Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Қалалар мен ауылдар әртүрлі нәрсені қалайды: қазақстандықтардың сауалнамасы не көрсетті

Қалалар мен ауылдар әртүрлі нәрсені қалайды: қазақстандықтардың сауалнамасы не көрсетті

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстандықтардан өздері тұратын елді мекендердің дамуын қалай бағалайтыны сұралды. Тұрғындардың көпшілігі кейінгі үш жылдағы оң өзгерістерді атап өтіп, алдағы уақытта да жаңару болады деп үміттенеді. Дегенмен жол мәселесі мен абаттандыру жұмыстары әлі де басты сұраныс ретінде қалып отыр, сондай-ақ халық медицина, интернет және коммуналдық инфрақұрылымға көбірек көңіл бөле бастаған. Ұлттық талдау орталығының 2026 жылғы шілде-тамыз айларында жүргізген жалпыұлттық сауалнамасы осындай нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жастар анағұрлым оптимистік көзқараста

Қазақстан тұрғындарынан кейінгі үш жылда өз елді мекендеріндегі инфрақұрылым мен көрсетілетін қызметтердің сапасы жақсарды ма деп сұралды. Сауалнамаға қатысқандардың 68 пайызы оң жауап берді: 42 пайызы жағдайдың жақсарғанымен толық келіссе, тағы 26 пайызы көбіне келісетінін айтқан.

Бұл ретте респонденттердің 30 пайызы ешқандай өзгерісті байқамаған, ал 2 пайызы жауап беруге қиналған. Қалаларда тұрғындардың 71 пайызы, ауылдарда 62 пайызы оң динамиканы атап өтті.

Өзгерістерге жастар анағұрлым оптимистік баға беріп отыр: 18 бен 35 жас аралығындағы респонденттердің 78 пайызы жақсаруды байқаған. 36–50 жас аралығындағы топта бұл көрсеткіш 61 пайызды, ал 50 жастан асқан тұрғындар арасында 64 пайызды құрады.

Қазақстандықтардан өмір сүру жағдайлары туралы сұралды

Ағымдағы өмір сүру жағдайына берілген баға бұдан да жоғары болды. Респонденттердің 82 пайызы өз елді мекеніндегі жағдайға көңілі толатынын мәлімдеді. Оның ішінде 22 пайызы толықтай риза болса, 60 пайызы көбіне риза екенін айтқан.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Астана-1 вокзалын жөндеу: қашан аяқталады және қазіргі жағдайы қандай?

05 қыркүйек 14:58 1

Сауалнамаға қатысқандардың 17 пайызы қазіргі жағдайға көңілі толмайтынын білдірсе, тағы 1 пайызы жауап беруге қиналған.

Қалаларда тұрғындардың 84 пайызы, ауылдық жерлерде 78 пайызы жағдайға риза. Жастар арасында бұл көрсеткіш 87 пайызға жетсе, 36–50 жас аралығындағыларда - 78 пайызды, ал 50 жастан асқан тұрғындар арасында 81 пайызды құрады.

Қазақстандықтар қандай жақсаруларды жиі атап өтті?

Респонденттерге кейінгі үш жылда өзгерістер айқын байқалған үш бағытты атау ұсынылды. Бірінші орында - жолдар (32 пайыз). Одан кейінгі орындарда:

абаттандыру - 29 пайыз; саябақтар мен көгалдандыру - 22 пайыз; мектептер мен балабақшалар - 18 пайыз; жаңа тұрғын үйлер - 15 пайыз; қоғамдық көлік - 11 пайыз; ауруханалар мен емханалар - 11 пайыз; интернет және мобильді байланыс - 7 пайыз; ТҮКШ - 6 пайыз.

Сонымен қатар сауалнамаға қатысқандардың 15 пайызы кейінгі үш жылда өз елді мекендерінде ештеңе жақсармағанын айтты.

Қала мен ауыл арасындағы айырмашылықтар байқалады. Қалалықтар саябақтар мен көгалдандырудың, жаңа тұрғын үйлер мен қоғамдық көліктің жақсарғанын көбірек айтса, ауыл тұрғындары жолдар мен ТҮКШ саласындағы өзгерістерді жиі атап өткен.

Қай салаларды дамыту қажет?

Болған өзгерістерге оң баға беру - тұрғындардың бұл жұмыстарды аяқталды деп санайтынын білдірмейді. Респонденттерден бірінші кезекте қай бағыттарды дамыту керектігін сұрағанда, тағы да жолдар мен абаттандыру мәселелері көш бастады (әрқайсысы 26 пайыздан).

Тізімнің жалғасы:

ауруханалар мен емханалар - 21 пайыз; интернет және мобильді байланыс - 20 пайыз; мектептер мен балабақшалар - 19 пайыз; ТҮКШ - 17 пайыз; саябақтар мен көгалдандыру - 16 пайыз; қоғамдық көлік - 13 пайыз; жаңа тұрғын үй - 10 пайыз.

Тағы 24 пайызы өз нұсқаларын ұсынды. Олардың ішінде экономикалық мүмкіндіктер, туризм, спорттық және мәдени инфрақұрылым жиі аталды.

Қала мен ауыл түрлі өзгерістерді күтеді

Сауалнамаға сәйкес, ауылдық жерлерде абаттандыруға, саябақтар мен көгалдандыруға, сондай-ақ интернет пен байланысқа деген сұраныс жоғары. Ал қалаларда қоғамдық көлікті, қоғамдық әжетханаларды дамыту және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қолжетімді ортаны қалыптастыру қажеттілігі көбірек айтылады.

Жас мөлшері де басымдықтарға әсер етеді. Жас респонденттер жолдарды, мектептер мен балабақшаларды, саябақтарды, интернет пен қоғамдық көлікті жиі атайды. 50 жастан асқан адамдарда абаттандыру мен ТҮКШ мәселелеріне сұраныс жоғары.

Қазақстандықтар арасындағы сауалнама нені көрсетті?

Ұлттық талдау орталығының сауалнамасы 2026 жылғы шілде-тамыз айларында жүргізілді. Оған Қазақстанның 1000 кәмелетке толған тұрғыны қатысты. Сұхбаттар телефон арқылы CATI әдісімен жүргізілді, іріктеу жынысы, жасы, өңірі және елді мекен түрі ескеріле отырып жасалды.

"Түйіндей келе, тұрғындар үшін күнделікті физикалық ортадағы өзгерістер – ең алдымен жолдар, абаттандыру, саябақтар мен көгалдандыру неғұрлым байқалатынын атап өтуге болады. Осы бағыттар әрі қарайғы дамудың басты басымдықтары қатарында қалып отыр, яғни нәтиженің көрінуі осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру туралы сұранысты жоймайды. Сонымен қатар, медицина, интернет пен мобильді байланыс, ТҮКШ салалары ең айқын жақсартулар ретінде емес, көбіне басымдықтар ретінде аталады, бұл аталған салалардың қоғамдық күтулердегі маңыздылығын көрсетеді", - деп атап өтті зерттеу авторлары.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:112
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қыркүйек 2026 14:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары