Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Биыл зергерлік бұйымдар цифрлық бақылауға алынады

Биыл зергерлік бұйымдар цифрлық бақылауға алынады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Жобаға сәйкес, биологиялық белсенді қоспаларды міндетті цифрлық таңбалауды 2026 жылғы қыркүйектен, ал зергерлік бұйымдарды желтоқсаннан бастап енгізу жоспарланып отыр.

Соңғы жылдары елде биологиялық белсенді қоспаларды тұтыну тұрақты түрде өсіп келеді. Нарық қатысушыларының бағалауынша, Қазақстанда биологиялық белсенді қоспаларды тұтыну көлемі жыл сайын шамамен 15–20%-ға артып отыр. Жоба аясында ЕАЭО СЭҚ ТН-ның 57 коды таңбалау жүйесіне енгізу қарастырылған, олар биологиялық белсенді қоспалар ретінде қолданылатын өнімдердің кең тізбесін қамтиды.

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің деректеріне сәйкес, 2025 жылдың 9 айында іріктеліп алынған 20 мыңнан астам биологиялық белсенді қоспалар сынамасының 25%-ында заң бұзу анықталған. Бұл аталған тауарлар айналымы саласында мәселелердің бар екенін көрсетеді.

Халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығына қатысты мәселе ерекше алаңдаушылық туындатады. Сонымен қатар отандық өндірушілер контрабанда және контрафактілік өнім айналымына байланысты жосықсыз бәсекелестіктің бар екенін атап өтуде. Мұндай тауарлар төмендетілген бағамен сатылып, заңнама талаптарын сақтайтын адал нарық қатысушылары үшін тең емес жағдай қалыптастырады.

Таңбалауды енгізу тауарлар айналымының ашықтығын қамтамасыз етуге, контрафактілік және заңсыз өнім көлемін қысқартуға, адал нарық қатысушылары үшін тең бәсекелестік жағдай жасауға, тұтынушылардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау деңгейін арттыруға, сондай-ақ мемлекетке ел аумағындағы биологиялық белсенді қоспалар нарығы бойынша объективті деректер алуға мүмкіндік береді.

— Зергерлік бұйымдарды міндетті таңбалау тізбесіне енгізу туралы шешім осы саладағы заңсыз айналым үлесінің жоғары болуына байланысты қабылданып отыр. Салалық сарапшылардың бағалауынша, зергерлік нарықтағы көлеңкелі айналым үлесі 90%-дан асады. Тауар қозғалысы тізбегіндегі ашықтықтың болмауы адал нарық қатысушылары үшін тәуекелдер туындатады, салық түсімдерінің төмендеуіне әкеледі және тұтынушылардың өнімнің түпнұсқалығы мен заңдылығын тексеру мүмкіндігін шектейді, — делінген министрлік хабарламасында.

Міндетті таңбалауға ЕАЭО СЭҚ ТН келесі кодтары бойынша тауарлар жатады:

7113110000 — күмістен жасалған, гальваникалық жабыны бар немесе жоқ, басқа да бағалы металдармен қапталған немесе қапталмаған бұйымдар және олардың бөлшектері; 7113190000 — өзге бағалы металдардан жасалған, гальваникалық жабыны бар немесе жоқ, бағалы металдармен қапталған немесе қапталмаған зергерлік бұйымдар және олардың бөлшектері; 7114110000 — алтын немесе күміс шеберлерінің күмістен жасалған, гальваникалық жабыны бар немесе жоқ, басқа бағалы металдармен қапталған немесе қапталмаған бұйымдары және олардың бөлшектері; 7114190000 — алтын немесе күміс шеберлерінің өзге бағалы металдардан жасалған, гальваникалық жабыны бар немесе жоқ, бағалы металдармен қапталған немесе қапталмаған бұйымдары және олардың бөлшектері; 9111100000 — өзімен бірге алып жүруге немесе тағуға арналған сағаттарға арналған бағалы металдан немесе бағалы металмен қапталған металдан жасалған корпустар; 9113101000 — өзімен бірге алып жүруге немесе тағуға арналған сағаттарға арналған бағалы металдан жасалған белдіктер, таспалар және білезіктер, сондай-ақ олардың бөлшектері.

— Цифрлық таңбалауды енгізу зергерлік бұйымдардың өндірістен немесе импорттан бастап түпкілікті тұтынушыға дейінгі барлық айналым кезеңдерінде қадағалануын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ бұл шара заңсыз айналымға қарсы іс-қимылдың тиімді құралына айналып, сатып алушылардың құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.

Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау 2026 жылдың 3 сәуірі мен 20 сәуір аралығында ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында өтеді. 

Еске сала кетейік, бүгінгі таңда елде темекі өнімдері, аяқ киім, дәрілік заттар, киік мүйіздері, мотор майлары міндетті цифрлық таңбалауға жатады. Биыл 1 ақпаннан бастап сыра және сыра сусындарын таңбалауды кезең-кезеңімен енгізу басталды. 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап жеңіл өнеркәсіп тауарларын міндетті таңбалауды кезең-кезеңімен енгізу жоспарланған.

Сонымен қатар пилоттық режимде медициналық мақсаттағы бұйымдарды, өсімдік майын, ағаш материалдарын, тұрмыстық химия тауарлары мен косметиканы таңбалау сынақтан өтуде. Бұған дейін ағаш материалдары мен тұрмыстық баллондарда сатылатын сұйытылған мұнай газын таңбалау бойынша пилоттық жобалар аяқталды. 

Айта кетелік сыраны міндетті таңбалау мерзімдері кейінге қалдырылмақ. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:99
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Сәуір 2026 16:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары