Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Қаламгерлер уақытын билікпен диалог жүргізуге жұмсаса, әдебиетті кім жасайды? : Жазушылар одағы депутаттың сынына жауап берді

Қаламгерлер уақытын билікпен диалог жүргізуге жұмсаса, әдебиетті кім жасайды? : Жазушылар одағы депутаттың сынына жауап берді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

2025 жылғы 29 қазанда Мәжілістің жалпы отырысында қазақ әдебиетінің дамуы және мемлекет пен әдебиет арасындағы рухани диалогтың қажеттілігі туралы сауал жолдаған еді. Осыған орай Қазақстан Жазушылар одағы ресми мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Мәлімдемеде Одақ депутат Қазыбек Иса көтерген мәселелердің басым бөлігі бұған дейін Жазушылар одағы тарапынан бірнеше рет көтеріліп, кейбірі жүзеге асып жатқанын атап өтті. 2023 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкеновті қабылдағанда да осы тақырыптар қозғалған. Президент жас қаламгерлерге ерекше көңіл бөліп, мемлекет тарапынан қолдау шаралары жалғасатынын айтқан еді. Бұл бағыттағы жұмыстар бүгінде тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Жыл сайын беріліп келе жатқан мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығы, Президенттің арнаулы әдеби сыйлығы және «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы – осының айғағы. Жазушылар одағы ел руханиятының тірегі ретінде ұлттық әдебиетті дамытуда, қаламгерлер буынының сабақтастығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отыр. Ұйым Президент Әкімшілігімен, Үкіметпен, Мәдениет және ақпарат министрлігімен, өңірлік әкімдіктермен және шет мемлекеттермен бірқатар жобаны жүзеге асырып келеді. Сондықтан «құзырлы орындар әдебиетке немқұрайлы қарайды» деген пікір орынсыз деп саналады.

Сондай-ақ Одақ депутаттың «Үкімет пен әдебиет арасындағы мәдени үнқатысуды жүйелі диалогтық платформа ретінде бекіту» туралы ұсынысына қатысты өз ұстанымын білдірді.

Мәлімдемеде: «Қаламгер қауымы билікпен диалог жүргізумен уақыт өткізсе, әдебиетті кім жасамақ?» – делінген.

Жазушылар одағы қазақ әдебиетінің болашағын жас буынмен байланыстырып, жас таланттарды қолдау мен әдеби үдерісті жаңа бағытта дамытуға басымдық беріп отыр. «Қазақстан Жазушылар одағы мүшелігіне үміткер» жобасы аясында 20 жасқа дейінгі жастарға арналған байқаулар, шеберлік сабақтары мен әдеби кештер өткізіліп келеді. Балалар әдебиетін дамыту мақсатында халықаралық «Ертөстік» әдеби сыйлығы тағайындалған. Бұдан бөлек, былтыр Алматыда өткен «Алматының жас жазушысы» жобасы ендігі жылдан бастап Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен бүкіл республика бойынша «Қазақстанның жас жазушысы» атауымен жалғасын табады.

2024-2025 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, үш ірі жоба іске асырылған: «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы», «Жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» және «ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылар туралы зерттеу жұмыстары». Соңғы жоба аясында қазақ әдебиеті институтын ашу бағытындағы жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қазіргі қазақ әдебиетінде заманауи адамның бейнесін бейнелейтін шығармалар жеткілікті екені де айтылды. Бұл – былтыр жарық көрген 20 кітап пен биыл жарық көретін тағы 20 еңбектен анық көрінеді. 2026 жылдан бастап Одақ «Түркі әлемінің әдебиеті» жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жоба аясында түркі елдерінің үздік туындылары қазақ тіліне аударылып, отандық оқырманға ұсынылады. Бұл бағыттағы жұмыс Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстан Жазушылар одақтарымен қол қойылған меморандумдар арқылы басталып кеткен.

Сонымен қатар Жазушылар одағы жанындағы проза, поэзия, балалар әдебиеті, әдеби сын, драматургия, аударма, детектив және жастар кеңестері әдебиеттің жан-жақты дамуына серпін беріп отыр.

Мәлімдеменің соңында Одақ басқармасы депутаттық сауалда көтерілген мәселелердің ұйымның күн тәртібімен толық үндесетінін атап өтті. «Қазақ әдебиеті – іргетасы берік, рухани қуаты зор, болашағы жарқын әдебиет. Біз әдебиетті дамыту ісінде мемлекетпен бірлесе жұмыс істеуді, жас қаламгерлерге қолдау көрсетуді және ұлттық руханиятты жаңғыртуды басты міндетіміз деп білеміз. Қазақ әдебиеті – ұлт рухының айнасы. Оны дамыту – баршамыздың ортақ парызымыз!» – делінген мәлімдемеде.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:135
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қараша 2025 16:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары