Қарақшылық үшін сотталған қазақстандық әйел Ресейден қайтарылды: 02 шілде 09:57 жаңалықтар
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Қарақшылық пен ұрлық үшін сотталып, Ресейде қылмыстық жауапкершіліктен жасырынып жүрген қазақстандық әйел экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарақшылық пен ұрлық үшін сотталып, Ресейде қылмыстық жауапкершіліктен жасырынып жүрген қазақстандық әйел экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бас прокуратура мәліметінше, әйел Қарағандыдағы Әлихан Бөкейхан атындағы аудан сотының 10.05.2024 жылғы үкімімен адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, күш қолдану арқылы тонау жасағаны және бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған. Сот оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған.
"Алайда пробация бақылауында бола тұра, 2025 жылғы наурызда сотталған жазаны өтеуден жалтарған. Осыған байланысты бас бостандығын шектеудің өтелмеген 1 жыл 4 ай 7 күн мерзімі бас бостандығынан айыруға ауыстырылып, оған іздеу жарияланған", - делінген хабарламада.
2025 жылғы қарашада сотталған адам Ресей аумағында ұсталған. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша ол елге экстрадицияланды. Бүгінде әйел жазасын әрі қарай өтеу үшін тергеу изоляторына қамалған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:83
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Шілде 2026 10:00 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















