Абай атындағы театрдың Спартак балетін Аспендоста 30 мың көрермен тамашалады
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры Түркияның Аспендос қаласында өткен XXXIII халықаралық опера және балет фестивалінде Арам Хачатурянның «Спартак» балетін сахналады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстандық ұжым әйгілі антикалық театр сахнасында хореограф Заурбек Райбаев қойған «Спартак» балетін ұсынды. Абай атындағы театр фестивальге Түркияның Мемлекеттік опера және балет театрлары бас басқармасының шақыруымен барды.
Басты партияларды Архат Әшірбек, Айман Егісбаева, Сырым Аюпов және Жанель Түкеева орындады. Қойылымға театрдың балет әртістері мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Байбусинов жетекшілік еткен симфониялық оркестр де қатысты.
Заурбек Райбаевтың «Спартак» қойылымы – хореографтың шығармашылық жолындағы айтулы еңбектерінің бірі. Хореограф сахналаған қойылымдар отандық балет өнерінің дамуында айрықша орын алады, ал бүгінде театр репертуарында сақталып келеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:33
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қыркүйек 2026 13:42 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















