Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Заманауи өнердің заңғары

Заманауи өнердің заңғары

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Іс-шараға еліміздегі талантты жандардың жұмысынан бөлек, әлем деңгейіндегі суретшілердің өнер туындысы қойылады. Оған қоса, пікірталас алаңы, шеберлік сағаты мен арнайы әлеуметтік жобаның да куәсі боласыз. 

Жөні бөлек жоба

Astana Art Fair мәдени бастамасы креативті экономика мен арт-нарықты дамытуға, сондай-ақ жастардың жаһандық идеямен танысуына жағдай жасайды. Тәжірибе алмасуға таптырмас алаң екені тағы бар. Биыл көрмені қала әкімдігінің қолдауымен Urpaq бірлестігі ұйымдастырған. Іс-шара «Болашақтың тамырлары» /Future Roots/ «Корни будущего» тақырыбында өтеді. Жобаның бастамашысы Urpaq қоры 2024 жылы Қазақстандағы заманауи өнерді, мәдениетті және білім беруді жүйелі қолдау, сондай-ақ елімізді халықаралық мәдени кеңістікке интеграциялау мақсатында құрылған.

Тақырып жаңа мәдени импульс беретін, болашақтың бастауына айналар идея төңірегінде топтасуды үндейді. Айталық, мұндай мәдени шаралар көбейсе, Астана жергілікті және жаһандық бастамалардың жаңа мәдени хабына айналуы мүмкін. 

Галереяға қатысушылар қатарында Орталық Азия, Ресей және Қытай елінің танымал ав­тор­лары мен жаңа есімдері бар. Олар са­рап­шылар таңдаған 200-ден астам өнер туын­дысын ұсынады. Оның ішінде кескіндеме, ин­сталляция, NFT және арт-видеолар бар.

Валерия Ибраева, Нелли Шиврина, Юлия Сорокина, Әсел Ахметжанова, Christianna Bonin, Нормурод Негматов сияқты майталман сарапшылар дәріс оқиды. Балалар да, ересектер де керегін табар бағдарлама түзілгені тағы бар. Сондай-ақ британдық жоғары дизайн мектебінің оқытушысы Галина Кобзеваның эксперименттік акварель кескіндемесі бойынша воркшоптар сериясы өтеді. Анвар Мүсірепов, Ардақ Мұқанова, Мансұр Смағамбетов, На­талья Андакулова, Валентина Кузина, Анастасия Волкова, Альбина Закируллина және басқасының қатысуымен паблик және артист-толк, яғни шығармашылық кездесу ұйымдастырылады. 

Іс-шарада инклюзия тақырыбына ерекше назар аударылған. Мүмкіндігі шектеулі келушілерге, сондай-ақ есту және көру қабілеті бұзылған қонақтарға жағдай жасалады. 

– Astana Art Fair – коллекционерлердің, жас және танымал суретшілердің кездесіп, көзқарасы мен танымын таныстырып, жұмысын халықаралық алаңда ұсына алатын және кәсіби байланыс орнатуына мүмкіндік беретін платформа болады деген үміттенеміз. Жалпы, жұртшылық үшін аталған іс-шара заманауи өнер әлемімен жақынырақ танысуға, жаңа есімдерді естіп, өзіңізге ұнайтын туындыны сатып алуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Жастарға таптырмас мүмкіндік

Мысалы, Батыс Қазақстаннан келген мәдени продюсер әрі куратор Әсел Ахметжанова «Куратор болу нені білдіреді?» атты дәріс өткізеді. Кездесуде қазір куратор сөзінің ауқымы кең екенін, жай ғана көрме ұйымдастырушы емес, мағына мен контекст қалыптастыратын, тақырыпқа жан бітіре алатын тұлға екеніне тоқталады. Тәжірибесі жайында айтып, зерттеу жұмысы туралы ой өрбітеді. 

Одан бөлек, профессор Ғайни Мұхтарова­ның «Қоянды жәрмеңкесінің мәдени мұрасы» туралы дәрісі бар. Қазақстан суретшілер одағының мүшесі 1848-1928 жылдар аралығында өткен бұл жәрмеңке сауда ғана емес, өнер мен мәдениеттің нағыз мерекесіне айналғанын баяндайды. Оның айтуынша, мұнда атақты сал-серілер, палуандар, шеберлер мен өнерпаздар бас қосқан. Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Жаяу Мұса, Естай, Мәдидей дара тұлғалар өз өнерін паш еткен. Сол үшін дәрісте Қоянды жәрмеңкесінің мәдени маңызына, онда өнер көрсеткен тұлғалар тарихына, жәрменкенің қазақ өнері мен дәстүріне ықпалы жайында білесіз. 

Қызығы сол, Independent Voices бөлімінде тәуелсіз суретшілер жұмысына ден қойылады. Көрмеде 29 жаңа есім жұмысын таныстырып, еркін көсіледі. 

– 2017 жылдан бері біз заманауи өнерді да­мыту мен арт-менеджмент бағытында жұ­мыс істеп келеміз. Отандық және шетелдік сурет­шілердің қатысуымен көрме, арт-фестиваль мен өзге де іс-шара ұйымдастырамыз. Сонымен қатар ауқымды әрі халықаралық жобаны жүзеге асырып, кеңес беру қызметін де ұсынамыз. Бұған дейін қазақстандық және халықаралық заманауи елуге жуық көрме, танымдық бағытта жүздем астам іс-шара өткіздік. Ауқымды инсталляция мен қаладағы муралдарды қоса алғанда паблик-арт жобасы іске асырылды. 2022 жылы наурызда Дубай қаласында Әділ Әубәкіровтың жеке көрмесі өтті. Мұны баспасөз БАӘ-дегі жылдың үздік бес көрмесі қатарына енгізді, – деді TSE Atr Destination өкілі. 

Айбике ЖАНАСЫЛ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2025 05:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары