Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстанның сыртқы саясат тұжырымдамасына өзгеріс енгізді

Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстанның сыртқы саясат тұжырымдамасына өзгеріс енгізді

Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Құжатта Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның халықаралық аренадағы орнын нығайтып, бейбітсүйгіш әрі ашық мемлекет, жаһандық және өңірлік істердегі сенімді серіктес ретінде танылғаны айтылған.

Қазақстан Республикасы көпвекторлы, прагматикалық және белсенді сыртқы саясат жүргізіп, қауіпсіздік, ынтымақтастық пен даму саласындағы жаһандық және өңірлік күн тәртібін қалыптастыруға және жүзеге асыруға елеулі үлес қосып келеді.

Бұл ретте ұлттық мүдделерді жан-жақты әрі мызғымас түрде қорғауға, сыртқы саяси және сыртқы экономикалық басымдықтарды сындарлы ілгерілетуге ерекше назар аударылады.

Сондай-ақ "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына сәйкес және әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру жөніндегі стратегиялық міндетті ескере отырып, сыртқы кеңістікте мемлекеттің, бизнестің және Қазақстан Республикасының әрбір азаматының мүдделерін ілгерілету мен қорғауға баса назар аудару қажет екені нақтыланды.

Бұл – қазіргі заманғы халықаралық қатынастар жүйесіне үйлесімді кіріккен қуатты, орнықты және әлеуметтік жауапты мемлекет құрудың негізгі шарты.

Қазақстан Республикасының 2020-2030 жылдарға арналған сыртқы саясат тұжырымдамасы 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді және орнықты даму стратегиясында, "Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам" Ұлт жоспарында және Президенттің Қазақстан халқына жолдауларында айқындалған мақсаттар мен міндеттер ескеріле отырып әзірленген. Еске салайық, бұған дейін құжат мәтінінде Президенттің жыл сайынғы жолдаулары туралы айтылған еді.

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатын мынадай негізгі қағидаттарға сүйене отырып жүргізеді:

ел дамуының жаңа кезеңінде сыртқы саяси бағыттың сабақтастығын сақтау;тұрақты, әділетті және демократиялық әлемдік тәртіпті қалыптастыруға жәрдемдесу;әлемдік саяси, экономикалық және гуманитарлық кеңістікке тең құқықты негізде кірігу;Қазақстан Республикасы азаматтарының және шетелде тұратын отандастардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғау.

Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясы елдің тәуелсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын нығайтуға, сондай-ақ сыртқы саяси бағыттың дербестігін сақтауға бағытталған.

Тұжырымдама міндеттерінің бірі – Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүрген азаматтарды заңға сәйкес қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жетілдіру.

Адам құқықтары, гуманитарлық дипломатия және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы жекелеген басымдықтар нақтыланды:

өңірлік және жаһандық саясат пен экономика мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының ұстанымдары мен бастамалары туралы әлемдік қоғамдастықты, оның ішінде Астана халықаралық форумының әлеуетін пайдалана отырып хабардар ету;қоғамның сыртқы саясат саласындағы сауаттылығын арттыру және сыртқы жағымсыз ықпалдарға төзімділігін күшейту мақсатында Қазақстан жұртшылығына елдің сыртқы саясатының міндеттері мен басымдықтарын, оның нақты нәтижелері мен Қазақстан азаматтары үшін артықшылықтарын жүйелі түрде түсіндіру;шетелде жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ шетел азаматтары асырап алған және шетелде тұратын қазақстандық балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

Тұжырымдамадан Елбасының тарихи миссиясына байланысты Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға сыртқы саясаттың аса маңызды мәселелері жөнінде бастамалармен жүгіну жөніндегі өмір бойғы құқығы алынып тасталды.

Сондай-ақ құжатта Қазақстан Республикасының Құрылтайы заң шығару билігін жүзеге асыратын елдің ең жоғары өкілді органы екені айтылған.

Тұжырымдаманы іске асыру сыртқы саясаттағы сабақтастық стратегиясы аясында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен халықаралық беделін нығайтуға ықпал етеді.

Жарлық 2026 жылғы 14 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді.

Осылайша енгізілген түзетулер арқылы Тұжырымдама мәтіні жаңа Конституцияға сәйкестендірілді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:109
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Тамыз 2026 16:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары