Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Музыкалық жас көрермен театры жаңа маусымын Абай Тоғжан қойылымымен бастады

Музыкалық жас көрермен театры жаңа маусымын Абай Тоғжан қойылымымен бастады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Биыл театр репертуарын жаңа қойылымдармен толықтырып, көрерменге түрлі жанр мен мазмұндағы спектакльдерді ұсынуды жоспарлап отыр,  – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Жетінші маусымның шымылдығын театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров ашып, ұжым үшін жаңа кезеңнің басталуымен құттықтады. Ол театрдың осы уақытқа дейінгі шығармашылық жолына тоқталып, тарихымен таныстырды.

«Бүгін жетінші маусымның шымылдығын ашып жатырмыз. Расында, осыдан алты жыл бұрын жетінші маусымға келеміз деп ойламаған едік. Уақыт жүйрік екен. Осы жылдар ішінде театрымыздың репертуарында 30-дан астам қойылым жинақталды. Қазақта жеті деген санды ерекше қасиет, кие тұтады. Сондықтан жетінші маусымда театрымызда қадір-қасиеті мол, ерекше мазмұны мен сипаты келіскен, көркемдік ізденістерге толы қойылымдар болады деп сенемін. Біздің театр 2020 жылғы 14 желтоқсанда Мұхтар Әуезовтің «Абай-Тоғжан» қойылымымен ашылған болатын. Күні кеше ғана қазақтың ақыны, ойшылы ұлы Абайдың туған күніне орай Абай күні аталып өтті. Биыл – Абайдың туғанына 181 жыл. Біз Абай атамыздың 175 жылдығында арнайы ашылған болатынбыз. Сондықтан «Абай-Тоғжан» – біздің төлқұжатымыз. Бұл қойылымның театрымыз үшін орны ерекше», – деді қойылым режиссері, театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров.

Театр ұжымы биылғы маусымның алғашқы қойылымы ретінде «Абай–Тоғжан» спектаклі көрерменге тарту етті. Қойылымның театр репертуарында өзіндік орны бар. Сонымен қатар жаңа маусым барысында көрерменге «Гауһартас», «Қош бол, Гүлсары» секілді қойылымдар ұсынылып, жаңа туындылар мен премьералар сахналанбақ.

«Абай-Тоғжан» – көрерменнің ықыласына бөленген, театр репертуарындағы маңызды қойылымдардың бірі. Жаңа маусымда да көрермендерді осы спектакльмен қайта қауыштыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар репертуарымызда «Гауһартас», «Қош бол, Гүлсары» секілді қойылымдар бар. Бұдан бөлек, көрерменге ұсынатын жаңа туындыларымыз бен бірнеше премьера дайындалып жатыр.

«Жалпы, жаңа маусымның басталуы – біз үшін үлкен мереке. Ұжым үшін бұл шығармашылық жұмыстың жаңа кезеңі. Демалыстан кейін әр әртіс сахнаға жаңа күшпен, тың оймен, ерекше шабытпен оралады. Сондықтан жаңа маусымда көрерменге де жаңа әсер сыйлайтын дүниелер көп болады деп ойлаймын. Көрермендерімізді де сағындық. Театр мен көрерменнің арасындағы байланыс біз үшін өте маңызды. Сол себепті жаңа маусымда көрермендерімізбен қайта қауышып, жақсы қойылымдарымызды ұсынуға қуаныштымыз. Алдағы уақытта тың дүниелер мен жаңа премьералар арқылы көрерменнің көңілінен шығуға тырысамыз», – деді Музыкалық жас көрермен театрының әртісі Асылхан Төлепов.

Театрдың басты бағыттарының бірі – көрерменге сапалы қойылым ұсынып қана қоймай, сахна арқылы қоғамдағы маңызды тақырыптарды көтеру. Әсіресе жас көрерменнің театрға қызығушылығын арттырып, оның эстетикалық талғамы мен дүниетанымын қалыптастыруға ықпал ету маңызды.

Осылайша, Музыкалық жас көрермен театрының жетінші маусымы жаңа шығармашылық жоспарлар мен тың ізденістерге жол ашты. Алдағы уақытта көрерменді танымал қойылымдармен қатар, жаңа туындылар мен премьералар күтеді. Ендігі кезекте театр ұжымы жаңа рөлдер мен қойылымдар арқылы көрерменге ой салып, жетінші маусымды мазмұнды әрі есте қаларлық шығармашылық кезеңге айналдыруды көздейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:72
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Тамыз 2026 09:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see127

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see126

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары