Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Ұлттың үнпарағы Қазақ газеті: ашылуы, авторлар және тарихи миссиясы

Ұлттың үнпарағы Қазақ газеті: ашылуы, авторлар және тарихи миссиясы

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

ХХ ғасыр басында жарық көрген қазақ тіліндегі басылымдар ұлттың саяси санасын оятып, елдік мұраттарды ашық талқылайтын қоғамдық мінбер бола білді.

Алаш ардақтыларының қолтаңбасы қалған газет халқымыздың ақыл-ойын, сана-сезімін бөлек арнаға бұрды, ұлттық жаңғырудың қайнар бұлағына айналды.

Алғашқы ресми басылымдар және жазба дәстүрдің қалыптасуы

Қазақ баспасөзінің тарихы 1870 жылы Ташкентте жарық көрген «Түркістан уалаятының газетінен» бастау алады. Бұл басылым отарлық биліктің ресми үнқағазы болғанымен, қазақ тіліндегі жазба мәдениеттің алғашқы мектебіне айналды. Кейін Омбыда шыққан «Дала уалаятының газеті» де ресми сипатта болды. Дегенмен бұл басылымдарда ұлттық мүддеден гөрі әкімшілік саясаттың басымдығы байқалды.

Фото: Kazinform

ХХ ғасыр басында жағдай өзгере бастады. Қазақ қоғамында ұлттық сананың оянуы, ағартушылық ойдың күшеюі дербес, халықтық басылымға деген сұранысты арттырды. Осы кезеңде «Айқап» журналы (1911–1915) жарық көріп, қазақтың әдеби-мәдени ойының мінберіне айналды. Мұхаметжан Сералин басқарған журнал тіл, оқу-ағарту, жер мәселесін көтеріп, ұлттық интеллигенцияны қалыптастыруда айрықша рөл атқарды. Алайда қаржы тапшылығы мен саяси қысым оның ғұмырын қысқартты.

Ал қазақ баспасөзін шын мәнінде жалпыұлттық деңгейге көтерген басылым — 1913 жылы Орынборда жарық көрген «Қазақ» газеті болды.

«Қазақ» газетінің дүниеге келуі

Басылым қазақтың төте жазуымен, яғни араб графикасына негізделген әліпбимен шықты. Бұл әліпбиді Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне бейімдеп, реформалаған болатын. Төте жазудың қолданылуы «Қазақ» газетінің қарапайым халыққа түсінікті болуына, сауат ашу ісінің жандануына және ұлттық жазу мәдениетінің қалыптасуына айрықша ықпал етті.

Фото: ашық дереккөзден

«Қазақ» газетінің артында Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатұлы бастаған Алаш зиялылары тұрды. Газет ашу идеясы 1905 жылғы Қарқаралы петициясында айқын көрініс тапты. Онда:

«Қазақ халқының қазіргі мұқтажын айқындау үшін қазақ тілінде газеттер басып шығару қажет» деп көрсетілді.

Ресми рұқсат Ахмет Байтұрсынұлына 1905 жылғы 9 желтоқсанда берілгенімен, газет тек 1913 жылғы 2 ақпанда ғана жарық көрді. Алғашқы саны Орынбордағы «Кәрімов, Хұсайыновтар» баспаханасында басылды.

Газеттің не үшін «Қазақ» деп аталғанын Ахаң алғашқы санында-ақ түсіндірді:

«Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың аты деп, газетамыздың есімін „Қазақ“ қойдық. Ұлт үшін деген істің ұлғаюына күшін қосып, көмектесіп, қызмет ету қазақ баласына міндет… жол ұзақ, ғұмыр қысқа, қолдан келгенше, ғұмыр жеткенше істеп кетелік. Малша оттап, асап ішіп, халық үшін қам қылмай, қарын тойғанына мәз болып, мал өлімінде өлмейік!»

(Ахмет Байтұрсынұлы,

«Қазақ» газеті, 1913 жыл, № 1)

Алғашқы санның мазмұны және бағыт-бағдары

«Қазақ» газетінің алғашқы нөмірінде жарияланған «Құрметті оқушылар!» атты бас мақала басылымның тұғырнамасы іспетті болды. Онда газет халықтың:

 көзі,  құлағы,  һәм тілі болуды

өзінің басты міндеті ретінде айқындады.

Ахмет Байтұрсынұлы сол алғашқы санында:

«Жол ұзақ, ғұмыр қысқа, қолдан келгенше, ғұмыр жеткенше істеп кетелік. Малша оттап, қарын тойғанына мәз болып, мал өлімінде өлмейік!» деп, елді сергектікке, қоғамдық жауапкершілікке шақырды.

Алғашқы күннен бастап «Қазақ» бетінде жер мәселесі, оқу-ағарту, тіл, дін, отарлық саясат, шаруашылық, халықаралық жағдай, тарих пен шежіре кеңінен қозғалды. Газет қазақты тек хабардар етіп қана қоймай, ойландырды, талдатты, пікірталасқа тартты.

Ұлттық ойдың мінбері

1913–1918 жылдар аралығында «Қазақ» газетінің 266 саны жарық көрді. Алғашында аптасына бір рет, 1915 жылдан бастап екі рет шығып тұрды. Газетке Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, М.Шоқай, М.Тынышбайұлы, М.Жұмабаев, С. Торайғыров, Х.Досмұхамедұлы сынды ұлт зиялылары тұрақты жазды.

Ахмет Байтұрсынұлы «Оқу жайы» атты мақаласында:

«Бұл күнде оқудың керек екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Кейін қалудың себебі оқудың кемдігінен екендігін көріп тұрмыз. Қазақ биыл 5 тиынға келісіп сатқан нәрсесін келер жылы 10 тиынға қайта сатып алады. Үкімет қазақтың қазақша оқуын тіпті тілемейді, сол үшін қазақша оқуды халыққа тарату өз міндетіміз» деп, ағартушылықты ұлттық дамудың басты шарты ретінде көрсетті

(«Қазақ», 1913 жыл, № 11).

«…Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын! Балам деп бағып, оқытып, адам қылғаннан кейін, жұртым деп танымаса, сонда өкпелеу жөн ғой. Аталық міндетін атқарып отырған жұрт жоқ, жұртқа борыштымын деп жүрген қазақ баласы жоқ. Баққан — қазына, қазынаға борыштымыз деп жүр. Жастарды оқыту расходынан қашып, қазынаға борышты қылып қойса, жастарда не жазық бар? Баланы ұлша тәрбиелесең, ұл болмақшы. Құлша тәрбиелесең құл болмақшы…»

(Ахмет Байтұрсынұлы. «Оқу жайы». «Қазақ» газеті, 1913 жыл, № 11)

Фото: Kazinform

«Қазақ» және Алаш идеясы

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, Бірінші дүниежүзілік соғыс және патша үкіметінің тыл жұмысына алу туралы жарлығы «Қазақ» газетінің негізгі тақырыптарының біріне айналды. Басылым ел ішіндегі ахуалды салмақты түрде талдап, халықты дүрбелеңге емес, ұйымшылдыққа шақырды.

1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін «Қазақ» газеті Алаш қозғалысының саяси үніне айналды. Газет бетінде Алаш партиясының бағдарламасы, Құрылтай жиналысына қатысу, ұлттық автономия мәселелері кеңінен талқыланды.

Әлихан Бөкейхан «Қазақ тарихы» айдарымен жарияланған мақаласында:

«Біздің қазақ өзінің атынан айрылып, қырғыз атанып жүрмекші емес. Қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ» деп, ұлттық атау мен болмысты сақтаудың маңызын айқын көрсетті

(«Қазақ», 1913 жыл, № 3).

«Қазақ» газеті ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамы үшін жай ғана мерзімді басылым емес, жалпыұлттық саяси ойды қалыптастырған стратегиялық институт қызметін атқарды. Ол халықты ақпараттандырып қана қоймай, елдік мүддені ұғындыруға, ұлттық мақсат жолында әлеуметтік күштерді біріктіруге ұмтылды.

Газет бетінде көтерілген мәселелер мен ұсынылған бағыт-бағдар қазақтың ұлттық тәуелсіздікке ұмтылған саналы күресінің теориялық әрі практикалық негізін қалады. Кеңестік кезеңде «ұлтшыл басылым» ретінде айыпталып, оның айналасындағы зиялылар қудалауға ұшыраса да, «Қазақ» газеті көтерген идеялар тарихи тұрғыдан өз өміршеңдігін дәлелдеді.

Осы тұрғыда «Қазақ» газеті қазақ журналистикасының ғана емес, қазақ мемлекеттілігі мен ұлттық санасының қалыптасуындағы ірі тарихи бастау ретінде бағалануға тиіс. Оның мұрасы бүгінгі ақпарат кеңістігінде де ұлттық мүдде мен қоғамдық жауапкершілік ұстанымдарын айқындайтын маңызды бағдар болып қала береді.

Айта кетейік, Ұлттық басылым күнімен журналистерді Мемлекет басшысы құттықтаған болатын.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:208
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Ақпан 2026 10:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

05 Қараша 2026 23:13see139

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see138

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see134

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see134

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see133

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see132

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see132

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see130

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see128

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see125

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see123

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see122

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see121

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see120

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see118

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see117

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see117

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see116

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see115

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары