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see130

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see129

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see124

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see121

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see120

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see120

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see119

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары