Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Дәстүрлі баспасөздің қайта өрлеуі

Дәстүрлі баспасөздің қайта өрлеуі

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Белгілі ағылшын философы әрі мемлекет қайраткері Фрэнсис Бэконға тиесілі мынадай қанатты сөз бар: «Оқу адамды білімді етеді, әңгіме -тапқырлыққа, ал жазып отыру әдеті дәлдікке үйретеді».

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жылдың басында еліміздің ең ықпалды баспа бұқаралық ақпарат құралдарына (Egemen Qazaqstan - 2024, Ана тілі - 2025, Turkistan -2026) берген сұхбаттары арқылы жаңа саяси дәстүрдің негізін қалады. Мемлекет басшысы арнайы сұхбат, мақсатты әңгіме, диалог форматын таңдады. Бұл формат басылымға маңызды ақпарат алуға ғана емес, сонымен қатар бірегей сұхбаттас ретінде Президенттің тұлғасын, оның адами болмысын жан-жақты ашуға мүмкіндік береді.                      

1975 жылдан бастап КСРО Сыртқы істер министрлігіндегі қызметінен бастау алатын жарты ғасырлық мемлекеттік қызмет  бұл өзін-өзі қатаң тәртіпке салу, жауапкершілік пен жүйелілік жылдары болып, Президенттің мінезі мен дүниетанымының қалыптасуына елеулі ықпал етті. Ал алғашқы мамандығы -  қытайтану -  табандылықты, жазбаша сөзге айрықша ұқыптылықты, мәтінмен жұмыс істеуге, соның ішінде Жолдауларды, мақалалар мен хаттарды дайындауға ерекше назар аудару қабілетін қалыптастырды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы оқу мәдениетінің жоғары деңгейі туралы үнемі айтып келеді. Оқу мәдениеті дамыған елдер жаһандық прогрестің алдыңғы шебінде әрдайым болатыны жөніндегі өз ұстанымын ол бұл жолы да “Turkistan” газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлымен болған сұхбатында айқын атап өтті. Сонымен қатар Президент мерзімді баспа бұқаралық ақпарат құралдарының рөліне ерекше тоқталып, олардың басты ерекшеліктері ретінде шолу жасау, талдау, ағартушылық қызмет атқару және дәстүрлі құндылықтарды сақтау миссиясын атап көрсетті. 

Газеттер мен журналдар әрқашан мазмұндық мәні жоғары ақпараттың маңызды көзі болып келді. Бүгінгі таңда Мемлекет басшысы олардың бүкіл әлемде «ренессанс» кезеңіне нақты қадам басқанын орынды атап өтті. Мұны мәдени социология мен медиатұтыну саласындағы беделді сарапшылар жүргізіп, талдаған ғылыми зерттеулердің нәтижелері айқын дәлелдейді. XXI ғасырдың алғашқы онжылдығынан бастап кең таралған пікір бойынша, цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында баспа бұқаралық ақпарат құралдары сөзсіз жойылуға ұшырайды деп есептелді. Газеттер мен журналдардың таралымы күрт төмендеген тұста интернет-платформалар мен әлеуметтік желілер қарқынды түрде дамыды. Дәстүрлі басылымдардың едәуір бөлігі жабылып, не онлайн форматқа көшуге мәжбүр болды. Алайда бүгінде баспа БАҚ-тың құндылығына деген қызығушылықтың артуы олардың «ренессансқа» бет алғанының айқын белгілерін көрсетіп отыр.

Сарапшылардың пікірінше, «баспа өнімінің өлімі» туралы айтылған үрейлі болжамдар асыра айтылған. 2025 жылда жүргізілген арнайы зерттеулер нәьижесінде алынған деректерге сәйкес, цифрлық платформаларды белсенді дамытып отырған ірі медиа-конгломераттардың өзі табысының елеулі бөлігін баспа нөмірлерін сатудан және солардағы жарнамадан алуда. Бұған қоса, әлемде бұрынғы басылымдарды қайта жандандырумен қатар, тәуелсіз баспа жобаларының да өрлеуі байқалады. «Fast Company» зерттеуінің мәліметтері бойынша, АҚШ-та белсенді түрде шығып тұрған тәуелсіз журналдардың саны ондаған мыңға жетеді, ал жыл сайын баспа өнімдерін шығаратын 7000-ға дейін жаңа баспа стартаптары тіркеледі.

Зерттеушілер экрандық ақпараттың шамадан тыс көптігінен зардап шегетін адамдар арасында «цифрлық шаршау» құбылысының байқалатынын атап өтеді. Қазіргі өмірімізде гаджеттердің үздіксіз қолданылуы аясында онлайн ақпараттан ажырап, қолымызға сапалы кітапты, қызықты журналды немесе газеттің жаңа санын алып, оқудан ләззат алуға деген саналы қажеттілік қалыптасты. Мемлекет басшысы да осы жайтқа назар аударды. Жастардың едәуір бөлігінің білім әлемінде өмір сүруді таңдауы қуантарлық құбылыс болып табылады.

Зерттеулер сондай-ақ оқырмандардың елеулі бөлігі мәтінді қағаз форматында оқыған кезде экран арқылы оқуға қарағанда оны тереңірек түсінетінін анықтады. Баспа форматының сенімділікпен ассоциациялануы оның тарихи тұрғыда көпсатылы редакциялық өңдеуден өтуімен және ақпаратты жариялауға қойылатын талаптардың жоғары болуымен байланысты. Ал кез келген блог ақпаратты ешқандай сүзгісіз тарата алады. Жетекші баспа газеттері мен журналдарының ұзақ тарихы мен қалыптасқан беделі олардың жағымды имиджін нығайта түседі. Социологиялық сауалнамалар жалпы алғанда баспаларға деген сенімнің цифрлық медиамен салыстырғанда едәуір жоғары екенін көрсетеді. Әлеуметтік желілер фейк ақпаратқа толы болған жағдайда, адамдар тексерілген газеттер мен журналдарға қайта бет бұрды. The New York Times, The Times және басқа да жетекші газеттерге жазылушылар санының артуы қоғамның сапалы баспа журналистикасы үшін ақы төлеуге дайын екенін айғақтайды.

Баспа бұқаралық ақпарат құралдарын оқу үдерісі баяу, ой елегінен өткізе отырып жүзеге асады, алаңдататын хабарламалар мен жарнаманың болмауы материалды меңгеруге және аудиторияның қанағаттану деңгейіне оң әсер етеді. Сонымен қатар цифрлық дәуір жағдайында баспа БАҚ онлайн кеңістіктің артықшылықтарын пайдалануға ұмтылуда. Табысты басылымдар бір мезгілде баспа форматында да, веб-кеңістікте де, әлеуметтік желілерде де белсенді түрде ұсынылған. Медиа сарапшылардың пікірінше, баспа және цифрлық БАҚ бірін-бірі ығыстырмай, керісінше өзара толықтыра отырып, қатар өмір сүруі тиіс.

Интернет жаңалық тарату жылдамдығы жағынан баспасөзбен бәсекелесе алмайды. Осыған байланысты баспа бұқаралық ақпарат құралдарының стратегиялары үнемі дамып отыруы тиіс: терең талдауға, эксклюзивті сұхбаттарға, авторлық колонкаларға, яғни бір күндік ақпараттық құндылықпен шектелмейтін, мағыналық салмағы жоғары контентке басымдық беруі қажет. Қазіргі уақытта көптеген журналдар, оның ішінде ғылыми басылымдар да, сирек жарық көретін болғанымен, материалдарының көлемі мен сапасы жағынан айтарлықтай артты.

Осылайша, баспа БАҚ-тың «ренессансы» - жаңа шынайылық. Иә, ол баспасөздің бұрынғы гүлдену кезеңінен едәуір өзгеше. Расында да, баспа газеттері мен журналдар бүгінде негізгі жаңалық көзі болып саналмайды, бұл тұрғыда оларды онлайн-басылымдар басып озды. Алайда олардың мәдени тұрғыдағы рөлі мен маңызы терең әрі ықпалды болып қала береді. Олар дәстүрлердің сақтаушысы әрі ұлтты тәрбиелеуші ретінде, жеке адамдар мен тұтас қоғамның саналы таңдау жасауына ықпал етіп, бос ақпараттық ағымнан гөрі мазмұнды өмір сүруге жол ашады. Баспасөздің ренессансы - Дени Дидроның «Адамдар оқуды тоқтатқан кезде ойлауды да тоқтатады» деген сөздерінің ақиқаттығын айқындайтын дәлел.

Зарема ШАУКЕНОВА,

әлеуметтану ғылымдарының докторы, академик,

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері,

Әлеуметтану институтының директоры.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:102
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қаңтар 2026 17:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see144

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see143

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see139

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see133

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see128

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see126

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see125

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see118

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see116

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see116

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see115

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see115

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see114

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see114

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see114

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see113

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see112

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see112

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see112

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары