Қасым Жомарт Тоқаевқа Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған жеделхат жолдады
Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғаннан жеделхат келіп түсті. Бұл туралы Ақорда жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
– Корея Республикасына ресми сапармен бағыт алған мен тарихи атамекеніміз – достас әрі бауырлас Қазақстан аумағымен ұшып барамын. Биыл мамыр айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарымның, сондай-ақ Сіздің жақында ғана Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысу үшін Анкараға келген сапарыңыздың табысты нәтижелері мен жылы сәттерін ықыласпен еске алдым. Осы орайда, Сіздің деніңізге саулық, көңіліңізге қуаныш, ал бауырлас Қазақстан халқына бақ-береке тілеген ізгі сәлемімді жолдағым келеді, – деп жазды түрік көшбасшысы жеделхатта.
Мемлекет басшысы ТМҰ саммитіне қатысу үшін Анкара қаласына ресми сапармен барған қазақ делегациясын жылы қарсы алған Түркия Президентіне алғыс айтты.
– Режеп Тайип Ердоған мырзаға Анкарада көрсеткен ілтипаты мен қонақжайлығы үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Елдеріміз арасындағы достық пен стратегиялық серіктестік одан әрі беки береді деп сенемін, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Х әлеуметтік желісіндегі парақшасына.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:62
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қараша 2026 23:10 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















