Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Астана Опера жаңа маусымын ерекше концертпен бастамақ

Астана Опера жаңа маусымын ерекше концертпен бастамақ

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Жақында «Астана Опера» шымылдығын түріп, XIV театр маусымын ашады, ал 13 қыркүйекте Бейбітшілік және Келісім Сарайы сахнасында концертін ұсынады, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты

Кинофильмдерден танымал әуендерді экраннан есту бір бөлек те, оны оркестр мен солистердің жанды орындауында тыңдау мүлде басқаша. Мұны дарынды музыкант әрі осынау жобаның авторы Әлихан Ыдырысовтың арқасында «Астана Опера» көрермендері жақсы біледі. «Экран әуендері» топтамасы 2014 жылы бастау алған, содан бері концерттер театрдың Үлкен залы мен К.Байсейітова атындағы Камералық залының сахналарында өткізіліп келеді. Әрбір өнер көрсетуден кейін музыка сүйер қауым Ә.Ыдырысовқа жылы лебіздерін арнап, бағдарламаны тағы қайталауды сұрайды. Қазір музыкант өзінің авторлық жобасын алғаш рет Бейбітшілік және Келісім Сарайы сахнасында ұсынуға дайындалуда және бағдарлама жаңа көрермендердің жүрегінен ерекше орын алып, балалық шақтан немесе жастық шақтан сыр шертетін сүйікті кинофильмдердің жылы атмосферасын сыйлайды деген үмітте. Бұдан бөлек, шоу-бағдарлама осы сахнада жаңаша әрленетін таныс әуендер арқылы адамдардың талайлы тағдыры мен ғибратты өмір жолын көрерменге паш етеді.

Музыкалық кеш өткен ғасырдағы «Гауһартас», «Тақиялы періште», «Менің атым Қожа», «Ән аға», «Біздің сүйікті дәрігер» сынды танымал кинотаспалардан шлягерлерді қамтиды. Бұдан бөлек, «Ағам немесе неке», «Тоқта, түн», «Рэкетир», «Жаным», «Астана – менің махаббатым» сынды басқа да заманауи фильмдер мен телесериалдардан танымал әуендер бағдарламаға көрік береді. Театрдың симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен опера труппасының солистері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Расул Жармағамбетов, «Құрмет» орденінің кавалері Айзада Қапонова, Мәдина Исламова, Назым Сағынтай,  Талғат Аллабиринов, Сұлтан Бақытжан, Ардақ Сабыр, сондай-ақ El Voice тобы және тағы басқа әртістер жарқын өнер көрсетеді. Ал Руслан Баймурзин «Адамдар арасындағы бөлтірік» кинофильмінен Төлеген Мұхамеджановтың «Балалық шақ» туындысын және «Қыз Жібек» кинофильмінен Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін домбырада тамылжыта орындайды. Шақырылған әртіс Евгений Ботников саксофонда ойнау шеберлігін паш етеді. Осынау кеште көпшілік Әлихан Ыдырысовтың шығармашылығына жоба авторы ретінде ғана баға беріп қоймайды, сондай-ақ оның фортепианодағы ойынына тәнті болады. Кинофильмдердегі музыка жас тыңдармандар үшін де тартымды болатынын атап өтуіміз керек, өйткені жоба авторы оларды заманауи кавер нұсқада өңдейді.

– Бұл – сырт көзге оңай көрінгенімен, қыруар еңбекті қажет ететін процесс. Бір жобаға арналған материалды дайындау кейде жарты жыл, кейде тіпті бір жыл уақыт алады. Ал айлар бойы төгілген тер мен дайындықтың нәтижесі сахнада небәрі бір сағаттан астам уақыт ішінде өте шығады. Десек те еңбек пен ізденістің арқасында туған жобаларымның жылдар бойы театр репертуарынан түспей, көрерменге ұмытылмас әсер сыйлап келе жатқаны – мен үшін зор мәртебе әрі қуаныш, – деп атап өтті Әлихан Ыдырысов. – Кинофильм музыкасының оркестрлік өңдеуін жасайтын кезде мен әрбір нотаның қалай дыбысталуы керектігін егжей-тегжейлі жазып шығамын. Себебі дыбыстың компьютердегі естілуі бір басқа да, оның оркестрдің жанды орындауындағы үні мүлде бөлек, бұлай музыка таңғаларлықтай қуатты шығады. Алайда мен музыканы өңдеумен ғана шектелмеймін, жоба авторы ретінде концерттің басынан аяғына дейінгі әрбір детальді жіті ойластырамын: кештің режиссері кім болатынын, солистердің құрамын, жарықтың қойылуын, оркестрдің сахнада қалай орналасатынын, тіпті музыка ойналып жатқан сәтте экранда қандай бейне көрсетілетініне дейін алдын ала толық жоспарлаймын, - деп пікірін қосты Әлихан Ыдырысов.

XIV театр маусымы бойы «Астана Опера» әртістері Бейбітшілік және Келісім Сарайы сахнасында белсенді өнер көрсетеді. Көрермендерді қызықты гала-опералар мен гала-балеттер және балаларға арналған жобалар күтеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:126
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Тамыз 2026 14:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see152

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see151

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see148

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see141

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see135

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see133

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see131

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see125

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see125

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see124

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see123

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see123

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see123

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see123

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see121

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see120

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see120

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see119

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see119

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары