Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Жаһандық үндестікке бастар жол

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

Қалжыңдауға болмайды . Қазақстан әуежайларындағы отырғызу талондарында маңызды ақпарат пайда болды

Қалжыңдауға болмайды . Қазақстан әуежайларындағы отырғызу талондарында маңызды ақпарат пайда болды

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақстандағы жолаушыларға енді әуежайда қандай тақырыпта әзілдеуге болмайтыны арнайы ескертіледі. Халықаралық әуежайларда отырғызу талонының артқы бетіне жалған террорлық қауіп туралы хабар бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатыны жазылған ескерту енгізілді, - деп хабарлайды Tengri Travel.

Бұл бастаманы Бас көлік прокуратурасы көтерген. Ведомство өкілдерінің айтуынша, ескертуді әр жолаушы міндетті түрде көретін жерге - отырғызу талонының өзіне орналастыру туралы шешім қабылданған.

Ескертудегі негізгі жазбалардың бірі - "Бомба туралы әзіл қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін".

Жолаушыларға әуежайда бомба немесе басқа да террорлық қауіп туралы айтылған сөзді жай әзіл деп қабылдауға болмайтыны ескертілді. Егер мұндай сөз әдейі жалған террорлық қауіп туралы хабар ретінде бағаланса, тіпті ойланбай айтылған сөздің өзі қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Яғни ұшар алдында "менде бомба бар" деп қалжыңдау - айналадағылар күліп, ұмыта салатын жағдай емес.

Ұшаққа тағы нені алып кіруге болмайды?

Отырғызу талонының артқы бетінде жалған хабарлама туралы ескертуден бөлек, тасымалдауға тыйым салынған заттар да көрсетілген.

Олардың қатарында кастет, атыс қаруы, оқ-дәрі және басқа да қауіпті бұйымдар бар.

Осылайша жолаушыларға ұшар алдында қауіпсіздік талаптары тағы бір рет еске салынады.

Мұндай ескерту қай әуежайларда бар?

Қазір мұндай тәжірибе Астана, Алматы, Түркістан және Қарағанды халықаралық әуежайларында енгізілген.

Еліміздің өзге әуежайларында да мұндай материалдарды алдағы уақытта орналастыру жоспарланып отыр.

Жаңа ескертулерге әлеуметтік желі қолданушылары да назар аударған. Соның ішінде блогер Айдархан Мейрхан отырғызу талонындағы жаңа жазбалар туралы бөлісті.

Мұндай өзгеріс не үшін енгізілді?

Бас көлік прокуратурасы бұл бастаманың мақсаты - жолаушыларға ережелер мен оларды бұзудың салдарын алдын ала ескерту екенін түсіндірді.

Ведомство мұндай ескертулер құқықбұзушылықтың алдын алуға және әуе сапары кезіндегі қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді деп үміттенеді.

Енді отырғызу талонында рейс нөмірі, орын және басқа да мәліметтермен бірге тағы бір маңызды ескерту бар: әуежайда бомба туралы әзіл жай қалжың емес.

Бұған дейін саяхат сарапшылары қағаз отырғызу талонын рейстен кейін бірден тастамауға, ал электрон нұсқасын өшіріп жібермеуге кеңес берген. Өйткені сапар аяқталғаннан кейін де бұл құжат әуе компаниясымен туындаған дауды шешуге, есептелмей қалған бонустық мильдерді алуға немесе сақтандыру компаниясына өтініш беруге қажет болуы мүмкін.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:64
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Тамыз 2026 17:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see142

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see138

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see137

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see136

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see134

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see129

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see128

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see127

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see124

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see122

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see121

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see119

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see118

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see117

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see117

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see115

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see114

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see113

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see110

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

06 Қазан 2026 11:33see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары