Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Қазақ әдебиетін әлемнің 125 елінде оқиды

Қазақ әдебиетін әлемнің 125 елінде оқиды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қазақ қаламгерлерінің шығармалары бүгінде Қазақстаннан тыс жерлерде де кеңінен оқылып жүр.  Отандық авторлардың еңбектері ондаған тілге аударылып, шетелдерде жарық көріп, әлемнің жетекші кітапханалары мен университеттерінің қорына еніп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz  Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақ классикасы мен қазіргі қазақ прозасын оқитын шетелдік оқырмандар қатары да көбейіп келеді. Қазіргі қазақ поэзиясы мен прозасының антологиялары БҰҰ-ның алты ресми тіліне – ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдеріне аударылып, жарық көрді. Жалпы таралымы 120 мың дананы құраған жинақтар 90-нан астам елдегі 23 мыңнан астам кітапханаға, жоғары оқу орны мен ғылыми-зерттеу орталығына таратылды.

Кейінгі жылдары қазақ әдебиетін өзге тілдерге аудару жұмысы қарқын алды. Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» романы испан тілінде, Қабдеш Жұмаділовтің «Дарабоз», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» және Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» шығармалары ағылшын тілінде, ал Дулат Исабековтің «Қарғын» романы француз тілінде жарық көрді. Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» шығармасы мен Ілияс Есенберлиннің «Айқас» романы қытай тіліне, Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі француз тіліне аударылды. Бұған дейін аталмыш шығарма ағылшын, неміс, орыс, өзбек және басқа да тілдерде басылып шыққан.

Шетелдік оқырмандардың қазақ классикасына деген қызығушылығы да жоғары. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы, Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» және Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясы – әлемге кеңінен танылған шығармалардың қатарында.

Отандық баспалар жыл сайын Frankfurter Buchmesse, Bologna Children’s Book Fair, Abu Dhabi International Book Fair, Beijing International Book Fair және The London Book Fair халықаралық кітап көрмелеріне қатысады. Былтыр Қазақстан Франкфурт кітап жәрмеңкесінде 137 кітапты, Болоньядағы балалар әдебиетіне арналған кітап жәрмеңкесінде – 24, Абу-Дабидегі халықаралық көрмеде 27 басылымды таныстырды.

Классикалық мұраны заманауи форматта насихаттауға да ерекше көңіл бөлінеді. «Ұлттық кітап» республикалық байқауының қорытындысы бойынша Гүлмира Амандықованың Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» негізінде жазылған «Ұрпаққа ұлағат. Завет потомкам» еңбегі «Жыл кітабы» атанды. Кітап қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді. Жалпы, жоба аясында туынды әлемнің 12 тіліне аударылған. Басылым Франкфурт, Дели және Гуанчжоудағы халықаралық кітап алаңдарында таныстырылып, ЮНЕСКО кітапханасының қорына табысталды.

Қазақстандық кітаптар халықаралық байқауларда да жоғары бағаланып жүр. 2025 жылы Бакуде өткен «Искусство книги» халықаралық байқауында «Жошы хан. Ұлы Ұлыстың әміршісі» басылымы Гран-при иеленді.

Ұлттық әдебиетті әлемге танытуда кітапханалар мен цифрлық ресурстардың да үлесі айрықша. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының тұрақты оқырмандары арасында Үндістан, Қытай, АҚШ, Түркия, Германия, Жапония, Франция, Ұлыбритания және басқа да елдердің азаматтары бар.

Ұлттық академиялық кітапхананың ресурстарын әлемнің 120 еліндегі оқырмандар пайдаланады. Ал қазақстандық Ұлттық электронды кітапханасына 125 мемлекеттен пайдаланушылар кіреді. Шетелдік аудитория әсіресе қазақ әдебиетіне, Қазақстан тарихына, түркі әлеміне арналған зерттеулер мен сирек басылымдарға қызығушылық танытады.

Сонымен қатар шетелдерде қазақ әдебиеті орталықтарының желісі дамып келеді. Бүгінде мұндай орталықтар 41 елдің ұлттық кітапханаларында, соның ішінде Мажарстан, Түркия, Қытай, Франция, Жапония, АҚШ, Италия, Финляндия және Бразилияда жұмыс істейді. Олардың кітап қоры Қазақстанда жарық көрген жаңа басылымдармен тұрақты түрде толықтырылып отырады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:62
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Тамыз 2026 10:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары