Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Қазақ газеті және ағартушылық миссия

Қазақ газеті және ағартушылық миссия

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында «Turkistan» газетіне берген сұхбатында газет-журналдардың қайта өрлеу дәуірі бастауында тұрғанын айта келіп: «Қазіргі таңда баспасөз заман талабына бейімделіп, ақпарат айдынынан өз орнын тауып отыр. Газет тілшілері жан-жақты шолулар мен терең сараптамалар жасауға баса мән береді, ағартушылықпен айналысады. Кәсіби әрі өз ісіне адал журналистер сапалы материалдар әзірлеп, дәстүрлі құндылықтарды сақтауға елеулі үлес қосып келеді», – деген болатын. Шынында мән-мағынасы терең ақпарат – матбұғатта, яки газет-журналда. Қазіргі таңда газет-журналдар ұлт ақпаратының бастауы саналатын «Қазақ» газеті салған сара жолмен жүріп, ағартушылық миссиясын атқарып келеді.

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

«Қазақ» газеті көтермеген тақырып жоқ. Саясаттан бастап тұрмыстық мәселелерге дейін шет қалдырмады. Газет халықтың рухани санасын оятып, қоғамның мінбері қызметін атқарып, ағартушылықты асыл миссия­сына айналдырды. ХХ ғасыр басында «Қазақ» газетінің жалпы ағартушылық қызметі қоғамның білім деңгейін көтеру, санасын ояту және рухани дамыту секілді бағыттар бойынша жүргізілді.

Біріншіден, газет қазақ қоғамын оятты. Газет тіл тақырыбын жиі көте­ріп, ана тілінде сауатты жазу, термин қа­лып­тастыру, тілдің қоғамдық өмір­дегі орнын күшейту, тіл мәдениетін қалып­тастыруға қызмет етті. Сонымен қатар оқырманды тәуелді ойлаудан арылуға шақырды. Әлихан Бөкейхан «Алаштың талапты азаматына», Міржақып Дулат­ұлы «Қайтсек жұрт боламыз?», Халел Дос­мұ­хамедов «Алаш деген не сөз?» т.б. мақа­лалары арқылы қоғамға ой салды.

Екіншіден, жұртты білімге үндеп, оқу-ағарту саласына қозғау салды. Бұл бағытта газетте мектеп ашу, оқу-жа­зуға үйрету, мұғалім даярлау, ғылым негіздерін түсіндіру, ілім-білімнің маңы­зы жайлы мақалалар жарияланып, надандықпен күресу жиі насихатталды. Бұл бағытта Әлихан Бөкей­ханның «Оқушыларға жәрдем қауы­мы», Міржақып Дулатұлының «Мек­теп-медреселер мәселесі», Имам Әлім­­бе­ковтің «Шын керектің бірі», Ахмет Жанталиннің «Қазақ мектебі», Жан­ұ­зақ Жәнібековтің «Бағыстан ханым мектебі», Хамза Ибрагимовтің «Мұға­лім қуу», т.б. мақалалар жарық көрді. Сон­дай-ақ газет қоғамды ғылым, білім, өнер арқылы дамытуға шақырып, ғылым­ның жетістіктерін де таныстырды. Мұхаметжан Тынышбайұлының «Со­ғыс кемелері һәм мина», Жүсіпбек Ай­мауытұлының «Азық-түлік жабдығы», Нығме­толла Күзембаевтың «Қалаға жақын қазақтар», т.б. мақалаларды осы қатар­ға жатқызуға болады. Сол секілді өнер­кә­сіп, қаржы тақырыптары да газет автор­ларының қаламына арқау болды.

Үшіншіден, ұлттық сана қалыптас­тырды. Газет қазақ халқының тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі туралы мақа­лалар жазып, елдік пен бірлікті насихаттады. Газетте Абай, Ыбырай, Шоқанның өнегелі өмірі мен ерен еңбегі көрініс тауып, Алаш азаматтарының өздері де бұл бағытта бірқатар іс атқарды. Әли­хан Бөкейханның Григорий Потанин, Барлыбек Сыртанұлы, Мұстафа Шоқай­дың Әбубәкір Диваев, Міржақып Дулатұлының Қожа Ахмет Ясауи, Абай Құнанбайұлы, Шоқан Уәлиханов туралы мақалалары – соның айғағы.

Төртіншіден, елдің қоғамдық-саяси сауатын ашты. Құқық, заң, сот, жер, земство, съез, партия, сайлау, денсау­лық, азаматтық міндет, аграрлық сая­сат, т.б. тақырыптар төңірегінде түсін­діру жұмыстарын жүргізіп, халық­тың ой-өрісін кеңейтті. Әлихан Бөкей­ханның «Он төрт тоғыз бола ма?», «Мен кадет партиясынан неге шық­тым?», Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақ жерін алу турасындағы низам», Міржа­қып Дулатұлының «Сайлау саясаты», «Земство не нәрсе?», Райымжан Мәрсе­ковтің «Ата қонысынан айырылған қазақ жайы», Имам Әлімбековтің «Қазақ халқы­ның тұңғыш съезі», Шәкәрім Құдай­бердіұлының «Би һәм билік тура­лы», Құдайберген Жұбановтың «Қазақ­қа дұшпандық», т.б. мақалалар осы бағытта жазылды. Олар сол арқылы оқырман­дардың қоғамдық-саяси сауатын ашып, қазақ қоғамын заманауи өркениетке бейімдеп, жаңғыруға шақырды.

Бесіншіден, әдебиет, мәдениет пен өнердің шырағын жағуға атсалысты. Ол уақытта баспасөз бен әдебиет бір ұғым еді. Сол себепті «Қазақ» газеті қалам­­герлердің шығармашылық алаңы­­на айналды. Газет бетінде «Роман не нәрсе?», «Роман бәйгесі», «Білім жарысы», «Жазу мәселесі», «Өлең-жыр, әндер туралы», «Жаңа кітаптар», т.б. таным­дық мақалалар жарияланды. Соны­мен қатар қазақ әдебиеті тура­лы пікірлер ұйымдастырылып, қазақ әндерін күйтабаққа көшіру, қазақ арасында әдеби һәм сауық кештерін өткізу, пьеса қою жұмыстарын үйлестіру мәселелері көтерілді. Сондай-ақ газетте сын мақалаларға да орын берілді. Бейімбет Майлин «Айқап» газеті мен «Қазақ» газетінің тілі, жазылу емлесі туралы мәселе көтерсе, Райымжан Мәрсеков қазақ әдебиетінің өсу дәуірін үш кезеңге бөліп талдады. Есенқұл Ма­манұлының қазақ романына бәйге жариялауы да әдебиетке серпіліс әкелді. Сонымен қатар газет бетінде Міржа­қып Дулатұлы, Ғұмар Қараш, Сәбит Дөнентаев, Жүсіпбек Аймауытұлы, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Бекмұхамет Серкебаев, Сұлтанмахмұт Торайғырұлы, Ілияс Жансүгіров, Ахмет Мамытұлы, т.б. қаламгерлердің шығар­малары жарияланды. Осылайша, қазақ әдебиетіне олжа салған әдеби туындылар да «Қазақ» газетінде жарық көрді. Әлихан Бөкейханның аудармалары мен сын мақалалары да газеттің көркін келтірді. Оның «Қобыланды батыр» жырына, Шәкәрімнің кітаптарына жазған сын мақалалары қазақ әдебиетіне қозғау салғаны анық. «Қазақ» газеті кітап шығару ісін де ұдайы қолдап, жаңа кітабы жарық көрген авторлардың жинағын оқырманға таныстырып, тіпті олардың басылуы мен сатылуына да ықпал етті. Осы арқылы газет жай ғана басылым емес, ұлттық ағартушылық мінберге айналып, оқырманды саналы, жауапты тұлға етіп қалыптастыруға күш салды.

Газеттің бұдан басқа атқарған шаруасы шашетектен. «Қазақ» басқармасы бір мемлекеттің функциясын атқарды деуге де болады. Газет мұқтаж шәкірттер­ге ел ішінен жылу жинап, дүниеден өткен жандардың пидасын (садақасын) шәкірттердің оқуына жұмсауына сеп болды, тіпті жұмыс іздеген жас мұғалімдердің қызметке орналасуын да ұлт газеті өз мойнына алды. Мемлекеттік думадағы Мұсылман фракциясы жанынан бюро ашылғанда сондағы қазақ өкілдеріне деп ел ішінен қаржы жинаған, қазақтың өз алдына жеке баспахана алдыру керек болғанда Алаш ауқаттыларын «Азамат» серіктігінің аясына жұмылдырып, жарна жинатқан да осы «Қазақ» еді. Қазақ жігіттері тыл жұмысына алынып, мың-мыңдап майдан даласына аттанғанда да азаматтардың амандығын білдіріп, хал-жағдайынан хабардар етіп отырған да осы «Қазақ» болатын. Ақпан төңкерісінен соң билік басына Уақытша үкімет келіп, Құрылтай жиылысы сайланған кезде де жан-жаққа хабар беріп, жүрегі Алаш деп соққан азаматтардың басын қосып, партия құрып, Құрылтайдан көбірек орын алу үшін жанталасқан да «Қазақ» басқармасындағы азаматтар еді. Орынборда бір жылда екі рет жалпы қазақ съезін өткізіп, Алашорда үкіметі құрылғанда жаңа үкіметтің жұмы­сын жандандыру үшін жұдырықтай жұмылған да «Қазақ» басқармасы. Олай болса, «Қазақ» газетінің ұлт үшін атқарған миссиясы ұшан-теңіз.

«Қазақ» газетінен кейін дүниеге келген «Сарыарқа», «Бірлік туы», «Ұран», «Ақ жол», т.б. басылымдар да «Қазақтың» дәс­түрлі ақпарат жолын ұстанып, осы ағар­тушылық миссияны әрі қарай жал­ғады. Қазан төңкерісінен кейін де бас­па­сөз бастапқы міндетті жаңаша бағыт­та жалғастырды. Төңкеріске дейін «Қа­зақ» басқармасының жұмысын жүйе­ле­ген Ахмет Байтұрсынұлы төңкеріс­тен кейін де қазақ руханияты үшін тер
төкті.

Қазіргі газет-журналдар да ағарту­шы­лық міндетті де атқарып жатыр. Газет-жу­р­­налдар қоғамдағы маңызды оқиға­ларды, білім, мәдениет пен ғылым саласындағы жаңалықтарды жеткізіп, қоғамдық-саяси, экономикалық һәм әлеуметтік бағыттағы сараптамалық материалдар дайындап, тілді дамытуға, әдебиет пен мәдениетті насихаттауға қызмет етіп, оқырманды ойлануға, пікірталасқа тартуға шақыратын материалдар арқылы ағартушылық қызметті абыройлы атқарып келеді.

Бүгінгі баспасөз – ертеңгі тарихты қаттаушы. Сондықтан қазіргі жур­на­листер ұлт жадында мәңгі қала­тын жауап­кершілік барын жақсы біледі. Бү­гінгі айтылған әрбір ақиқат ертең­гі ұрпақтың көзқарасын қалыптас­тыра­тынын да жан-тәнімен сезінеді. Баспа­сөз қызметкерлері уақыттың тынысын қалам арқылы көшіріп, болашаққа із қалдырып жатыр. Әр сөздің салмағы бар екенін ескерсек, сол іздің айқын әрі адал болуы – басты міндет.

Соңғы жаңалықтар

24 отбасы қоныстойын тойлады

Қоғам • Бүгін, 08:20

Адамды алмастырмайды

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Тұлғатанудағы ерекше туынды

Басылым • Бүгін, 08:10

Барқында тұқым жинау басталды

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Ажырасу тіркелмеген аудан

Аймақтар • Бүгін, 08:02

Америкада білім алу мүмкіндігі

Білім • Бүгін, 08:00

Аида Балаева кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі өңірлік комиссиялардың құрамын жаңартуды тапсырды

Үкімет • Кеше

Оқушылар өмірдің өзін сахналады

Мектеп • Кеше

Отандық стартап саласына 73 млн доллар инвестиция тартылды

Инвестиция • Кеше

Президент: Жаңа Конституция бойынша түпкілікті шешімді халық референдумда қабылдайды

Президент • Кеше

Еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы • Кеше

Биометриялық деректерді пайдалану тәртібі нақтыланды

Қоғам • Кеше

Жаңа Конституция жобасының мәтіні қайда жарияланады?

Ата заң • Кеше

Биыл Жамбыл облысында 76 канал жөнделеді

Аймақтар • Кеше

Елордада оқушылар арасында әдеби байқау өтті

Елорда • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қаңтар 2026 09:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see154

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see151

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see143

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see140

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see138

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see138

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see137

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see136

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see133

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see127

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see123

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see123

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see117

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see114

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see114

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see114

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see113

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары