Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Дәстүрлі өнердің жаңа реңі

Дәстүрлі өнердің жаңа реңі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Ол осыған дейін жасаған бұйымдарын көрме арқылы таныстырды. Көпшілік шебердің жұмысын жоғары бағалайды. Бақтияр Смағұл мәдени кодпен жұмыс істеуін жақында ғана бастаған. Бұған дейін әлеуметтік астары бар, иронияға толы карикатуралық сипаттағы жобаларды жарыққа шығарып жүрген. Бағытын басқа арнаға бұруына қоғамдағы ұжымдық талғамның өзгеруі әсер етіпті. Кейіпкеріміз жасаған туындының бірі – «Омыртқа». Мұнда шебер байырғы дәстүрді тірілтеді. Яғни, қазақ отбасында сәби дүниеге келгенде, қойдың мойын омыртқасын ақтап-тазалап, кереге басына іліп қоятын болған. Осы омыртқалардың санына қарап-ақ, сол шаңырақта қанша бала дүниеге келгенін білуге болатын еді. Қалалық жерде бұл үрдіс түгел дерлік жойылған десе де болады. Бірақ бірде ауылға жолы түскен Бақтияр қаз-қатар тізілген омыртқалардың тұтас бір шоғырын, бір-біріне жалғасқан отыз сәбидің дүниеге келу тарихын баяндайтын «омыртқалар жартасын» көреді. Дәл осы көрініс оның жаңа жобасының негізгі өзегіне айналды. Сүйектен тұрғызылған бұл «жартас» тасқа айналған шежіре іспетті, ол біздің жадымыздың көзбен көруге болатын айқын бейнесін кейіптейді.

Әр бұйымның жасалу тарихы бар. Сондай дүниелердің жалғасы ретінде көпке таныстырылған – сүйектен тұрғызған киіз үй. Мұны көшпелі тұрмыс логикасының заңды жалғасы десек те болады. Өмір салты тазалық пен жинақылыққа (аскетизмге) негізделген көшпенді халық өзімен бірге тек ең қажетті, жеңіл дүниелерді ғана алып жүрген. Осы орайда күнделікті астан қалған, керексіз саналатын сүйек киіз үй жасау үшін мықты әрі ыңғайлы құрылыс материалына айналған. 

– Сүйектен туынды жасауды былтырдан бастадым. Өйткені қызығушылығым осы бағытқа қарай ауды. Біздің бабаларымыз көшпенді болған. Сондықтан өздерімен кез келген жерге алып кете алатын, ең қажетті дүниелерді ғана ұстаған. Сондықтан олардың тұрмысында барлық нәрсе, тіпті сүйек те кәдеге жараған. Мен сол кезгі мәдени болмысымызды қазіргі қоғамда да пайдаға асқанын қалаймын. Соның негізінде жасалған көптеген бұйымды көрме арқылы жұртқа таныстырып жүрмін. Жеке көрмемді ұйымдастырып келе жатқаныма биыл 7 жыл болды. Содан бергі уақытта шығармашылық қарқыным үдей түсті. Әсіресе, өткен жыл мен үшін өте жемісті болды. Бір жылдың ішінде алты көрме ұйымдастырдым, оның үшеуі жеке көрмем ретінде өтті. Қазір де жаңа жобалар дайындап жатырмын. Жеті жылдық тәжірибе маған жаңа белестерді бағындыруға сенімділік береді, – дейді ол.

Бақтияр Смағұлдың «Дастархан» инсталляция­сы әлеуметтік желіден-ақ оқырманын бірден баурап алады. Қара барқыт жабылған салтанатты үстел үстінде болаттан шебер қашалған қойдың қаңқасы асқан талғаммен шырақпай ретінде қойылған. Бұл композиция еуропалық этикет ережелеріне сай жабдықталғанымен, оның астарынан терең ұлттық таным менмұндалайды. Табаққа қойылған арнайы карточкаларда қазақтың дәстүрлі табақ тарту мен мүшелеу өнерінің қыр-сыры баяндалған. Осылайша, автор батыстық стиль мен көшпенділердің ас ішу мәдениетін шебер ұштастырып, көрерменге ерекше әсер сыйлайды. Кейіпкеріміздің «Ашаршылық» («Голод») туындысы да бар. Бұл жұмыс әлемге әйгілі поляк плакат мектебінің дәстүріне құрмет ретінде жасалған. Қолөнер шеберінің бұл туындысы халқымыздың басынан өткен нәубет туралы артық пафоссыз-ақ, жадымыздың ең түкпіріндегі ауыр естеліктерді жаңғыртады.

Сүйек ұқсату шеберінің тағы бір қыры – сән­дік-қолданбалы өнердің заманауи интер­претациясын жасауы. Ол керамиканы тілге тиек ете отырып, қазақ мәдениеті үшін тың бағытты ұсынады. Біздің дәстүрлі ою-өрнегімізде аң-құс (зооморфтық) бейнелері көп болғанымен, жәндіктер әлемі дерлік кездеспейтін. Бахтияр дәл осы олқылықтың орнын толтырып, құмырсқа мен көбелекті өнер объектісіне айналдырған. Автор үшін құмырсқа – ерекше тотемдік бейне: үнсіз ғана тынымсыз еңбек етіп, әлемді ұсақ бөлшектерден құрайтын тіршілік иесі. Бұл микроскопиялық детальдар біртіндеп жаңа қазақы визуалды болмысқа, жұмсақ әрі құбылмалы ою-өрнектерге ұласады. Ал керамика мен сурет өнерінің тоғысуынан туған көбелек бейнесі көлемді мүсін мен жазық кескіндеменің арасын жалғап тұрған «алтын көпір» іспетті. 

– Мен түрлі материалмен, соның ішінде керамикамен жұмыс істегенді ұнатамын. Сонымен қатар кескіндемемен айналысып, графикалық туындылар дайындаймын. Өз жұмыстарымда мен сүйек бейнесін қазақтың дәстүрлі ою-өрнектерімен астарластырып, жаңа бір қабаттар түземін. Халқымызда, әсіресе, зооморфтық және өсімдік тектес өрнектер кең тараған. Осы өрнектердің мағыналық жіктелуі мен иерархиясына деген қызығушылық соңғы бірнеше жылда ғана қайта жандана бастады. Меніңше, төл ою-өрнегіміз бен сүйек бейнесін тоғыстырудың символдық мәні зор. Себебі бұл екеуі – мен үшін мәдениетіміздің ең негізгі екі құрамдас бөлігі. Өз шығармашылығымда осы екі құндылықты біріктіру арқылы ортақ бір үндестік іздеймін, – дейді кейіпкеріміз.

Бақтиярдың пайымдауынша, бүгінде қазақ мәдениетінің көптеген нышаны тым асқақтатылып, «киелі» дүниеге айналып кеткен. Біз жәдігерлерді тек шыны қаптаманың артынан тамашалауға үйреніп, олардың тірі рухынан ажырап қалғандаймыз. Бүгінде сүйектен жасалған бұйымдар ел ішінде сирек кездесетін таңсық дүниеге айналды. Кейіпкеріміздің айтуынша, қазіргі нарықта киіз, ағаш немесе теріден жасалған тұрмыстық заттар жетіп артылғанымен, ежелгі сүйек ұқсату өнерінің ұмытылып, қолданыстан шығып бара жатқаны өкінішті-ақ. Бахтиярдың айтқысы келетіні – көбіне біз байқай бермейтін, бірақ соның арқасында өсіп-өркендеп келе жатқан шынайы болмысымыз туралы ой.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Наурыз 2026 05:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see129

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see127

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see126

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see123

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see122

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see121

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see119

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see119

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see119

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see118

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see117

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see116

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see116

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see116

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see116

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see114

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see114

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see113

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see112

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары