Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Қазақстан АҚШ: маңызды салалардағы ынтымақтастық талқыланды

Қазақстан АҚШ: маңызды салалардағы ынтымақтастық талқыланды

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Вашингтонға сапары аясында АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің кең ауқымын, оның ішінде саяси және экономикалық өзара іс-қимылды, сауда мен инвестицияларды дамыту, энергетика және аса маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

Сондай-ақ олар өңірлік және жаһандық қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасты. Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға бейілділігін растады. Бейбітшілік кеңесін құру жөніндегі американдық бастамаға және осы форматқа Қазақстанның құрылтайшы ел ретінде қатысуына ерекше назар аударылды. Бұған қоса осы жылы желтоқсанда Майами қаласында өтетін G20 саммитіне Қазақстанның қатысуына дайындық мәселелері сөз болды.

Министр елдің энергия ресурстары мен аса маңызды минералдардың жаһандық жеткізу тізбектерінің тұрақты­лығын қамтамасыз етудегі стра­те­гиялық рөлін атап өтіп, бұл саладағы ынтымақтастықты АҚШ-пен өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарының бірі ретінде көрсетті.

Өз кезегінде, АҚШ дипломаты Қазақстанды Орталық Азиядағы және халықаралық аренадағы сенімді серіктес ретінде атап өтіп, алдағы байланыстар екіжақты қаты­настар мен практикалық ынты­мақтастықты дамытуға қосымша серпін беретініне сенім білдірді.

Келіссөздер барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтонға сапары мен «С5+1» саммитінің қорытындысы бойынша шамамен 17 млрд АҚШ долларын құрайтын бұрын қол жеткізіл­ген келісімдер мен инвести­циялық жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Кездесу қорытындысын­да тараптар қолданыстағы ынтымақтастық форматтары аясында, сондай-ақ жаңа тетіктер мен бастамаларды іске қосу арқылы екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға уағдаласты.

Бұған қоса Сыртқы істер министрі АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың шақыруымен алғашқы маңыз­ды минералдар жөніндегі конференцияға қатысты.

50-ден астам елдің өкілдері мен қазақстандық тау-кен компания­ларының басшылары қатысқан іс-шарада АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс сөз сөйледі.

Іс-шара барысында маңыз­ды пайдалы қазбалардың жаһандық жеткізу тізбектерін әртараптандыру және нығайту, сондай-ақ оларды өндіру, өңдеу және логистика салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

Отырыстың шеңберінде Е.Көшербаев қатысушылар­ды маңызды минералдар сала­сындағы Қазақстанның әлеуеті және елдің сенімді әрі тұрақты жаһандық жеткізу тізбектерін қалыптастыруға прак­тикалық үлес қосуға дайын­­дығы туралы айтты. Ол Қазақ­станның минералдық-шикізат­тық ресурстарының ауқымды қорына, оларды өңдеу бойынша дамыған өнеркәсіптік базасына, заманауи инфрақұрылымына, тұрақты саяси жүйесіне және болжамды реттеуші ортаға ие екенін тілге тиек етті.

Қазақстан Геологиялық қыз­метінің (USGS) тізбесіне енгізіл­ген 60 маңызды минерал­дың 20-сы бойынша дайын өнім түрінде жеткізілімдерді қамтамасыз етуге қабілетті екені аталып өтті. Бұл өнімдер әлемдік экономика­ның стратегиялық салаларында жоғары сұранысқа ие.

Қазақстан мен АҚШ арасын­да маңызды минералдар сала­сын­дағы ынтымақтастық тура­­лы меморандумды іске асыру­ға ерекше назар аударылды. Атал­ған құжат Мемлекет басшысы­ның 2025 жылғы қарашада Вашинг­тонға жасаған сапа­рының қоры­тындысы бойын­ша қол қойылған және Орта­лық Азиядағы осындай формат­тағы алғашқы келісім саналады. Меморандум Қазақстан аумағында өңдеу қуаттарын дамыту, технологиялар трансферті және қазақстандық өнімнің АҚШ нарығына қолжетімділігін кеңейтуді көздейді.

Конференцияға G7 елдері мен Pax Silica бастамасына қаты­су­шы мемлекеттердің сыртқы сая­си ведомстволары мен сала­лық құрылымдарының 30-дан ас­там басшысы, сондай-ақ жетек­­ші халықаралық ком­па­ния­­лар­дың өкілдері қатысты. 

Соңғы жаңалықтар

Астанада жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесу өтті

Ата заң • Кеше

Петропавлда «Тұқым күні – 2026» халықаралық конференциясы өтті

Аймақтар • Кеше

Жезқазғанда жастар арасында зиянды әрекеттердің алдын алу шарасы өтті

Аймақтар • Кеше

Ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды

Ауа райы • Кеше

Аяз, боран, көктайғақ: Еліміздің 16 өңірінде ескерту жарияланды

Ауа райы • Кеше

Темір ауданында мүгедек балаларға арналған емдеу-оңалту орталығы ашылды

Аймақтар • Кеше

2029 жылғы Қысқы Азия ойындары Алматы қаласында өтеді

Спорт • Кеше

Нұртай Сабильянов: Теңге Конституцияда қорғалуға тиіс

Ата заң • Кеше

Қазақстан-Монако матчы басталар алдында Александр Бублик қазақы дәстүрмен бүлдіршіннің тұсауын кесті

Спорт • Кеше

Ерлан Қарин: Қолданыстағы Ата заңның көптеген тұстарын бірнеше рет қайталап оқысаңыз да, түсінбейсіз

Ата заң • Кеше

Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

Ата заң • Кеше

Үнзила Шапақ: Әйелдердің үні Конституциялық комиссия жұмысында толыққанды естіледі

Ата заң • Кеше

Жаңа Конституция – халық талқысында

Ата заң • Кеше

Қазақстан Халық партиясы өңірлерде жаңа Конституция жобасын түсіндіру жұмыстары өткізді

Ата заң • Кеше

Президент Азия-Тынық мұхиты өңірлік конвенциясын ратификациялау туралы заңға қол қойды

Президент • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:305
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Ақпан 2026 07:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары