Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Пашинян Әзербайжанға анклавтар мәселесін шешу үшін аумақтарды алмастыруды ұсынды

Қазақстанда түсірілген шоуды Францияда 1,5 миллионға жуық көрермен тамашалады

Қазақстанда түсірілген шоуды Францияда 1,5 миллионға жуық көрермен тамашалады

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазақстанда түсірілген саяхат-шоуды Францияда бір жарым миллионға жуық көрермен тамашалады.

Әңгіме танымал «Бейжің-экспресс» француз бағдарламасы жайлы. Жоба екі ай бойы M6 телеарнасында әр жұма сайын кешкі прайм-таймда көрсетілді. Еліміз қатысушыларды немен таңқалдырды? 

Керемет адамдар мен қонақжайлық - Pékin Express шоуының жеңімпаздары Қазақстан жайлы ойымен бөлісті. 

Танымал шоудың атақты жүргізушісі Стефан Ротенберг бағдарламаның 21-маусымында көрерменді қыста Қазақстанның таулы аймағында қарсы алды. «Бейжің экспресс» Франция, Бельгия мен Люксембургте 20 жылдай бойы үзбей көрсетілетін бағдарлама. Түсірілімдер былтыр ақпан мен наурыз айларында өтіп, Шымбұлақ, Шарын шатқалы, Ақсу-Жабағылы қорығы, Алматы мен Астананы қамтыды. Жеңімпаздар бельгиялық кәсіпкер Натали мен оның қызы акушер Шарлоттың айтуынша, кастинг кезінде продюсерлер осы маусым түсірілмдердің ең қиынының бірі болатынын ескерткен. Олар тіпті сапардың Қазақстанда өтетінін тек ұшар алдында ғана білген.

Шарлот Игуэт, Pekin Express жобасының жеңімпазы:

- Шынымды айтсам, бұл жобаға дейін Қазақстан туралы, оның табиғаты, климаты мен бай мәдениеті жайлы білмедім. Бірақ бәрі керемет болды. Әсіресе адамдардың қонақжайлығы пен ашықтығы таңқалдырды. Қонаққа барған сайын үйде туыстар, балалар жиналып, үлкен дастарқан жайылатын. Оған қоса түсірілім Рамазан айында өтті. Бұл ерекше, жылы сәттер болды.

«Бейжің экспресс» қатысушыларды тек физикалық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік дағдылары жағынан да сынайды. Сегіз жұп экстремалды жағдайда түрлі тапсырмаларды орындап, күніне бар болғаны бір еуромен тамақ пен түнейтін жер табуы тиіс болды. Қазақстанда оларды 10 мың шақырымға созылған саяхат, алты метрлік кілемдерді тасу, мұз ойығына түсу және басқа да сынақтар күтіп тұрды. Бірақ Наталидің айтуынша, осындай қиын сынақтарда саяхатшыларға қазақтардың қонақжайлығы көп көмегін тигізген.

Натали Игуэт, Pekin Express шоуының жеңімпазы:

- Маған Қазақстан өте қатты ұнады. Әсіресе адамдардың мейірімділігі. Бізді барлық жерде аса жомарттықпен қарсы алып, қолдан келгеннің бәрімен көмектесуге тырысты. Қонақжайлықтың шегі жоқ. Таулы және далалық пейзаждар да керемет. Меніңше, бұл ел туралы аз айтылады. Қазақстанды әлдеқайда көбірек таныту керек.

M6 телеарнасында әр жұма сайын прайм-таймда көрсетілген бағдарламаны бір жарым миллионға жуық көрермен тамашалаған. Шарлоттың айтуынша, «Қазақстан маусымы» жобаның ең экстремалды әрі ең есте қаларлық кезеңдерінің біріне айналған. Шоудың жанкүйері болған ол бұл сапарға анасын өзі үгіттеген.

Шарлот, Pekin Express шоуының жеңімпазы:

- Менің ойымша, бұл жоба Қазақстанды кең аудиторияға көрсетудің тамаша тәсілі болды. Бұл адамдарды саяхаттауға ынталандыратын, тіпті экран арқылы болса да елді танып, мәдениеті мен өмір салтын сезінуге мүмкіндік беретін керемет жоба. Мен саяхаттауды жақсы көремін және жаңа елмен танысу ескі көзқарастарды бұзып, сені байытатынын жақсы білемін.

Шарлот Қазақстанға қайта оралуды жоспарлап отыр, бұл жолы достарымен бірге. Демек, «Мұзды жол» деп аталған бұл маусым Франция мен Қазақстан арасындағы тағы бір мәдени көпірге айналды.

Айдана Айтбекқызы, Руслан Өміржан

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:162
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қаңтар 2026 15:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see117

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see116

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see115

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see113

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see111

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see111

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see110

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see109

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see109

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see108

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see108

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see108

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see107

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see105

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see105

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see103

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see103

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see103

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see102

Пашинян Әзербайжанға анклавтар мәселесін шешу үшін аумақтарды алмастыруды ұсынды

15 Қазан 2026 08:27see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары