Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Қасым Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды

Қасым Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Әулиеата халқымен жүздесу барысында Қ. Тоқаев: «Тараз – ұлтымыздың асқақ рухы, бай мәдениеті, елдік мұраты және ерлік дәстүрі тоғысқан қала. Бұл – ежелгі өркениеттің ізі қалған жер. Шежірелі шаһардың жұртымыз үшін орны ерекше. Біз Тараздың екі мыңжылдық тарихын мақтан етеміз. Әулиеата жерінде мемлекеттігіміздің тұ­ғырын нығайтқан талай тарихи оқиға болды. Қазақ хандығы осы аймақта құрылған. Көне қала тоғыз жолдың торабында тұр. Ежелгі Ұлы Жібек жолы қарт Қаратаудың етегін басып өткен. Әйгілі керуен жолы жаңа заман­да жаңа қарқынмен дамып ке­леді. «Батыс Еуропа – Батыс Қы­тай» көлік дәлізі Жамбыл жері арқылы өтіп жатыр. Соның арқасында аймақтың стратегия­лық маңызы артуда. Жамбыл об­лысы күн өткен сайын өркен­деп келеді», – деді.

Сапар барысында Мемлекет басшысы бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысанға барды. Аймақтың өнеркәсіптік әлеуетін арттыру мақсатында ол жергі­лікті кәсіпорындармен танысып, өндірістің қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын баға­лады. 

Жамбыл облысындағы меди­циналық бұйымдар мен дәрілік заттар өндіретін фармацев­тикалық кәсіпорын «Әмір және Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметімен та­ныс­қан Президент отандық фармацевтика индустриясының дамуы импортқа тәуелділікті төмендетіп, ұлттық денсаулық сақ­тау жүйесін нығайтуда маңыз­ды екенін атап өтті. 94 қызметкер еңбек ететін кәсіп­орын бүгінде 200-ден аса меди­циналық препарат пен дайын өнім түрлерін шығарады. Нақ­ты­рақ айтсақ, «Әмір және Д» ЖШС әлеуметтік маңызы бар ау­руларды диагностикалауға ар­налған жедел тестілердің көп­теген түрін өндіреді. Бұл өнімдер В және С гепатитін, АИТВ ин­фекциясын, миокард талмасын, сондай-ақ есірткі және пси­хотропты заттарды анықтай алады. Сонымен қатар Пре­зидент елімізде медициналық бұйымдар өндіретін жетекші кәсіпорындардың бірі – Super-pharm фармацевтикалық ком­паниясына да барды. Бұл зауыт қазір 600-ден аса адамды жұмыс­пен қамтып отыр. Компания отандық нарықтағы бірреттік қолдануға арналған меди­цина­лық бұйымдарға сұраныстың 30 пайызын қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, кәсіпорын түрлі опе­рация үшін хирургиялық және процедуралық жиынтықтарды, медициналық бетперденің барлық түрін, бірреттік қорға­ныш киімін, санитарлық-гигие­налық мақсаттағы бұйымдарды өндіреді. Сонымен қатар меди­циналық шприцтер, инфузион­ды және қанды қайта құюға ар­налған система құралдары, басқа да өнімдер дайындайды.

Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы «Тараз» шағын индустриалдық аймағын аралап, аймақтағы инвестиция тарту және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жобаларымен танысты.

Мұнда Президентке эко­номиканы индустриаландыру, мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, егіс алқаптарын әртараптандыру, су үнемдеу технологиясын енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалып, инвестициялық пул туралы мәлімет берілді. Инвестиция игілігі негізінде жыл басынан бері өңірге 599,2 миллиард теңге инвестиция тартылған, өсім 33 пайызды құраған. Соңғы екі жылда облыста жалпы құны 242 мил­лиард теңге болатын 56 ин­вес­тициялық жоба іске асы­рылған.

Мемлекет басшысына об­лыс­тағы жетекші кәсіп­орын­дардың жобалары көр­сетілді. Олардың қатарында «Қаз­фосфат» серіктестігінің мине­ралды тыңайтқыштар өндіру және YONGGANG CENTRAL ASIA IRON and STEEL ком­паниясы салып жатқан метал­лургия зауыты жобалары бар. Сондай-ақ Жаңатас қала­сындағы «ЕвроХим-Қаратау» ауқымды инвестициялық жо­басының аралық қорытындысы ұсынылды. Қазір күкірт қыш­қылын өндіретін жаңа зауытты іске қосу алдындағы тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алғашқы өнім ішкі нарыққа жөнелтілді.

Сонымен қатар Президентке алдағы уақытта пайдалануға берілетін Shengtai Biotech Co.Ltd жү­гері өңдеу зауытының жұмы­сы жайында мәлімет берілді. Шу ауданындағы бұл жобаға 1,5 мил­лиард доллар инвестиция са­лынған. Сонымен бірге Мем­ле­кет басшысы Байзақ ауданын­дағы Zhongkai Kazakhstan International Company қант зауыты құрылысымен де танысты. Бұдан бөлек, KAZ FMWORLD AGRICULTURAL MACHINERY ком­паниясының индустриалдық ай­мақта шығарылатын ауыл­шаруашылық техникалары көр­сетілді.

Жұмыс сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Dala Glass әйнек өндіретін кәсіп­орнына барды. Зауыт биыл жаз­да іске қосылған. Жобаға салын­ған инвестиция 1 мил­лиард тең­гені құрайды. Кәсіп­орын жы­лына 500 мың шаршы метр әйнек шығаруды жоспарлап отыр. Бүгінде аталған нысанда 50 адам жұмыс істейді. Мемлекет басшысы кәсіпорын қызметкер­лерімен әңгімелесіп, олардың еңбегіне табыс тіледі.

Ал Тараздағы мамандан­дырылған әскери мектеп-интер­натқа барған Президент оқу кабинеттері мен спортзалын аралап көрді. Мекемеде 180 бала білім алып, интернатта тұратыны жөнінде баяндалды. Мектеп жасөспірімдерге білім беріп, тегін тамақтандырады әрі тұр­ғын­жаймен қамтамасыз етеді. Оқу бағдарламасы 7-11-сы­ныптарға арналған.

Білім ошағының негізгі мақ­саты – келешектегі Отан қорғау­шы­ларды даярлау, оларға әс­кери-патриоттық тәрбие беру. Әскери интернатта курсанттар сабақтан тыс уақытта роботты тех­ника, дронды басқару, жасан­ды интеллект үйірмелеріне қа­ты­сады. Болашақ әскери қыз­метшілерге ағылшын тілі те­рең­детіп оқытылады. Қасым-Жомарт Тоқаев оқушылармен әңгімелесіп, мемлекет тарапы­нан әскери білім беру жүйесін дамытуға ерекше назар ау­дары­лып отырғанын атап өтті. Іс-шара соңында Мемлекет басшы­сы білім ошағына Бауыр­жан Момышұлының портретін және елімізде құрастырылған мектеп автобусын сыйға тартты.

Сонымен қатар Президент жүректі радиожиілік пен крио­аблация тәсілдерімен және жү­рек соғысының бұзылуын жедел емдеуге маманданған медицина­лық мекемеге барды. Мемлекет басшысына клиника­ның кар­диологиялық және кардиохирур­гиялық көмек, соның ішінде жоғары техно­логиялық араласу арқылы дәрі­гер­лік жәрдемнің толық спек­трін көрсете алатыны жөнінде баяндалды. Мекеме бір ауы­сымда 150 адамға дейін қа­был­дай алады. Сондай-ақ 47 орындық стационар бар. Өңір­дегі бірегей орталық саналатын мекемеге құйылған жалпы ин­вес­тиция көлемі 2,5 миллиард тең­гені құрады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:116
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Желтоқсан 2025 06:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары