Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Қалдық өңдейтін кешен құрылысы басталды

Қалдық өңдейтін кешен құрылысы басталды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, экологиялық инфрақұрылымды жаңғырту және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған заманауи технологияларды кеңінен енгізу жөніндегі тапсырмаларын іске асырудың нақты көрінісі саналады. Сонымен қатар бастама елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және елді мекендердің тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының мақсат-міндеттерімен де үндеседі. Бүгінде қалдықтарды тиімді басқару мәселесі әлемнің көптеген елі үшін маңызды стратегиялық міндеттердің біріне айналып отыр. Халық санының өсуі, урбандалу үдерісінің күшеюі және тұрмыстық тұтыну көлемінің артуы қалдықтардың көлемін ұлғайтып, оларды қауіпсіз әрі тиімді кәдеге жарату қажеттігін алға шығаруда. Осы тұрғыдан алғанда, Шымкентте қолға алынған жаңа кешен қаланың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, қалдықтарды басқарудың жаңа моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жобалық қуатына сәйкес, заманауи кешен тәулігіне шамамен 1000 тонна қатты тұрмыстық қалдықты термиялық жолмен өңдеуге қауқарлы болады. Өңдеу барысында 24 МВт·сағатқа дейін электр энергиясын өндіру көзделіп отыр. Бұл қалдықтарды тек кәдеге жарату мәселесін шешіп қана қоймай, оларды қосымша энергетикалық ресурс ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Жобаға тартылатын тікелей инвестиция көлемі шамамен 54 млрд теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары 2026-2028 жылдар аралығында жүргізіледі деп жоспарлануда. Нысан толық іске қосылғаннан кейін кемінде 80 тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Осылайша, жоба өңірдің инвестициялық әлеуетін арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға және қала экономикасына қосымша серпін беруге ықпал етеді.

Кешеннің іске қосылуы Шымкент қаласындағы қалдықтарды басқару жүйесін сапалы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Ең алдымен, тұрмыстық қалдықтарды полигондарға көму көлемі едәуір қысқарады. Бұл өз кезегінде қоршаған ортаға түсетін антропогендік жүктемені азайтып, қаланың санитарлық-экологиялық жағдайын жақсартуға оң әсер етеді. Жобаның тағы бір маңызды ерекшелігі – қалдықтарды өңдеу нәтижесінде алынатын өнімдерді қайта пайдалануға мүмкіндік беретін техно­логиялық шешімдердің қарастырылуы. Атап айтқанда, өңдеу процесінен кейін қалған күлді одан әрі кәдеге жаратып, құрылыс материалдарын өндіру жоспар­ланып отыр. Бұл қалдықсыз немесе қал­дық көлемі барынша азайтылған өндіріс қағидаттарын енгізуге жол ашады.

Мамандардың пікірінше, мұндай кешендердің іске қосылуы қалдықтарды басқару саласындағы инфрақұрылымдық мәселелерді шешумен қатар, қала тұрғындарының экологиялық қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Өйткені заманауи технологиялар арқылы қалдықтарды бақылаусыз жинау мен көму көлемін азайтып, қоршаған ортаға кері әсерді төмендетуге болады.

Жобаның жүзеге асуы – Шымкенттің халықаралық ынтымақтастық пен инвестиция тарту бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесі. Атап айтқанда, 2024 жылы Шымкент пен Қытай Халық Республикасының Сиань қаласы арасындағы бауырластық байланыстарды дамыту аясында бірқатар маңызды келіссөздер жүргізілген. Сол кезеңде қала әкімі бастаған делегация өндірістік нысандарды аралап, әлеуетті инвес­торлармен кездесулер өткізді. Ке­ліссөз­дерге Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев та қатысты. Осы кездесулер барысында қалдықтарды өңдеу және экологиялық инфрақұрылым саласында мол тәжірибесі бар Shaanxi Construction Engineering компаниясымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды. Нәтижесінде, тараптар ынтымақтастық орнатуға уағдаласып, нақты жобаны іске асыруға бағытталған жұмыстар басталды. Шымкент қаласының әкімдігі мен компания арасында ынты­мақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен инвестор арасында инвестициялық келісім жасалды. Бұл құжаттар жобаны жүзеге асырудың құқықтық және институционалдық негізін қалыптастырып, инвестициялық серіктестікті жаңа деңгейге көтерді.

Жалпы, Шымкентте іске асырылып жатқан бұл жоба еліміздегі экологиялық инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы маңызды бастамалардың бірі болмақ. Оның ерекшелігі бір мезетте бірнеше мәселені шешуге бағытталға­нында. Біріншіден, қатты тұрмыстық қалдық­тарды кәдеге жарату көлемі артады. Екіншіден, қалдықтарды поли­гондарға көму деңгейі төмендейді. Үшін­шіден, электр энергиясын өндіру арқылы қал­дықтан экономикалық құндылық қа­лыптастыруға мүмкіндік туады. Төр­тіншіден, жаңа технологиялар мен инвестициялар тартылып, тұрақты жұмыс орындары ашылады.

Жоба Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу бағытымен де сабақтас. Қалдықтарды басқарудың заманауи жүйесін қалыптастыру – экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды элементі. Осы ретте Шымкентте іске қосылатын кешен қаланың ғана емес, жалпы еліміздің қалдықтарды басқару саласындағы тәжірибесін жетілдіруге ықпал ететін нысанға айналуы мүмкін. Капсула салу рәсімінде Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бұл бастаманың қала үшін маңыздылығына тоқталды.

«Бүгін біз Шымкенттің маңызды экологиялық жобаларының бірінің негізін қалап отырмыз. Бұл кешеннің іске асуы қалдықтарды басқару жүйесін жаңа деңгейге көтеруге, заманауи қайта өңдеу технологияларын енгізуге және қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді. Серіктестеріміз бен инвесторларымызға сенімі мен бірлескен еңбегі үшін алғысымды білдіремін», – деді қала әкімі.

Шымкенттің халқы мен экономикалық әлеуеті жыл санап артып келеді. Үшінші мегаполистің қарқынды дамуы қалалық инфрақұрылымға, оның ішінде эколо­гиялық жүйеге қойылатын талаптарды да күшейтуде. Сондықтан қалдықтарды басқарудың тиімді әрі заманауи моделін қалыптастыру – шаһардың орнықты дамуының негізгі бағыттарының бірі. Алдағы жылдары жаңа кешеннің іске қосылуы Шымкенттің экологиялық инфрақұрылымын жаңғыртуға тың серпін беріп, қалдықтарды басқару саласындағы жүйелі өзгерістердің берік негізін қалыптастырады деп күтілуде. Бұл – таза әрі қауіпсіз қаланы қалыптастыруға бағытталған нақты қадам ғана емес, келер ұрпаққа қолайлы қоршаған орта қалдыру жолындағы маңызды инвестиция.

Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:98
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Шілде 2026 06:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары