Қарағанды облысында жылы аялдаманың әйнегін сындырған тұрғын 5 тәулікке қамалды
Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қарқаралы қаласында жылы аялдаманың әйнектерін қасақана сындырған 31 жастағы тұрғын полицияның бейнебақылау камералары арқылы анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жаңа Ақын көшесіндегі жылы аялдаманың бүлінгені туралы қала әкімдігінен полицияға хабарлама түскен. Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеу нәтижесінде құқық бұзушылыққа қатысы бар азамат анықталып, полицияға жеткізілді.
Аталған факті бойынша құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды. Сот қаулысымен құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Полиция қоғамдық мүлікке қасақана зиян келтіру жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтар бейнебақылау жүйелері арқылы бақылауда болады.
Тәртіп сақшылар тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, ортақ мүлікке ұқыпты қарауға және заң талаптарын бұзбауға шақырады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:48
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қазан 2026 18:21 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















