Қасым Жомарт Тоқаев Rhenus Group басқарма төрағасын қабылдады
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тобиас Бартц көлік-логистика салаларындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективасын, сондай-ақ бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жайын талқылады, — деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мемлекет басшысы компанияның Қазақстандағы көлік байланысын нығайтуға ұзақ жылдан бері үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар еліміз құрлықтың негізгі логистикалық хабына айналуды мақсат етіп отырғанын айтты.
Кездесуде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға баса назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев заманауи үлгідегі порттары, терминалдары, теміржолдары мен цифрлық сервистері бар бәсекеге қабілетті логистикалық бағытты бірлесе қалыптастыруға шақырды. Сондай-ақ Rhenus Group компаниялар тобының Ақтау портындағы мультимодальды хаб құрылысына қатысуын құптады.
Тобиас Бартц Қазақстанның негізгі көлік-логистика торабы ретінде әлеуеті зор екеніне тоқталып, компанияның бірлескен жобаларға атсалысуға ниетті екенін жеткізді.
Тараптар өзара тиімді ынтымақтастық бағыттарын кеңейтуге әзірлігін растады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:87
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қыркүйек 2026 15:23 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















