Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Creative Aimaq жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының креаторлары 4,9 млн теңгенің өнімін сатты

Жер бетінде қатты магниттік дауыл жүріп жатыр

Екі отандасымыз Азия чемпионатының финалына шықты

Қарағандыда жұмысқа кетіп, із түзсіз жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр

Ұландықтар ел тұрғындарын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Respublica партиясы сайлауалды науқанға ресми түрде кірісті

Масаң күйде шомылған ер адам суға батып кете жаздады

Путин мен Трамп телефон арқылы Украина мәселесін талқылады

Астанадағы республикалық Бас мешітке Нұрсұлтан мешіті атауы берілді

Астана жеңді, Ертіс тең түсті: ҚПЛ 16 туры өтті

Өзбекстандық төрешіге әлем чемпионатындағы ең төменгі баға берілді

Әлем чемпионаты: Винисиус пен Холанд бір алаңда бақ сынаса, Мексика мен Англия мықтыны анықтайды

Швейцариядағы аптап ыстық мұздықтардың еруін жеделдетті

Александр Бублик пен Анна Данилина Уимблдонның 1/8 финалына шықты

Тоқаев: Домбыра төл мәдениетіміздің мызғымас тұғыры

Алматының бірнеше ауданында электр жарығы өшіп қалды

Италияда алып акула жағажайдағы адамдарды шошытты

Әділет партиясы кезектен тыс съезін өткізеді

Астанадағы тағы бір қарбалас қиылыс уақытша жабылады

Ақтаулық тұрғын үй кезегінен жоғалып кеткенін айтып, көмек сұрады

Қатерлі ісікті анықтауға бес сурет жеткілікті: Жас ғалым әзірлеген алгоритмнің ерекшелігі қандай?

Қатерлі ісікті анықтауға бес сурет жеткілікті: Жас ғалым әзірлеген алгоритмнің ерекшелігі қандай?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АҚШ-тың Финикс қаласында өткен Regeneron ISEF 2026 дүниежүзілік ғылыми-инженерлік көрмесінде Қазақстан атынан жеті оқушы бес ғылыми жобаны ұсынып, ел намысын қорғады. Әлемнің 60-тан астам елінен 1700-ге жуық жас зерттеуші қатысқан байқауда Тараз қаласындағы Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Арнұр Артықбай Сауд Арабиясының Король Фахд атындағы Мұнай және пайдалы қазбалар университетіне (KFUPM) білім беру грантын иеленді. Жасанды интелект арқылы қатерлі ісікті анықтауға арналған жоба дайындап шығарған жас дарын оқу жылының аяқталар сәтінде болашақ маман иелеріне өз кеңестерімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: nis.edu.kz

– Жасанды интелект жобаларына қызығушылығыңыз қалай басталды?

– Негізі бұл бағытпен айналысып жүргеніме екі-үш жылдың жүзі болды. Бұған дейін жасанды интеллектіні әртүрлі жобаларда қолданғаныммен, оның қалай жұмыс істейтініне және машиналық оқыту технологияларының негіздеріне соншалықты терең үңіле қоймаған едім. Биыл осы бағыттағы білімімді кеңейтіп, тақырыпты жан-жақты зерттеуге шешім қабылдадым. Сонымен қатар олардың бірқатарын жасанды интеллектінің көмегімен тиімді шешуге болатынына көзім жетті. Сол себепті өз жобамды дәл осы бағытта жүзеге асыруды таңдадым.

– Медицина саласына ЖИ технологияларын енгізу арнайы салалық білімді, үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бұл тақырыпты таңдауызға не себеп болды?

– Қазір көптеген елде бұрын толық зерттелмеген немесе өте сирек кездесетін ауру түрлері анықталып жатыр. Мұндай жағдайларда диагноз қою процесін жеңілдету үшін жасанды интеллект технологияларын қолдануға болады. Алайда қолданыстағы көптеген модельдің тиімді жұмыс істеуі үшін үлкен көлемдегі деректер қажет. Жоғарыда айтып өткенімдей, сирек кездесетін аурулар бойынша мұндай деректерді жинау қиын, ал олардың құны өте жоғары болуы мүмкін. Сондықтан көптеген ел мен медициналық ұйымдардың бұл ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі шектеулі.

Тараздық оқушы қатерлі ісікті анықтайтын ғылыми жобасымен әлемдік көрмеде топ жарды

– Жүйе қатерлі ісікті қалай анықтайды?

– Әдетте мұндай модельдердің тиімді жұмыс істеуі үшін өте үлкен көлемдегі деректер қажет, ал жеткілікті ақпарат болмаған жағдайда олардың дәлдігі төмендеуі мүмкін. Ал мен әзірлеген алгоритм небәрі бес-он суретті пайдалана отырып-ақ жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар модель тек медициналық кескіндерді талдаумен шектелмейді. Ол суреттердің мазмұнын тереңірек саралап, қосымша заңдылықтарды анықтау арқылы анағұрлым дәл әрі сапалы қорытындылар жасауға қабілетті. Бұл технологияны жергілікті клиникалар мен медициналық орталықтарға енгізуге мүмкіндік бар. Соның арқасында медициналық қызметтердің қолжетімділігі артып, диагноз қою сапасы жақсарады және шалғай өңірлердегі пациенттерге де сапалы медициналық көмек көрсетуге жағдай жасалады.

– Жобаңызды жасау кезінде қандай бағдарламалар мен әдістер қолданылды?

– Негізінен жобаға кеңінен қолданылатын стандартты бағдарламалық құралдар пайдаланылды. Алайда жүйенің негізгі құндылығы белгілі бір бағдарламаның өзінде емес, оның математикалық моделінде және әзірленген алгоритмінде жатыр. Бұл шешім көбіне математикалық формулалар мен теориялық әдістерге сүйеніп жасалды. Сондықтан оны жүзеге асыру үшін нақты бір бағдарламамен шектелудің қажеті жоқ. Себебі бұл сайт немесе мобильді қосымша емес, ғылыми тұрғыда ұсынылған әдіс. Оны кез келген бағдарламалау тілі немесе платформа арқылы іске асыруға болады.

Оралдық оқушылар қант диабетінің мөлшерін тексеретін құрылғы ойлап тапты

 Ғылыммен айналысқысы келетін оқушыларға қандай кеңес берер едіңіз?

– Шынымды айтсам, халықаралық жарысқа қатысқан кезде жеңіске жетемін деген үлкен сенім болған жоқ. Себебі байқауға әлемнің 60-тан астам елінен және АҚШ-тың әрбір штатынан іріктеуден өткен ең үздік қатысушылар жиналды. Олардың қатарында Қытай, АҚШ секілді ғылым мен технологиясы дамыған елдердің өкілдері болды. Ондай мықты қарсыластармен бәсекеге түсу ешқашан оңай болмайды, себебі олардың әкелген ғылыми жобалары өте жоғары, кәсіби деңгейде дайындалған. Сол себепті мен кез келген нәтижені қабылдауға іштей дайын болдым. Алайда жеңімпаз атанған сәттегі сезім ерекше болды. Бұл марапат кез келген қатысушыға беріле бермейді, тек санаулы ғана жобалар мен қатысушыларға табысталады. Сондықтан еңбегімнің жоғары бағаланғанын көріп, қатты қуандым және бұл мен үшін үлкен мотивация болды. Сол себепті өзім секілді ғылыми жаңалық жасауға ұмтылған жастарға арман-мақсатынан қайтпай, алға ұмтылуға кеңес беремін.

– Сауд Арабиясындағы KFUPM университетінің грантын ұтып алдыңыз. Ендігі жоспар қандай?

– Бұл университетке түсу мүмкіндігі – мен үшін үлкен жетістік. Дегенмен менің алдымда әлі он екінші сынып бар, сондықтан осы уақыт ішінде портфолиомды одан әрі күшейтіп, жетістіктерімді арттыруға жұмыс істеймін. Сонымен қатар әлемнің ең үздік университеттеріне құжат тапсыруды жоспарлап отырмын. Соған қарамастан, бұл университеттің өзі де өте мықты әрі беделді оқу орны болғандықтан, оны да жақсы мүмкіндік деп санаймын.

Өзім бұрыннан кәсіпкер ретінде танылғым келеді. Алайда кез келген кәсіпті бастау үшін инвестиция қажет, ал инвесторлар қаражатын кез келген адамға бере бермейді. Сондықтан алдымен білім алып, ғылыми ортада тәжірибе жинақтау маңызды. Осыдан кейін өз стартабымды іске қосып, жеке кәсібімді дамытуға кірісемін. Қазіргі басты мақсатым – өзімді дамыту, ал ұзақ мерзімді арманым – табысты кәсіпкер атану.

– Әңгімеңізге рақмет!

Соңғы жаңалықтар

9 және 11 сынып түлектерінің қорытынды емтиханды қашан тапсыратыны белгілі болды

Қоғам • Бүгін, 09:45

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Сот отырысы 28 мамырда өтеді

Алматы • Бүгін, 09:40

Қытайдағы су тасқыны: қаза тапқандар саны 25 адамға жетті

Әлем • Бүгін, 09:39

Гондурастағы екі қарулы шабуыл салдарынан 25 адам қаза тапты

Әлем • Бүгін, 09:23

Жүргізушілер алаңдаулы: Атырауда шетелдік нөмірлі көліктерге тексеру күшейді

Аймақтар • Бүгін, 09:05

Түркістан облысында 5 жастағы қызды ит қауып алды

Оқиға • Бүгін, 08:45

Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?

Теңге • Бүгін, 08:30

Қазақстанның 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райы • Бүгін, 08:00

Эверестте жаңа рекорд орнатылды: Бір күнде 274 альпинист шыңға көтерілді

Әлем • Бүгін, 00:53

АҚШ-қа виза уәде етіп, қазақстандықтарды 900 млн теңгеге алдаған турфирма басшысына үкім шығарылды

Қоғам • Бүгін, 00:26

ШҚО-да полицейлер зейнеткерді алаяқтардан құтқарып қалды

Қоғам • Кеше

Абай облысында арнайы экономикалық аймақ құрылады

Экономика • Кеше

Допинг дауы: Қазақстандық еркін күрес шебері Мадхия Усманова төрт жылға жарыстардан шеттетілді

Спорт • Кеше

Илон Масктың SpaceX компаниясы  IPO-ға қатысуға құжат тапсырды

Әлем • Кеше

Жетісу облысында жарты тонна заңсыз ақбөкен мүйізі табылды

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:52
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Мамыр 2026 10:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Creative Aimaq жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының креаторлары 4,9 млн теңгенің өнімін сатты

05 Шілде 2026 20:03see115

Жер бетінде қатты магниттік дауыл жүріп жатыр

04 Шілде 2026 15:38see113

Екі отандасымыз Азия чемпионатының финалына шықты

04 Шілде 2026 17:53see112

Қарағандыда жұмысқа кетіп, із түзсіз жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр

05 Шілде 2026 17:28see111

Ұландықтар ел тұрғындарын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

04 Шілде 2026 18:56see108

Respublica партиясы сайлауалды науқанға ресми түрде кірісті

04 Шілде 2026 15:15see106

Масаң күйде шомылған ер адам суға батып кете жаздады

04 Шілде 2026 19:26see105

Путин мен Трамп телефон арқылы Украина мәселесін талқылады

05 Шілде 2026 11:41see104

Астанадағы республикалық Бас мешітке Нұрсұлтан мешіті атауы берілді

05 Шілде 2026 10:52see101

Астана жеңді, Ертіс тең түсті: ҚПЛ 16 туры өтті

06 Шілде 2026 01:02see99

Өзбекстандық төрешіге әлем чемпионатындағы ең төменгі баға берілді

05 Шілде 2026 21:01see99

Әлем чемпионаты: Винисиус пен Холанд бір алаңда бақ сынаса, Мексика мен Англия мықтыны анықтайды

05 Шілде 2026 21:38see96

Швейцариядағы аптап ыстық мұздықтардың еруін жеделдетті

04 Шілде 2026 17:02see96

Александр Бублик пен Анна Данилина Уимблдонның 1/8 финалына шықты

05 Шілде 2026 09:33see96

Тоқаев: Домбыра төл мәдениетіміздің мызғымас тұғыры

05 Шілде 2026 09:26see95

Алматының бірнеше ауданында электр жарығы өшіп қалды

05 Шілде 2026 19:12see95

Италияда алып акула жағажайдағы адамдарды шошытты

04 Шілде 2026 15:46see95

Әділет партиясы кезектен тыс съезін өткізеді

04 Шілде 2026 19:44see94

Астанадағы тағы бір қарбалас қиылыс уақытша жабылады

05 Шілде 2026 15:56see94

Ақтаулық тұрғын үй кезегінен жоғалып кеткенін айтып, көмек сұрады

05 Шілде 2026 13:55see93
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары