Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Қазақ өнеріне құрмет көрсетті

Қазақ өнеріне құрмет көрсетті

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Кейінгі жиырмажылдықта қазақ өнеріне жастығымен жалындап, жанартаудай жарқылдап енген елордалық Жастар театрының шығармашылық мүмкіндігін бүгінде елімізді айтпағанда, алыс-жақын шетел мойындап үлгерген. Халықаралық театр фестивальдары арқылы ұлттық өнерімізді жаһанға әйгілеп жүрген талантты труппа жақында өзбек еліне өнер сапарымен барып, бауырлас мемлекет көрермендерінің қошеметіне бөленіп қайтты.

Өзбекстанның Ташкент, Самарқанд, Қаттықоған қалаларын Ғабит Мүсіреповтің «Қыз Жібек», Уильям Шекспирдің «Асауға тұсау», Талаптан Ахметжанның «Тап­тым. Ғашық болдым. Жоғалттым», Ермек Аманшаевтың «Мың бір түн», Нұрқанат Жақыпбайдың «Жанарымдағы жалғыз әуен» қойылымдарымен аралаған театр ұжымының өнерін өзбек жұртшылығы ыстық ықыласпен қарсы алды.

Гастрольдік сапардың шы­мылдығы Ташкент төрінде Ғабит Мүсіреповтің «Қыз Жібек» мюзиклімен ашылып, «Жана­рымдағы жал­ғыз әуен», «Асауға тұсау» қойы­лымдарымен жал­ғасты. Бір-біріне ұқсамайтын үш түрлі жанр, үш бөлек бағыттағы спектакльдердің өн бойындағы өзгешелікке, ай­рықша өнер өр­нектеріне Таш­кенттің талғампаз көрермені тәнті болды.

Табиғатынан эстет режиссер Нұрқанат Жақыпбайдың Өзбекстан сапарын «Қыз Жібектен» бастауы тегін емес. Себебі бұл қойылымда ұлтымыздың бар­лық құн­дылығы көрсетілген. Евгений Бру­си­ловскийдің заманауи үнде жаңаша өңделген классикалық музыкасы көрер­менін формалық, идеялық һәм көркем­дік ерекшелігімен баурайды. Қазақ­тың байырғы салты – бастаңғы стилінде өрбитін мюзиклде негізінен жастар­дың сыры мен мұңы, арманы мен мұраты, ең бастысы, кіршіксіз махаббаты алға шығады. Ғажайып музыка тілі арқылы сезім күйін шертер қойылым көрерменін бейжай қалдырмайды. Әсіресе Жібек рө­ліндегі – Назерке Серікболова, Төлеген – Мейірғат Амангелдин, Дүрия – Шех­наза Қызыханова, Бе­кежан – Бекжан Керім­баев, Шеге – Жандәулет Батайдың шынайы ойыны мен актерлік ішкі органикасы, вокалдық мүмкіндігі өзбекстандық театрсүйер қауымға естен кетпес әсер сыйлағаны анық. Оған қойылым соңынан толассыз айтылып жатқан көрерменнің риясыз лебізі арқылы көз жеткізуге болады. Әсіресе ана тілінінің әуезді үнімен өріліп, ұлттық құндылықтар ұлықталатын қойылымдарға шөл­деген қандастар үшін қазақ театрының келуі үлкен жаңалық һәм рухани мереке болғаны сөзсіз. Өзбек астанасынан бөлек, Ташкент маңайындағы ­аудан, ауылдардан жиналаған жұрт Жастар театры қойылымдарын жібермей тамашалап, ұлттық өнерімізге құрмет көрсет­ті. Әртістерді толассыз соғылған шапалақ үнімен шабыттандырды.

«Біз жиырма бес адам болып жиналып «қазақ жерінен театр келді» дегенді естіп, Ташкент іргесіндегі ауылдан арнайы келдік. Қазақ театрлары көптен бері Өзбекстанға гастрольдік сапармен келмеп еді, Астана қаласы Жастар театрының Ташкент төрінде өнер көрсетуі – біз үшін шын мәнінде үлкен жаңалық, тамаша бір рухани мереке болғаны анық. Қазақстанда, атамекенімізде осындай тамаша театрдың бары қуантты. Кеудемізді мақтаныш сезімі кернеп тұр. Әсіресе «Қыз Жібек» қойылымын тамашалап болғаннан кейінгі әсерді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ұлттық салт-дәстүр, ана тіліміздің әуезді үнін естіп айрықша қанаттандық. «Асауға тұсау», «Жанарымдағы жалғыз әуен» қойылымдары да театрдың жаңашыл мүмкіндіктерін то­лықтай паш етті деп ойлаймын. Әртістердің мүмкіндігі зор екен. Жастар театрының жастық жалыны бойымызға қан жүгіртіп, рухани әлемімізді бір төңкеріп тастағаны анық», деді қойылым­нан кейінгі әсерін шабыттана әңгі­ме­леген Сардор Шухратұлы есімді көрермен.

Жастар театрының Ташкенттегі қойы­­лымдарын өзбек өнерінің белгілі тұлғалары, зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері де тамашалап, қазақ театрының ізденісіне жоғары баға берді. Алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеу ұсыныстарын да жарыса жеткізіп жатты. Сондай қалам­гердің бірі Өзбекстанның халық ақыны, драматург Усмон Азим де спектакльдердің көркемдік деңгейіне тәнті болып, астаналық театр ұжымымен ортақ шығарма­шылық жұмыстар атқаруға ниетті екендігін айтты.

«Жастар театры­ның қойы­лым­дары шын мәнінде көңіл түк­­піріне құйыл­ған нұр секілді жа­нымыз­ды жадыратты. Өнер деген сондай болуы керек, меніңше. Жан дүниеңді әлемтапырық күйге түсіріп, ішіңде катарсис жүргізсе, міне, нағыз өнер сол. Сол тазалықты да, талантты да Жастар театры ұжымы бізге көрсете білді. Сахнадан саф сұлу өнер көрдік. Әртістерінің пластикасы қандай! Режиссер Нұрқа­нат Жақыпбайдың әр қойылымы бір-біріне ұқсамайтын дара қол­таңбасымен көңілге құрмет орнықтырды. Мен ғана емес, ұжым өнерін тамашалаған әр көрерменнің көңіл түкпірінде сондай әдемі әсер қалды ғой деп ойлаймын. Бұл театрды Ташкент төрінен тағы да көргіміз келеді, күтеміз. «Таң ататын өлке» деген пьесам бар. Сол драмамды дәл осы театрдың сахнасынан көргім келеді. Себебі Жас­тар театрының мүмкіндігі, бағы­ты пьесаның табиғатын дөп басатындай. Алда бірлесе жұмыс істеп, шығармашылық байланыс орнатып жатсақ, өте қуа­нышты ­бо­лар едім. Бұл екі ел арасындағы мә­дени-рухани байланыс­ты да нағайта түсері сөз­сіз», деп ағынан жарыла әріп­­тес­тік лебізін жеткізді драматург Усмон Азим.

Ташкент халқының көл-көсір көңілін арқалаған ұжымды әрі қарай Самарқанд сахнасы мен Қаттықорған көрермендері де зор құрметпен қарсы алды. Әр қаладағы қойылымның қай-қайсысынада ине шаншар орын қалдырмай жиналған халық­тың ықылас-қошеметі екі ел арасындағы мәдени, рухани дос­тықтың белгісіндей шығар­машы­лық ұжымның шабытына шабыт үстеді.

«Өзбек елінен үлкен әсермен оралдық. Әсіресе сол жақтағы қандастарымыздың ықыласы ерекше болды. Ұлттық өнерге, қазақы ән мен құндылықтарға, ең бастысы ана тіліне деген құр­меттері айрықша екен. Соны көріп көңіл толқыды. Тағы да гастрольдік сапармен келуімізді сұрап жатыр. Сәті түссе алдағы жылдары да осындай жарқын жүздесулерге ұйытқы болғы­мыз келеді. Ол кезде тек Ташкент, Самарқандпен шектелмей, әрі қарай Қарақалпақстандағы аға­йын­дармен де кездессек дей­міз. Осы арқылы екі мемлекет арасындағы мәдени байланысты нығайтып қана қоймай, қазақ өнерінің де аясын кеңейтеміз деп ойлаймын. Театр­дың көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері ретіндегі негізгі мақсатым да сол. Ұлттық өнері­міз арқылы өзгелер ұлтымызды ұлық­­тап, құрмет­теп жатса, нағыз бақыт сол емес пе?», деп ре­жиссер, Қазақстан­ның ­еңбек сіңірген қайраткері, Мем­ле­кет­тік сыйлық­тың лауреаты ­Нұрқанат Жақып­бай сапар туралы әсер­лене әңгімеледі.

Иә, өнер әлеміне өзгеше өрнегімен келген Жастар театры­ның әу бастағы мақсаты да, мұраты да, режиссер айтып өт­кендей, сахнада тек сұлу өнер тудыру емес, сол арқылы қазақ өнерінің аясын кеңейту, ұлтқа деген құрметті арттыру. Бұған дейін де әлемнің түкпір-түкпірін аралап, жарқын қойылымдарымен жаһан жанарын жаулап жүрген Жастар театры­ның өзбек еліне жасаған өнер сапары да өзіндік өрнек өнегесімен осылайша тарих қойнауына енді. Ал сапар барысын­дағы алған әсерлер мен көңіл түкпірінде таспаланған ес­теліктер тамаша өнер оқиғасына куә болған екі ел өнерпаздары мен көрермендерінің есінде ұзақ уақытқа сақталары сөзсіз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:191
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қараша 2025 12:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары