Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ ұлттық музыкалық драма театры 36 шы жаңа маусымын ашады

Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ ұлттық музыкалық драма театры 36 шы жаңа маусымын ашады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

9 қыркүйек күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры жаңа 36-шы маусымын ашады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

 «Қарагөз» трагедиясы – қазақ драматургиясының алтын қорындағы шоқтығы биік шығармалардың бірі. Спектакльде Сырым мен Қарагөздің тағдыры арқылы махаббат пен дәстүр, жеке адамның таңдауы мен қоғамдық көзқарас арасындағы қайшылықтар көрсетіледі. Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлсина Миргалиева. Қоюшы суретші – Қанат Мақсұтов. Композитор – Олжас Дәлелхан. Хореограф – Салтанат Сұңғат. Киім суретшісі – Мадина Қосмағанбетова.

Қарагөз рөлін актриса, ҚР «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты Ақмарал Танабаева, Сырымды Әнуар Бектас, Нарша рөлін Бәзіл Сұлтанғазы сомдайды. Сонымен қатар, спектакльде «Құрмет» орденінің иегерлері Майра Омар, Ержан Нұрымбет, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Қуандық Қыстықбай, актриса Айнұр Жетпісбаева және тағы басқа актерлер өнер көрсетеді.

Жаңа маусымда театр көрерменге классикалық шығармалармен қатар, заманауи драматургия туындыларын және түрлі жанрдағы спектакльдерді ұсынады. Қыркүйек айының репертуарында Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» драмасы, М.Әуезовтің «Абай» қойылымы, С.Тұрғынбекұлының «Шәмші» элегиясы, Ж.Әлікеннің «Жүрек сыры. Махаббатым сен...» драмасы, М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» драмасы, У.Шекспирдің «Romeo& Juliet» синема-эпосы, балаларға арналған «Ертегі түннің әуені» классикалық ертегілер жиынтығы мен «Құмқала», «Бала мерген» ертегілері, Л.Толстойдың «Анна Каренина. Роман парақтары» хореодрамасы, Қ.Жиенбайдың «Патша көңілім, не дейсің?!.» комедиясы, Б,Брехттің «Шеңбер» драмасы, С.Балғабаевтың «Қыз жиырмаға толғанда» мелодрамасы, Д.Исабековтың «Қазақы комедия немесе Бонапарттың үйленуі» комедиясы, «Кешкі 7» спектакль-концерті, Е.Жуасбектің «Үйлену» музыкалық комедиясы, Ш.Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» лирикалық драмасы, Г.Бюхнердің «Войцек» драмасы,  Э.Хушвақтовтың «Қызыл алма» лирикалық комедиясы, Р.Мұқанованың «Бопай ханым» спектакльдері ұсынылады.

Сонымен қатар, театр ұжымы бірқатар республикалық және халықаралық фестивальдерге қатысып, өңірлерге гастрольдік сапар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Қыркүйек айында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлсина Миргалиеваның режиссерлігімен сахналанған Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» драмасы Павлодар қаласында өтетін «Ертіс-Баян» республикалық театрлар фестиваліне қатысады.

Олжас Жанайдаровтың «Жұт» драмасы (режиссері Айрат Абушахманов) Арқалық қаласына, Жангелдин және Амангелді ауылдарына гастрольдік сапармен аттанады. Бұл сапар театр өнерін өңір көрермендеріне жақындатып, шығармашылық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.

Қазан айында Лев Толстойдың «Анна Каренина. Роман парақтары» хореодрамасы (режиссері Рача Махатаев) ТеатрALL Халықаралық театр фестиваліне қатысады.

Театр  репертуарындағы Т.Әбдіктің «Парасат майданы» спектаклі (режиссері Г.Миргалиева) қазан айында Қарағанды қаласында өтетін Әшірбек Сығай атындағы «Сын – шын болсын» республикалық фестиваліне шақырту алды.

Қараша айында театрдың 35 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Мерейтой аясында театрдың шығармашылық жолын саралап, өнер ұжымының бүгінгі тынысын танытатын бірқатар іс-шара ұйымдастырылады.

Театрдың жаңа 36-шы маусымы ұлттық классика мен заманауи драматургияны тоғыстыра отырып, көрерменге сан алуан жанрдағы жаңа қойылымдар мен шығармашылық жобаларды ұсынып, театр өнерінің жаңа белесін қалыптастыруға бағытталады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:61
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қыркүйек 2026 18:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары