Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Боранды мен Орал вокзалдары жаңартылды

Арқа спортының адымы

Алматыда заманауи онкологиялық орталық салу жоспарланып отыр

Басылымда бас қосқан жастар

Семей тұрғыны бұрынғы стадион аумағынан адам сүйектерін тауып алды

Астана әуежайы арқылы Гонконг әуе компаниясының тұрақты жүк рейстері іске қосылды

Мәскеудегі мейрамханадағы жарылыс теракт деп танылды

Бывший аким отдал 4 миллиона мошеннице за нужный ему приговор

Теңіздің тылсым бояуы

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту: аптап ыстық, найзағай және өрт қаупі күшейді

Жағажай футболы: Қазақстан құрамасы Еуролигада Бельгияны жеңді

Қапшағайдағы Формула 1 дүбірі

Үкіметте Ұлытау облысын дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды

ФИФА әлем чемпионатының құқығын сатудан бас тартты

Арман перзент арқылы орындалады

Ақтөбеде 12 жастағы қызды қағып кеткен электрвелосипед жүргізушісі ұсталды

ОПЕК+ ұйымының жеті елі қыркүйекте мұнай өндірісінің шегін арттыруға келісті

Пашинян жаңа парламент жұмысын бастағаннан кейін отставкаға кетті

65 жастан асқан жүргізушілерге қатысты маңызды өзгеріс: Ішкі істер министрлігі жаңа тәртіпті түсіндірді

Мароккодан келген 70 мыңға жуық мигрант Испаниядан кетті

Ұлттық баспасөздің бастауы және Қазақ газетінің тарихи миссиясы

Ұлттық баспасөздің бастауы және Қазақ газетінің тарихи миссиясы

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

ХХ ғасыр басында жарық көрген қазақ тіліндегі басылымдар ұлттың саяси санасын оятып, елдік мұраттарды ашық талқылайтын қоғамдық мінберге айналды. «Қазақ» газетінің алғашқы нөмірі осыдан 110 жыл бұрын, 2 ақпан күні жарық көргені белгілі.

Алаш ардақтыларының қолтаңбасы қалған газет ұлттық халқымыздың ақыл-ойын, сана-сезімін бөлек арнаға бұрды. Қазақ зиялыларының көрнекті өкілдері құрған газет ұлттық жаңғырудың қайнар бұлағына айналды. Сол себепті бұл дата Ұлттық баспасөз күнін атап өту үшін таңдалды.

Алғашқы ресми басылымдар және жазба дәстүрдің қалыптасуы

Қазақ баспасөзінің тарихы 1870 жылы Ташкентте жарық көрген «Түркістан уалаятының газетінен» бастау алады. Бұл басылым отарлық биліктің ресми үнқағазы болғанымен, қазақ тіліндегі жазба мәдениеттің алғашқы мектебіне айналды. Кейін Омбыда шыққан «Дала уалаятының газеті» де ресми сипатта болды. Дегенмен бұл басылымдарда ұлттық мүддеден гөрі әкімшілік саясаттың басымдығы байқалды.

ХХ ғасыр басында жағдай өзгере бастады. Қазақ қоғамында ұлттық сананың оянуы, ағартушылық ойдың күшеюі дербес, халықтық басылымға деген сұранысты арттырды. Осы кезеңде «Айқап» журналы (1911–1915) жарық көріп, қазақтың әдеби-мәдени ойының мінберіне айналды. Мұхаметжан Сералин басқарған журнал тіл, оқу-ағарту, жер мәселесін көтеріп, ұлттық интеллигенцияны қалыптастыруда айрықша рөл атқарды. Алайда қаржы тапшылығы мен саяси қысым оның ғұмырын қысқартты.

Ал қазақ баспасөзін шын мәнінде жалпыұлттық деңгейге көтерген басылым — 1913 жылы Орынборда жарық көрген «Қазақ» газеті болды.

«Қазақ» газетінің дүниеге келуі

Басылым қазақтың төте жазуымен, яғни араб графикасына негізделген әліпбимен шықты. Бұл әліпбиді Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне бейімдеп, реформалаған болатын. Төте жазудың қолданылуы «Қазақ» газетінің қарапайым халыққа түсінікті болуына, сауат ашу ісінің жандануына және ұлттық жазу мәдениетінің қалыптасуына айрықша ықпал етті.

«Қазақ» газетінің артында Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатұлы бастаған Алаш зиялылары тұрды. Газет ашу идеясы 1905 жылғы Қарқаралы петициясында айқын көрініс тапты. Онда: «Қазақ халқының қазіргі мұқтажын айқындау үшін қазақ тілінде газеттер басып шығару қажет» деп көрсетілді.

Ресми рұқсат Ахмет Байтұрсынұлына 1905 жылғы 9 желтоқсанда берілгенімен, газет тек 1913 жылғы 2 ақпанда ғана жарық көрді. Алғашқы саны Орынбордағы «Кәрімов, Хұсайыновтар» баспаханасында басылды.

Газеттің не үшін «Қазақ» деп аталғанын Ахаң алғашқы санында-ақ түсіндірді:

«Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың аты деп, газетамыздың есімін «Қазақ» қойдық. Ұлт үшін деген істің ұлғаюына күшін қосып, көмектесіп, қызмет ету қазақ баласына міндет… жол ұзақ, ғұмыр қысқа, қолдан келгенше, ғұмыр жеткенше істеп кетелік. Малша оттап, асап ішіп, халық үшін қам қылмай, қарын тойғанына мәз болып, мал өлімінде өлмейік!»

(Ахмет Байтұрсынұлы,

«Қазақ» газеті, 1913 жыл, № 1)

Алғашқы санның мазмұны және бағыт-бағдары

«Қазақ» газетінің алғашқы нөмірінде жарияланған «Құрметті оқушылар!» атты бас мақала басылымның тұғырнамасы іспетті болды.

Онда газет халықтың:

• көзі,

• құлағы,

• һәм тілі болуды өзінің басты міндеті ретінде айқындады.

Ахмет Байтұрсынұлы сол алғашқы санында:

«Жол ұзақ, ғұмыр қысқа, қолдан келгенше, ғұмыр жеткенше істеп кетелік. Малша оттап, қарын тойғанына мәз болып, мал өлімінде өлмейік!» деп, елді сергектікке, қоғамдық жауапкершілікке шақырды.

Алғашқы күннен бастап «Қазақ» бетінде жер мәселесі, оқу-ағарту, тіл, дін, отарлық саясат, шаруашылық, халықаралық жағдай, тарих пен шежіре кеңінен қозғалды. Газет қазақты тек хабардар етіп қана қоймай, ойландырды, талдатты, пікірталасқа тартты.

Ұлттық ойдың мінбері

1913–1918 жылдар аралығында «Қазақ» газетінің 266 саны жарық көрді. Алғаш аптасына бір рет, 1915 жылдан бастап екі рет шығып тұрды. Газетке Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, М.Шоқай, М.Тынышбайұлы, М.Жұмабаев, С. Торайғыров, Х.Досмұхамедұлы сынды ұлт зиялылары тұрақты жазды.

Ахмет Байтұрсынұлы «Оқу жайы» атты мақаласында:

«Бұл күнде оқудың керек екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Кейін қалудың себебі оқудың кемдігінен екендігін көріп тұрмыз. Қазақ биыл 5 тиынға келісіп сатқан нәрсесін келер жылы 10 тиынға қайта сатып алады. Үкімет қазақтың қазақша оқуын тіпті тілемейді, сол үшін қазақша оқуды халыққа тарату өз міндетіміз» деп, ағартушылықты ұлттық дамудың басты шарты ретінде көрсетті.

(«Қазақ», 1913 жыл, № 11).

«…Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын! Балам деп бағып, оқытып, адам қылғаннан кейін, жұртым деп танымаса, сонда өкпелеу жөн ғой. Аталық міндетін атқарып отырған жұрт жоқ, жұртқа борыштымын деп жүрген қазақ баласы жоқ. Баққан — қазына, қазынаға борыштымыз деп жүр. Жастарды оқыту расходынан қашып, қазынаға борышты қылып қойса, жастарда не жазық бар? Баланы ұлша тәрбиелесең, ұл болмақшы. Құлша тәрбиелесең құл болмақшы…»

(Ахмет Байтұрсынұлы. «Оқу жайы». «Қазақ» газеті, 1913 жыл, № 11)

«Қазақ» және Алаш идеясы

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, Бірінші дүниежүзілік соғыс және патша үкіметінің тыл жұмысына алу туралы жарлығы «Қазақ» газетінің негізгі тақырыптарының біріне айналды. Басылым ел ішіндегі ахуалды салмақты түрде талдап, халықты дүрбелеңге емес, ұйымшылдыққа шақырды.

1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін «Қазақ» газеті Алаш қозғалысының саяси үніне айналды. Газет бетінде Алаш партиясының бағдарламасы, Құрылтай жиналысына қатысу, ұлттық автономия мәселелері кеңінен талқыланды.

Әлихан Бөкейхан «Қазақ тарихы» айдарымен жарияланған мақаласында:

«Біздің қазақ өзінің атынан айрылып, қырғыз атанып жүрмекші емес. Қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ» деп, ұлттық атау мен болмысты сақтаудың маңызын айқын көрсетті.

(«Қазақ», 1913 жыл, № 3).

«Қазақ» газеті ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамы үшін жай ғана мерзімді басылым емес, жалпыұлттық саяси ойды қалыптастырған стратегиялық институт қызметін атқарды. Ол халықты ақпараттандырып қана қоймай, елдік мүддені ұғындыруға, ұлттық мақсат жолында әлеуметтік күштерді біріктіруге ұмтылды.

Газет бетінде көтерілген мәселелер мен ұсынылған бағыт-бағдар қазақтың ұлттық тәуелсіздікке ұмтылған саналы күресінің теориялық әрі практикалық негізін қалады. Кеңестік кезеңде «ұлтшыл басылым» ретінде айыпталып, оның айналасындағы зиялылар қудалауға ұшыраса да, «Қазақ» газеті көтерген идеялар тарихи тұрғыдан өз өміршеңдігін дәлелдеді.

Осы тұрғыда «Қазақ» газеті қазақ журналистикасының ғана емес, қазақ мемлекеттілігі мен ұлттық санасының қалыптасуындағы ірі тарихи бастау ретінде бағалануға тиіс. Оның мұрасы бүгінгі ақпарат кеңістігінде де ұлттық мүдде мен қоғамдық жауапкершілік ұстанымдарын айқындайтын маңызды бағдар болып қала береді.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы журналистерді Ұлттық басылым күнімен құттықтады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:124
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Ақпан 2026 21:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Боранды мен Орал вокзалдары жаңартылды

01 Тамыз 2026 14:24see157

Арқа спортының адымы

01 Тамыз 2026 08:53see119

Алматыда заманауи онкологиялық орталық салу жоспарланып отыр

01 Тамыз 2026 11:30see117

Басылымда бас қосқан жастар

01 Тамыз 2026 08:53see116

Семей тұрғыны бұрынғы стадион аумағынан адам сүйектерін тауып алды

01 Тамыз 2026 09:45see114

Астана әуежайы арқылы Гонконг әуе компаниясының тұрақты жүк рейстері іске қосылды

01 Тамыз 2026 19:11see113

Мәскеудегі мейрамханадағы жарылыс теракт деп танылды

02 Тамыз 2026 08:51see110

Бывший аким отдал 4 миллиона мошеннице за нужный ему приговор

02 Тамыз 2026 11:42see106

Теңіздің тылсым бояуы

01 Тамыз 2026 03:34see106

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту: аптап ыстық, найзағай және өрт қаупі күшейді

02 Тамыз 2026 09:50see105

Жағажай футболы: Қазақстан құрамасы Еуролигада Бельгияны жеңді

01 Тамыз 2026 14:43see105

Қапшағайдағы Формула 1 дүбірі

01 Тамыз 2026 03:54see105

Үкіметте Ұлытау облысын дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды

01 Тамыз 2026 20:27see104

ФИФА әлем чемпионатының құқығын сатудан бас тартты

01 Тамыз 2026 14:43see104

Арман перзент арқылы орындалады

01 Тамыз 2026 08:53see103

Ақтөбеде 12 жастағы қызды қағып кеткен электрвелосипед жүргізушісі ұсталды

01 Тамыз 2026 12:53see102

ОПЕК+ ұйымының жеті елі қыркүйекте мұнай өндірісінің шегін арттыруға келісті

02 Тамыз 2026 19:06see102

Пашинян жаңа парламент жұмысын бастағаннан кейін отставкаға кетті

02 Тамыз 2026 13:08see101

65 жастан асқан жүргізушілерге қатысты маңызды өзгеріс: Ішкі істер министрлігі жаңа тәртіпті түсіндірді

01 Тамыз 2026 11:44see100

Мароккодан келген 70 мыңға жуық мигрант Испаниядан кетті

01 Тамыз 2026 14:43see98
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары