Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Терезелерді ашпаңыздар: Екі қалада ауа сапасының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды

Ақтау маңында швейцариялық туристер мінген көлік аударылып қалды

Елордадағы LRT құрылысы: Қосшы бағытындағы жұмыстардың жай күйі белгілі болды

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болады

Ақтаулық педагог жусанның жұпарын сақтайтын және гүл қалдықтарынан әтір әзірлеу жобасын бастады

12 жылға сотталуы мүмкін: Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан екі топ қамауға алынды

Меруерт Өтекешева Қыз Жібек фильміндегі камзолға қатысты даулы жағдайға пікір білдірді

Қазақстан $95 млн тартып, ЖИ жобаларын қаржыландыруды бастады

Таза Қазақстан : Алматы облысы көгалдандыру жүмысы жүргізілді

Әруақ туралы орынсыз сөз айту дұрыс емес : тарихшы Мұхтар Шахановқа қатысты пікір білдірді

Филиппинде Майон жанартауы атқылады: 5 000 нан астам адам эвакуацияланды

10 маусымға дейін үлгеріңіз: Президент сыйлығы мен грантына құжат қабылдау басталды

БАҚ саласы бойынша Президент сыйлығына ұсынымдар қабылдау басталды

Шымкентте ер адам мас күйінде бөтен көлікті айдап кеткен

Мехико жылдам шөгіп барады, жылына 24 сантиметр

Польшада қамауға алынған Қазақстан азаматы босатылды: Тоқаев поляк басшылығына алғыс білдірді

Бес асыл : AMANAT партиясының қолдауымен төл өнеріміз төрге озды

Еуродепутат Ресейге қарсы жаңа санкциялар туралы айтты

Ақтаудағы жұмбақ өлім: марқұмның отбасы істі қайта ашуды талап етті

АҚШ та Иранға қарсы соғыстың іс жүзінде қаншаға түскені белгілі болды

Qalqan платформасы арқылы медициналық қызмет сапасы мен қаржыландыру толық бақылауға алынады

Qalqan платформасы арқылы медициналық қызмет сапасы мен қаржыландыру толық бақылауға алынады

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Кеңесті ашқан Премьер-министр жалпыхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституцияда мемлекеттің негізгі қағидаты ретінде адамға бағдарланған саясаттың бекітілгенін атап өтті. Бұл қабылданатын барлық шешім ең алдымен азаматтар үшін нақты нәтижеге бағытталуы тиіс екенін білдіреді.

Мемлекет басшысы айқындаған басым міндеттердің бірі – әлеуметтік саланы, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту. Сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етіп, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыру қажет.

— Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында ұлт денсаулығына бөлінетін қаражаттың жымқырылуын басты мәселе ретінде атап өтті. Ұлт саулығына бағытталған қаржының жымқырылуы – мүлдем ақылға сыймайтын жағдай. Осыған байланысты бірқатар жүйелі шешімдер қабылданды. Қор Қаржы министрлігінің қарамағына берілді. Бұл қолданыстағы олқылықтарды жоюға, жалған есептер мен құжаттарды бұрмалаудың алдын алуға және қатаң қаржылық бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бюджеттен бөлінетін әр теңгенің арнайы медициналық қызмет, дәрілік зат немесе медициналық құрылғы түрінде нақты азаматқа дейін жетуі алдағы жұмыстың негізгі қағидаты болуы тиіс. Барлық шығын толық ашық әрі олардың өз цифрлық ізі болуы қажет. Онсыз біз денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді қамтамасыз ете алмаймыз. Қорды трансформациялау нәтижесінде тиімсіз шығындарды, ең алдымен дәрілік заттарды сатып алу саласында қысқарту; бюджеттік жоспарлауды неғұрлым дәлірек жүргізу және демографиялық өзгерістерді ескеру арқылы дәрі-дәрмек жеткізудегі іркілістер мәселесін шешу; процестерді автоматтандыруға көшу арқылы Қор құрылымын оңтайландыру сияқты мақсаттарға қол жеткізілуі тиіс, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қор Қаржы министрлігінің қарамағына берілген күннен бері атқарылған жұмыстар барысы қаралып, МӘМС жүйесін трансформациялаудың жаңа тәсілдері талқыланды.

Фото: Үкімет

Премьер-министрге қаржы министрі Мәди Такиев қабылданып жатқан институционалды шаралар туралы баяндады. МӘМС жүйесі шеңберінде жыл сайын шамамен 3,4 трлн теңге қайта бөлінеді. Қаржы министрлігі қаражатты басқаруды оңтайландыруға және оның тиімділігін арттыруға, ерікті медициналық сақтандыру көлемін «көлеңкеден» шығаруға, халыққа медициналық көмектің үздіксіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да бірқатар заңға түзетулер әзірледі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ басқарма төрағасы Гүлмира Сабденбек МӘМС жүйесіне жүргізілген талдау нәтижелері туралы баяндады. Біртұтас басқару үдерісінің жоқтығы және жұмыстардың науқас пен жалпы денсаулық сақтау жүйесінің түпкілікті нәтижелеріне емес, ең алдымен көрсетілген қызметтер көлеміне бағдарлануы басты мәселе екені атап өтілді.

Аталған мәселелерді шешу үшін Қор тарапынан соңғы 1,5 ай ішінде кешенді шаралар қабылданды. Атап айтқанда:

жүйенің шығыстары мен қаржылық міндеттемелері құрылымын талдау негізінде қаржы ағындарын бақылау күшейтілді;

медициналық көмек көлемін лимиттеу, медициналық қызметтерді төлеу және аванстау тәсілдері қайта қаралды;

жоспарлау, мониторинг және сатып алуды қоса алғанда, негізгі қаржылық өкілеттіктерді орталықтандыру басталды;

Қордың ұйымдық құрылымы оңтайландырылды және алаяқтық әрекеттердің алдын алуға арналған бақылау контуры құрылды;

аномалиялар мен ауытқуларды анықтау мақсатында аналитикалық мониторинг жүйесіне ЖИ енгізу басталды;

Қордың, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктерінің, сондай-ақ медициналық ұйымдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау жұмыстары жүргізілуде.

Премьер-министрге операциялық қаржыландырудан стратегиялық әрі зияткерлік басқаруға көшу мақсатында әзірленген МӘМС 2.0 жаңа моделі таныстырылды. Жаңа архитектураға сәйкес, Қор тек қызметтерге ақы төлеумен шектелмей, бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің дамуын болжау, бақылау, талдау жүргізу және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету функцияларын да атқарады.

Реформаның төрт негізгі бағыты белгіленді, олардың ішінде:

Актуарлық басқару демографияны, ауру түрлерін және медициналық технологиялардың дамуын ескере отырып, қаржылық міндеттемелердің жүзеге асуын ұзақмерзімді болжау тәсілін енгізуді көздейді. Бұл теңгерімсіздіктерді алдын ала анықтауға, қаржыландыру параметрлерін түзетуге және Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің ұзақмерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Тәуекелге бағдарланған модель бойынша еліміздің барлық медициналық ұйымдарын senim, baqylau, qauyp деген үш санатқа бөліп, олардың қызметін интегралды тәуекел-скоринг бойынша бағалау жоспарлануда. Адал медициналық қызмет көрсетушілер жеңілдетілген режимде жұмыс істей алады, ал бұрын заңбұзушылықтар анықталған ұйымдар күшейтілген бақылау мен аудитке алынады.

Цифрлық антифрод-қадағалау – бұл жалған тіркеулерді, қызметтердің қайталануын, негізсіз госпитализациялауды, көлемдердің жасанды өсуін және тағы да басқа жайттарды автоматты түрде анықтауға мүмкіндік беретін аналитикалық жүйе. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, ол денсаулық сақтау жүйесінің тиімсіз шығындарын орта есеппен 5-10%-ға төмендетеді.

Бірыңғай цифрлық архитектура жоспарлаудан бастап медициналық көмекке ақы төлеуге дейінгі қаржыландырудың барлық процестерін біріктіреді, онда ақша ағындары толық қадағаланады. Мұндағы негізгі элемент – цифрлық теңгені пайдалану. Қор «СК-Фармациямен» бірлесіп оны дәрілік заттарды сатып алу саласында қолдану бойынша жұмысты бастады.

Сондай-ақ Премьер-министрге МӘМС-тің жаңа архитектурасының технологиялық негізі және «цифрлық қалқаны» болып саналатын Qalqan жаңа цифрлық платформасының функционалдық мүмкіндіктері таныстырылды.

Фото: Үкімет

Ақпараттық-есепке алу орталығының басшысы Жанасыл Оспановтың айтуынша, платформа қаржыландыру процестерін толық цифрландыруды, медициналық ақпарат жүйелерімен (АЖ) интеграциялауды, барлық басқару шешімдерін талдамалық сүйемелдеуді және пациенттер мен клиникаларды қолдауды қамтамасыз етеді.

Мәселен, пациент деңгейінде Qalqan жүйесінде қызметтер, госпитализациялар, талдаулар, тағайындаулар, медициналық шығыстар, МӘМС, ТМККК бойынша шығындарды бөлу бойынша ақпарат жинақталады. Қазіргі уақытта бұл деректердің барлығы бытыраңқы, сол себепті пациент көп ретте өзіне қатысты ахуалдың толық сипатын көре алмайды. Qalqan пациенттің бірыңғай деректер тізбегін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар азаматтар сәйкессіздіктер туралы хабарлауға мүмкіндік алады. Бұл «халықтық бақылау» механизмін құруға мүмкіндік береді.

Фото: Үкімет

Ал медициналық мекемелер деңгейінде платформа ресурстар, инфрақұрылымдар, кадр тапшылығы, ауытқулар, қаржы сияқты және тағы да басқа мәліметтерді талдайды. Осы деректер негізінде тәуекелдерді кешенді түрде бағалай отырып, оларды жою бойынша ұсынымдарды автоматты түрде әзірлейді. Осылайша ол елдегі барлық медициналық ұйымдардың рейтингін кезең-кезеңімен қалыптастырады. Одан бөлек, Qalqan қолданыстағы шектеулер мен басымдықтарды ескере отырып, бюджетті үйлестіре басқаруды қамтамасыз етеді.

Қор сарапшыларының есептеулеріне сәйкес, енгізілетін инновациялардың әлеуетті экономикалық әсері 200 млрд теңгеден асады. Реформа медициналық қызметтерді қаржыландыру мен оның сапасының айқындығын және толық қадағалануын, медицина қызметкерлеріне түсетін жүктеменің төмендеуін қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде жалпы денсаулық сақтаудың бүкіл жүйесіне оң әсер етеді.

Кеңес қорытындысы бойынша Олжас Бектенов ұсынылған тәсілдерді мақұлдап, мемлекеттік органдар мен ведомстволарға бірқатар тапсырма берді.

Фото: Үкімет

Әділет, Ұлттық экономика және Денсаулық сақтау министрліктері осы жылдың 25 наурызына дейін Қор қызметін жетілдіру бойынша түзетулер енгізуі тиіс.

Қаржы министрлігі Денсаулық сақтау, Әділет, Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп, биылғы 31 наурызға дейін мемлекеттің жыл сайынғы жарнасы мөлшерін республикалық бюджет қаражатынан алынған инвестициялық кіріс сомасынан аспайтын сомаға қысқарту бойынша, сондай-ақ ТМККК мен МӘМС-ті қаржыландыру үшін қордың жинақталған активтерін пайдалану жөнінде нақты ұсыныстар беруі қажет.

Ал Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен барлық өңір әкімдері, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі 2026 жылдың 15 сәуіріне дейін МӘМС және ТМККК шеңберінде қызмет көрсететін медициналық ұйымдардың Qalqan жүйесіне көшуін қамтамасыз етуі керек.

Айта кетейік, медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған шара аясында Үкімет 2026-2030 жылдарға арналған жоспарды бекіткен болатын.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:54
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Наурыз 2026 14:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Терезелерді ашпаңыздар: Екі қалада ауа сапасының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды

03 Мамыр 2026 16:45see119

Ақтау маңында швейцариялық туристер мінген көлік аударылып қалды

03 Мамыр 2026 12:16see111

Елордадағы LRT құрылысы: Қосшы бағытындағы жұмыстардың жай күйі белгілі болды

03 Мамыр 2026 15:50see109

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болады

03 Мамыр 2026 12:49see108

Ақтаулық педагог жусанның жұпарын сақтайтын және гүл қалдықтарынан әтір әзірлеу жобасын бастады

02 Мамыр 2026 14:15see107

12 жылға сотталуы мүмкін: Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан екі топ қамауға алынды

03 Мамыр 2026 10:47see107

Меруерт Өтекешева Қыз Жібек фильміндегі камзолға қатысты даулы жағдайға пікір білдірді

02 Мамыр 2026 09:54see106

Қазақстан $95 млн тартып, ЖИ жобаларын қаржыландыруды бастады

03 Мамыр 2026 09:27see106

Таза Қазақстан : Алматы облысы көгалдандыру жүмысы жүргізілді

03 Мамыр 2026 02:13see102

Әруақ туралы орынсыз сөз айту дұрыс емес : тарихшы Мұхтар Шахановқа қатысты пікір білдірді

02 Мамыр 2026 16:21see102

Филиппинде Майон жанартауы атқылады: 5 000 нан астам адам эвакуацияланды

03 Мамыр 2026 17:12see101

10 маусымға дейін үлгеріңіз: Президент сыйлығы мен грантына құжат қабылдау басталды

03 Мамыр 2026 13:03see98

БАҚ саласы бойынша Президент сыйлығына ұсынымдар қабылдау басталды

02 Мамыр 2026 22:46see96

Шымкентте ер адам мас күйінде бөтен көлікті айдап кеткен

03 Мамыр 2026 17:28see96

Мехико жылдам шөгіп барады, жылына 24 сантиметр

02 Мамыр 2026 20:55see96

Польшада қамауға алынған Қазақстан азаматы босатылды: Тоқаев поляк басшылығына алғыс білдірді

02 Мамыр 2026 11:09see95

Бес асыл : AMANAT партиясының қолдауымен төл өнеріміз төрге озды

02 Мамыр 2026 16:21see95

Еуродепутат Ресейге қарсы жаңа санкциялар туралы айтты

02 Мамыр 2026 14:44see92

Ақтаудағы жұмбақ өлім: марқұмның отбасы істі қайта ашуды талап етті

03 Мамыр 2026 14:09see90

АҚШ та Иранға қарсы соғыстың іс жүзінде қаншаға түскені белгілі болды

02 Мамыр 2026 09:44see89
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары