Қарағанды облысында вахталық автобус аударылды
Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы Бесоба ауылынан 15 км жерде вахталық автобус аударылды. Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, көлікте 50 адам болған.
ТЖМ құтқарушылары жедел түрде оқиға орнына келіп, зардап шеккендерге көмек көрсетті. ТЖМ әуе кемесімен 3 зардап шеккен адам Қарағанды қаласындағы медициналық мекемелерге жеткізілді.
Фото: ТЖМ видеосынан скрин
Сондай-ақ ТЖМ күштері вахталық көлікте жедел жәрдем және Апаттар медицинасы орталығы мамандары 30 адамды Ботақара ауылының ауруханасына жеткізді.
Зардап шеккендердің жағдайы орташа дәрежеде. Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ күштері мен құралдары, «Матақ» ТМҚП, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы, Қазавиақұтқару және жедел жәрдем бригадалары, полиция қызметкерлері жұмылдырылды.
Жағдай ТЖМ бақылауында.
Бұған дейін Батыс Қазақстанда мектеп автобусы жол апатына ұшырағанын жазған болатынбыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:57
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Сәуір 2026 23:12 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















